Оңтүстіктің бір жігітіне қыдыр кездесіп қалыпты. Жігіт қыдырға ұнаса керек — «қалаған тілегіңді орындайын» депті. Жігіттің көлігі жоқ екен. «Көлік бер, бірақ, бензинсіз жүретін болсын» — депті. Қыдыр: «жарайды, саған бір сөз айтқанда жүретін, бір сөз айтқанда тоқтайтын көлік берейін. Қай сөзді айтқанда жүрсін, қай сөзді айтқанда тоқтасын?» деп сұрапты. Жігіттің күнделікті қолданатын сөзі «шешең» екен. «Шешең» дегенде жүрсін, «әкең» дегенде тоқтатасын, — депті.
Жігіт қыдыр берген көлігімен айдап жүріп келе жатыпты. Көлік жылдмадық қосқан сайын жаны кіріп, үсті-үстіне «Шешең! Шешең!» деп жылдамдықты үдете түсіпті. Бір мезет қараса, алдында — тік құлама жар. Жігіт көлікті тоқтататын сөзді ұмытып....
Бір бала тарих сабағының емтиханынан 2 деген баға алып шығыпты, сонда қасындағы досы оған ұрысып жатыр екен: - ей, акымак не деген мисызсын? - не болды?...
Баяғыда жұрттын алдында бір молда осырып койып, ел ішінде әңгіме болып кеткен соң ауылдан көшіп кетіпті. Содан он жыл өтеді. Бір күні молда кемпіріне "Ауылдан кеткелі 10 жылдан асты, елді, жұртты сағындым. Туған жерге барып аунап кайтайын" деп ауылына кетеді. Келсе, ауылдың шетінде он шақты кішкентай балалар ойнап жүр. Шал біреуіне жақындап келіп......
Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы - 361 млн км,Мұхит суының басты қасиеті-температурасы мен тұздылығы.Терендеген сайын суының температурасы төмендей түседі: 3000-4000 м,аралығында +2°-0°. Дүниежүзілік мұхит суының құрамы: суда еритін тұздар, газдар, органикалык және ерімейтін т.б. заттар.1 литр мұхит суындағы тұздың мөлшері судың тұздылығы деп аталады. Ол промилле арқылы өлшенеді. Мұхит суының орташа тұздылығы-35 0/о.Дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық. Қызыл теңізде, 41"/ю.Мұхит суынын беткі температурасы полюстерге қарай төмендей түседі.Дүниежүзілік мұхит мұздықтары бір жылдық, көп жылдык, қалкыма (айсберг) больш бөлінеді. Мұхит пен материк арасындагы өзара байланыс - муссондар болып табылады.Мұхиттың белгілі бір бөліктерін ашып жатқан зор көлемді суды - су массалары деп атайды. Су массалары: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық болып бөлінеді. Мұхит пен материк арасындағы жылу мен ылғал айналасында беткі ағыстар пайда болады. Мұхиттык ағыстар: Солтүстік пассат ағысы, Гольфетрим,-Солтүстік Атлант ағысы, Канар суық ағысы. Бразилия ағысы, Батыс желдер ағысы, Бенгал ағысы.....
"Қиын" оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психологиялық-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім Мұның өөі "қиын оқушылар" санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда "қиын оқушыларға" көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан "қиын оқушыларды" ерте жастан - бастауыш кезеңнен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. "Қиын оқушыларды" тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі өте зор. Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі. Бұл мақсаттың нәтижелі жүзеге асуы үшін Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиенің мазмұнын жаңарту мәселесі алға қойылып, халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру көзделіп отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, имандылық, инабаттылық, мейірімділік, кішіпейілділік, ата-мекеніне, еліне деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушылардың ішінде ерекше категория болып табылатын "қиын оқушыларға" адамгершілік тәрбие берудің формаларын, әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндетті жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі. Құндылық проблемасы өмірдің өзінен алынған. Табиғат пен-қоғам құбылыстарына құндылық тұрғысынан қарау адам өмірінің негізі болып табылады. Құндылық қатынас адам мен қоғам өмірінде қажетті, жалпыға ортақ және мәңгілік фактор болып табылады. ....
Топырақ- табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. Бір кездерде жер беті қазіргі ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз тып-типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгілу құбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле алмайды. Топырақтың Түзілу үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание) деп атайды. Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзілуден бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады. Бұл құбылысқа табиғат күштерінің әсіресе температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың әсері ерекше. Тау жыныстарының үгілуінің физикалық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Физикалық жолмен үгілу деп – тау жыныстарының химиялық құрамы өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге негізгі күштер – температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің қарапайым мысалын келтірейік. Мәселен, әр түрлі әсерінен тау жынысынын әрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиі-жиі жауған жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқындары болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті ірі-ірі тастар да допша домалайды. Бір Біріне соғылған тастар жаңғақша шағылып, майда жыныстарға айналады. Химиялық үгілу – тау жыныстары құрамындағы әр түрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр жерлерге түрліше шөгеді. Физикалық және химиялық үгілу процестері, әдетте, қосарласа жүреді. Бұлардың өту жылдамдығы табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей байланысты. Алайда, әр аймақтың клмат жағдайларына қарай оның бір түрі екіншісіне қарағанда басым болады. Мысалы, ылғалы мол, әрі күні жылы тропиктерде химиялық үгілу құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы аса суық тундра немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физикалық үгілу құбылыстары басымырақ жүреді.....
Ұлыбритания¬¬-парламентарлық монархия. Ұлыбританияның бір тұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық актілерге: парламент заңдары, сот прецеденті, келісімдер мен әділеттік право салалары жатады. Мемлекеттік басшысы- король (королева). Корольдік билік-өмір бақи және атадан балаға қалатын мұра. Король атқару өкіметтің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы болып саналады, мемлекеттік англикан шіркеуін және Ұлыбритания елдері бірлестігін басқарады. Король билігі тек қағаз жүзінде ғана. Іс жүзінде корольдің билігі мен өктемдігі бүтіндей үкіметтің министрлер кабинетінің қолында. Ұлыбританияның заң шығаратын өкіметі- екі палаталы парламент (құрамында король, лордтар палатасы және қауымдық палата). Екінші дүниежүзілік соғыстан жеңімпаз болып шыққанмен де, Ұлыбританияның экономикалық және саяси позициясы едәуір әлсіреді. Адам шығыны Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда аз болды, бірақ материалдық шығындары бірнеше миллиард фунт стерлингке жетті. Ол АҚШ-ка ұзақ уақыт бойы экономикалық және саяси тәуелді болып қалды. Ұлыбритания өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны жөнінен жетекші капиталисттік елдерден көп кейін қалды. Бұл жылдардағы жағдайды Ұлыбританияның соғыс жылдарындағы премьер-министрі У.Черчиль «Триумф және қасірет» деп атады. 50 жылдардың соңында ГФР, ал 60 жылдардың соңында Жапония өнеркәсіп өнімін өндіру дәрежесі жөнінен Ұлыбританияны басып озып, оны капиталисттік дүниеде 4-орынға ығыстырды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін империалзмнің, оның ішінде Британ империясының отарлық жүйесі күйрей бастады. Ұлт- азаттық қозғалысының мықтап өрлеуіне байланысты Британ империалистері Үндістанға тәуелсіздік беруге (1947) мәжбүр болды, бірақ елді діни наным бойынша екіге бөлінді. Бирма мен Цейлон (Шри Ланка) егемендік алды (1948). Езілген халықтардың күресі Ұлыбританияны отар елдерінің бәріне дерлік тәуелсіздік беруге мәжбүр етті. Отарлық империяның ыдырауы ағылшын империализмін күрт әлсіретті, бірақ Ұлыбритания көптеген бұрынғы иеліктерінде едәуір экономикалық және саяси позицияны сақтап қалды. Ұлт-азаттық қозғалысына қарсы күресу мақсатымен Ұлыбритания агрессиялық блоктарын ұйымдастыра бастады. Таяу Шығыс пен Африкадағы отарлық позицияны нығайту үшін Ұлыбритания 1956 жылы Франция және Израильмен бірге Египетке қарсы қарулы шабуылы жасады. Совет Одағының, басқа да социалисттік елдердің Египетті қолдауы және дүние жүзіндегі прогресшіл жұртшылықтың қарсылық білдіруі нәтижесінде Ұлыбритания мен оның одақтастары Египетке қарсы соғысты тоқтатуға мәжбүр болды. ....
Қазақстан өзінің дамуының қиын сәттерін бастан кешірді. Өтіп жатқан жағдайлардың нақтылығын бағалай отырып, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мен оның элементтерінің:білім беру, әлеуметтік қорғау, тұрғын–үй және денсаулығын қорғаумен қамтамасыз етудің мазмұнын ашу өте қиын. Қазіргі кезде журнал, мақала сипатындағы әлеуметтік жұмыстар өте көп, бірақ осы ғылыми пәннің даму тарихын, қалыптасуын және күйін қарастыратын теориялық жұмыстар жаңадан қалыптасып жатыр. Әрине, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың өз тарихы, өз бастауы бар. Шетел және Ресей зерттеушілері әлеуметтік жұмыстардың дүнижүзілік ағымдағы жүз жылдықтағы 90- жылдардың екінші жартысында басталғандығын айтады, бірақ бұл мүлдем дұрыс емес. Әлеуметтік жұмыстар қиын жағдайда қалған адамдарға қолдау көрсету, оларды қорғауға бағытталған іс-әрекет түрі ретінде адамдық қоғам пайда болып, дамыған сәтінен бастап пайда болды.Әр кезеңде кем бағал, мүгедек жандарға көмек, қайырымдылық көрсету, үнемі орын алып отырды. Қазақ халқының салт -дәстүрі, рулық қауым, туыстары жоқ кедей жандардың басқалардан қайыр көмек сұрауына жол бермедi. Ресейде әлеуметтік жұмыстар 19 ғасырдың аяғы 20 ғасырдың басынан бастап қана кәсіби қызмет түрі ретінде қалыптасты. Әлеуметтік қызметкерді- кәсіп, маман ретінде ресми таңып, отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкер лауазымын мемлекеттік ресми құжаттарға енгізу дүниежүзінің әр түрлі елінде әр уақытта іске асырылды. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік -педагогикалық жұмыс осы қызметтің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бұл көбінесе жеке адамдардың кейбір категорияларына материалдық көмек көрсетуге саяды. Сонымен қатар әр елдегі зерттеулер кірістің азаюы мен кедейліктің салдарынан отбасының бұзылу жағдайы ушығып, көбейіп кеткенін көрсетті. Кейде отбасындағы проблемалардың негізгісі –жұмысыздық, отбасы қатынастарының бұзылуы, ажырасулар мен толық емес отбасыларының көбеюі, инцест, нашақорлық, қаржылық күйзелістердің себебі кедейлік деп есептелінеді. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік –педагогикалық жұмыс қоғам, ел ауыр кезеңді бастан өткізіп, отбасының әлеуметтік проблемалары шұғыл көбейіп жатқан кезде айқын көрінеді. Осындай кезде күрделі мәселелерді шешу кезінде отбасының өзінің шамасын белсендіру идеалынан туған отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың бағдары қандай екенін айтуымыз маңызды.....