Зергерлік өнер (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім «Өнер»
Сабақ тақырыбы: Зергерлік өнер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
3.1.1.1. анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау
2.4. Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
3.2.4.1.жоспар сурет, сызба түрінде және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мұғалімнің қолдауымен нұсқауларды орындайды, тірек сөздер арқылы оқиға желісін әңгімелейді
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтін мазмұнын тірек сөздер мен сурет арқылы оқиға желісін мазмұндайды
Оқушылардың кейбірі:
Мәтін мазмұнын мазмұндап, қарапайым нұсқауларды орындай алады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Тарих | Қазақтың зергерлік бұйымдары

Тұмарша (Бойтұмар)
Бұл – ырымдық зат. Оған кез-келген бұйым (ұлутас, сүйек, т. б. ) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға, әмиянға салатын болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен жасаған қалташаға тігеді. Үлкендігі мен пішіні әртүрлі болады. Ол көз тиюден, пәле-жаладан, апаттан қорғайды деп сенген.

Жүзік, сақина
Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған. Олар жасалу түрі мен қолдану ретіне қарай отау жүзік,құс мұрын жүзік, тасбақа жүзік т. б. деп аталған.


Шолпы, шаш теңге
Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады. Тоғыз – қазақ ұғымында киелі сандардың бірі. Олар бір-бірімен ұзыннан ұзақ жалғасып, шаштың ұшына бірге өріледі.

Шашбау
Шашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі. Орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады. Ұшы сәнді шашақпен, күміс әшекейлермен әсемделеді. Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады.....
Рефераттар
Толық

Еліміздегі бай-бағландардың қыздары мен әйелдері қалай көңіл көтереді? (фото)

Қарапайым халық пен бай-бағландардың көңіл көтеруі екі түрлі. Күйбең тіршілік деп жүріп кейде демалудан да құр қалатын халық әр күні ойын-сауыққа айналған бай-бағландардың өміріне қызыға қарайды. Әсіресе, олардың үлде мен бүлдеге оранған қыздары мен әйелдері "ақсүйектер" жиынына ғана барып, өзіндік ортада ғана көңіл көтереді.
Жаңалықтар
Толық