Экономика | Жер заңдылығы және жер салығын төлеу тәртібі

Кіріспе
Барлық деңгейдегі – мемлекеттік, республикалық, жергілікті бюджеттердің қаржылық қамтамасыз етуілуі мемлекеттің әр түрлі кірістері есебінен жүргізіледі. Мемлекеттің кірістерінің негізгі түрі болып бізге белгілідей салықтар табылады, өйткені олар мемлекеттік қазынаға түсетін ақша қаражаттарының көп бөлігін құрайды. Нарық экономикасының барлық елдерінде салық бюджеттің кіріс бөлігінің негізгі қайнар көзі болып табылады. Осыған қоса олар экономикаға мемлекеттің әсер етуші тұтқасы
ретінде болады.
Әлемнің кез-келген мемлекеті көп салық алуға мүдделі, бірақ әр қайсысы тепе-теңдікті қадағалайды, және көп табатын мемлекет бай емес, дұрыс есептейтін мемлекет бай болып саналады.
Кез – келген мемлекеттің нарықтық дамуы салық саясатын әсіресе экономиканың жағымсыз реттеушісі ретінде кеңінен пайдалануды болжайды. Нарыққа көшу жағдайында экономикалық реформалардың негізгі міндеттерінің бірі- әр деңгейдегі бюджеттің ұлғаюы мен жекелеген субъектілердің ықпал етуі және экономикалық жалпы дамуы мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін тиімді салық механизмін қалыптастыру.
Салықтар өздеріне тән ерекше әдістерімен әсер етуді іске асырады. Мемлекет салық мөлшерлемелерін көтеріп, жеңілдіктерді тарылтып болашағы жоқ өндірістердің қызметін шектей алады.
Ал ынталандыруды мысалы: « кері немесе кері қаржыландыру» деп шартты атауға болатын әдісті пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады. Оның мәні салық төлеуші қосымша қаржы ресурстарын сырттан емес, өз меншік табысынан және қаржыларынан алуында.
Қазақстан Республикасының салық саясатын салықтық реттеудің құралы ретінде пайдалану барған сайын ашық саяси және әлеуметтік сипатқа ие болуда. Оның дұрыс және тиімді қызмет етуінен тек экономикалық сипаттағы мәселелер ғана емес, сонымен қатар азаматтардың тыныштықтарының сақталуы, саяси тұрақтылық , мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің нығаюы да тәуелді болады.
Салық реформаларын республика халқының тұрмысын жақсарту перспективалары әсіресе халықтың әлеуметік әлсіз топтарына нарыққа көшу кезеңі кезіндегі қиындықтармен байланысқандай болмасын қақтығыстарды жоятын жағдай жасаумен байланысты.
Мемлеекттің тіршілік етуі оның бюджетерінің кіріс бөлігіне салықтар мен алымдар ретінде түсетін ақша қаражаттарынсыз мүмкін емес. Салық төлеушілер үшін оларды төлеу жауапкершілік қана емес, сонымен қатар ол- қажеттілік. Салық төлеушілер есебінен мемлекет аппараты және оның құрылымы қамтамасыз етіледі, өз кезегінде сол мемлеект өздерінің салық төлеушілерн- мемлеект азаматтарын өркениетті қоғамда белгіленген тәртіп сақтау бойынша көптеген шараларды іске асыру мен қорғауды іске асырады. Қоғамның және мемлекеттің дұрыс қызмет етуіне қажет дін, ғылым, медицина, тәртіп сақтау мен басқа көптеген қызметтер мемлекеттің салық түрінде алатын қаржылары есебінен қаржыландырылады. Нарықтық экономика жағдайында қоғамда болатын әлеуметтік және экономикалық процестерге ықпал ету құралы ретінде мемлеект оларды пайдаланады. Салық туралы неғұрлым көп білу керек, өйткені олармен адам өмірі үзіліссіз байланыста болады. Салықтың шауашылық субъектілері мен жұмыс істеуші халықтардың алғашқы табыстарын мемлекеттің пайдасына объективті қажет екені білімді және заңға бағынушы қоғам мүшесіне ешқандай күмән туғызбайды. Мемлекетке жиналатын қаржылар оның өзінің қызметерін іске асыруға қажет, салықтарды жоюды талап ету қоғамды жоюды талап етуді білдірер еді.
Халықтың меншігіне салынатын салықтар жергілікті, тура нақты салықтарға жатады. Халықтан алынатын салықтарды оқу бізге азаматтарға салық салу салыстырмалы теңеледі деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Олардың біріншісі- әрбір азаматың мемлекеті көтеруге өз табыстарының бөлігін беруге міндетті түрде қатысуы, екіншісі- мемлекеттің халықты белгіленген «бөлінбейтін құндылықтарымен» қамтамасыз етуі. Бұл әдіс тепе-теңдіктің мемлекет тарапынан бұзылуы, азаматтардың салық төлеуге тілегін және өз табыстарын жасыруға алып келеді. Мемлекет өз төлеушілерін қорғауы керек, өйткені оларды ешкіммен ауыстыруға болмайды. Басқаша айтқанда төлеушіні төлеу қабілетінен айыруға болмайды. Мемлеект пен азаматардың арасындағы салық қатынастарында философиялық бірлік заңымен қарым- қатынастар күресі едәуір айқын көрінеді.
Сондықтан мемлеект фикалды қажеттіліктерді қанағатандыру мақсатындағы әрекеттерді міндеті түрде олардың әлеуметтік салдарының болмауына талдау жасауы қажет.
Халықтан алынатын салық ставкаларын көтеру бюджеттің табысын тек бір салық кезеңіне ғана өсіреді, өйткені келесіден оларды төлеу базасы күрт қысқаруы мүмкін. Салықтарды төмендету болса халықтың табысының өсуін ынталандырады, тұтынудуң көбейюіне, тауарлар мен қызметтер өндірісінің өсуіне, және одан кейін барлық салық түсімдерінң ұлғаюына алып келеді.
Тақырыптың маңыздылығы . Жер және жер ресурстары экономикада өз мағынасы бойынша терең тамыр мен үлкен мәнге ие.
Жер кез- келген мемлекеттің негізгі байлығы, ал Қазақстан Республикасы жағдайында ол ерекше орын алады. Жерді ақысыз пайдалану оның ауыл шаруашылығында, өнеркәсіп пен құрылыста тиімсіз пайдаланудың бірден бір себебі болуда.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Заңды тұлғаларды несиелеудi ұйымдастыру

Тақырыптың өзектілігі.
Елiмiздiң нарықтық қатнасқа өту жағдайында несие халық шаруашылығының дамуының негiзгi факторы болып табылады.
Осы орайда экономикалық өсуді қаржыландырудың маңызды факторларының бірі – банктік несиелеудің дамуы екендігін атап өту керек. Әр түрлі экономикалық секторлардағы барлық дерлік кәсіпорындар өз қызметін жандандыру үшін, айналым қаражаттарын және негізгі қорларын толықтыру үшін банктік несиені алады.
Қазіргі кезде елімізде әлемдік өлшемдер бойынша өндірісті несиелеуді көбейтуге өте жақсы жағдайлар бар, бірақ олар шектеулі түрде қолданылады. Бұл экономикадағы құрылымдық қайта құруды тежеп қана қоймай, банктік секторлардың несиелік және валюталық тәуекелдерге ұшырау мүмкіндігін күшейтетін банктік жүйе мен несиелеудің дамуына бірқатар теріс факторлардың әсерімен байланысты. Соңғы жылдары Қазақстанда банктік несиелеудің күрт өсуіне қарамастан, оның ЖІӨ-ге қатынасы әлі де төмен болып отыр.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Жеке тұлғаны қалыптастырудың тәрбиелеудің дамытудың жалпы заңдылықтары

Зертеудің өзектілігі. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі ғылыми және оқу пәні ретінде жетекшілік рөл атқара отырып, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытты анықтайды. Сонымен бірге осы саладағы білім негізінің жүйесін құрайды. Мұғалімнің дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесін жете білуі, оның педагогикалық ойлау жүйесінің дамуының басты шарты. әртүрлі деңгей мен түрлерінде, дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғысынан шешуге, болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруға, кейбір ілімдік және іс-тәжірибелік жаңалыққа сын көзбен қарап қабылдауға, дене тәрбиесі міндеттерін шешуде қосымша өтетін ғылыми пәндердің атқара рөлін дұрыс бағалауға, өзінің педагогикалық шығармашылық негізін жасауда атылып отырған пәннің маңызы зор.
Нақты ғылыми және оқу пәні ретінде бөлімнің қайбір саласы болмасын, егер жеке, өзіне ғана тән пән мәніне ие болса ғана, жеке дара пән ретінде аталуға құқығы бар. Зерттеу пәні мәніне ие болса ғана, жеке дара пән ретінде аталуға құқы бар. Зерттеу пәні бір немесе басқа да ғылыми пәндерге тән ізденістің объектісін немесе субъектісін атайды. Зерттеу нәтижесінде жинақталғаг мәліметтер белгілі бір жүйеге қалыптасып арнайы оқу пәнін құрайды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Есеп және аудит | Заңды тұлғалардың табысы мен шығындарының салықтық есебі

Бітіру жұмысының өзектілігі. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық құрылысы мен салалы іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді. Кез келген мемлекетте бюджетте қарастырылған шараларды үздіксіз қаржының жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейде қаржылық ресурстардың жүйелі толуын талап етеді.
Бұған негізінен жеке және заңды тұлғаның салық және бюджетке төлеуі есебінен қол жеткізеді.
Қазіргі салықтық заңнама және өзге нормативті актілерге сай төлеумен орнатылған мөлшерде және белгілі бір мерзімде аталған төлемді төлеуге міндетті ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Еліміздегі бай-бағландардың қыздары мен әйелдері қалай көңіл көтереді? (фото)

Қарапайым халық пен бай-бағландардың көңіл көтеруі екі түрлі. Күйбең тіршілік деп жүріп кейде демалудан да құр қалатын халық әр күні ойын-сауыққа айналған бай-бағландардың өміріне қызыға қарайды. Әсіресе, олардың үлде мен бүлдеге оранған қыздары мен әйелдері "ақсүйектер" жиынына ғана барып, өзіндік ортада ғана көңіл көтереді.
Жаңалықтар
Толық

Уақытша тіркеу туралы заңды Қазнетте қызу талқылап жатыр (фото)

2017 жылдың 7 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан азаматтарын уақытша тіркеу туралы заң отандық желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Олар бір-бірінен қалай, қай жерге барып тіркелу керектігін сұрады. Сондай-ақ, астарлы қалжыңға құрылған жазба жариялап, жаңа заңды әзілге айналдырғандар да табылды деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

30 тамыз - Конституция күні (Ардың шыңы - Ата Заң)

Тақырыбы: Ардың шыңы – Ата Заң
Мақсаты: 1. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттар
Толық

Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Қазалы ауылы
№100 орта мектебінің ағылшын тілі пән мұғалімі
Сисенбаева Гүлмира Әбдіғаниқызы


Тәрбие сағаттың тақырыбы: Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ
Тәрбие сағаттың мақсаты:Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту
Оқушыларға өз жүрген орталарынд мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға,әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттар
Толық

30 тамыз - Конституция күні (Заңды білу – заман талабы)

Тәрбие сағат тақырыбы: Заңды білу – заман талабы
Сыныбы: 9 сынып
Тәрбие сағат мақсаты:
1. Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру;
2. Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру;
3. Оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу;
Тәрбие сағат түрі: Ашық тәрбие сағаты
Әдісі: сыныпішілік, топтық сайыс
Тәрбие сағат көрнекіліктері: Қ. Р - ның рәміздерінің суреттері, Қ. Р - ның Конституциясы.....
Тәрбие сағаттар
Толық

Ватикан қорларынан қазақ тарихы туралы деректер табылды

Италияның әйгілі Ватикан кітапханасынан түркілер мен қазақтар тарихына қатысты жаңа батыс деректері табылды. Рим Папасы бірінші Ұлы Левтің Аттиламен кездесуін сипаттайтын қолжазбада Орта Азиядан шыққан Авар қағанаты туралы мәліметтер кездеседі. Бұл қазақ елінің сонау түркі дәуірінен Еділ патша бастаған ұлан-ғайыр мәдениеттің заңды мұрагері екендігін айғақтайды. Отандық ғалымдар «Қазақ хандығынан – «Мәңгілік елге» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда осындай деректер....
Жаңалықтар
Толық