Қазақ тілі | Зат есімнің грамматикалық категориялары

Мектепте оқылатын қазақ тілі курсының бағдарламасында зат есімнің грамматикалық категорияларының алатын орны мен оны оқытудың мәні зор.
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту - оқушының сөйлеу, жазу тілі дағдысының, мәнерлі оқуының, орфографиялық, пунктуациялық білім дағдыларының қалыптасуының, дамуының негізгі кілті болып табылады. Бұл тақырыпты оқыту арқылы оқушыларға зат есімнің грамматикалық категориялары танытылады. Осы тақырыптан берілетін теориялық білімінің аясы кең. Атап айтқанда, оқушылар мынадай білім алады:
1. Зат есімнің грамматикалық категориялары туралы түсінік;
2. Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқудағы мақсат;
3. зат есімнің грамматикалық категорияларының өзіндік белгілері мен ерекшеліктері.
Зат есімнің грамматикалық категориялары тақырыбынан оқушыларға тиянақты білім мен дағды беру үшін, ең алдымен, материалды неше сағатта өтуге болады., әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оқушыларға бұрыннан таныс, таныс еместігі, ең соңында оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күн ілгері ойластыра, жоспарлап алу қажеттілігі туады.
Осылай өткізілетін материал көлемі анықталып алған соң, сол материалды толық меңгерту, әрбір минутты бос жібермеу, ол үшін оқушылардың өзіне жұмыс істеу, ой қорытындысын жасату сияқты мәселелер мақсат етіледі.
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту принципі педагогиканың дидактикалық принциптеріне негізделіп оқытылады. Мәселен, дидактиканың берілетін сабақ тақырыбы өткен тақырыппен байланыстырылып отырылуы керек және өтілетін материалдар бірімен-бірі тығыз байланысты болсын деген ережесіне негізделіп отыратын болса, зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту оның алдында өтілген сөз құрамымен байланысты өтіледі.
Мұғалім зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытуда оның мынадай екі жағына көңіл аударады:
Бірінші, зат есімнің грамматикалық категориялары туралы жаңа тақырыпты бастамастан бұрын, оқушылардың бастауышта мектепте одан өткен материалдарын есіне түсіріп, соны Ү сынып көлемінде өтілетін материалды білгізуге жетек ете отырып түсіндіреді. Ол үшін бастауыш мектепте өтілетін зат есім түрленуінің бағдарламалық көлемін жақсы біліп, оны қандай жолдармен байланыстырудың тәсілдерін белгілеп қояды.Ондай тәсілдер әр түрлі болады:
Кейбір мұғалімдер бастауышта өтілген зат есімнің категорияларының негізгі ерекшеліктерін қамтитын сұрақтар қойып, сол сұрақтарға оқушылардың өздеріне жауап бергізіп, мысалдар келтіру жолымен қайталап барып, жаңа тақырыппен байланыстырады.
Кейбір мұғалімдер бастауышта өтілген зат есімнің грамматикалық категорияларының бағдарламалық көлемін қамтыған мәтіндерді талдатып айтқызып, соны жаңа тақырыппен байланыстырады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Парсы тіліндегі зат есім мен сын есімнің жасалу тәсілдері

Кіріспе
Кез келген тілдің дамуы, ең алдымен, сөзжасам жүйесімен байланысты. Тілдің байлығы-кірме сөздер есебінен сөздік құрамның толығуымен емес, төл сөздердің мағыналық және тұлғалық дамуы негізінде, жаңа сөздердің туындауы арқылы анықталады. Сондықтан тілдегі төл сөздердің ұғымдық, мағыналық және тұлғалық даму жүйесін зерделеу қажет.
Тіл дамуы әлем бейнесін танып-біліп, олардың әр түрлі белгісі мен қасиеті, сапасы мен саны, қимылы мен әрекеті, амалы мен сипатына атау беруі арқылы орындалады. Заттар мен құбылыстардың белгілеріне атау, есім беру халық танымымен, ой-санасының өсуімен, ұлттық психология мен менталитетіне байланысты анықталады. Болмыстағы кез-келген зат не құбылыс ұғым тілдік таңба арқылы таңбаланып, өзінің сөздік бейнесін жасайды. Бұл таңбаланған бейне сөзжасамдық процесс арқылы жасалып, атау ретінде танылады. Атаудың жасалу, қалыптасу процесі-сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны. Яғни сөзжасам-ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасын жасау процесін айқындайды. Сөзжасам-атау жасау процесі. Процесс нәтижесі-туынды сөз. Сөзжасам туынды сөздің жасалу сипатын, әдіс-тәсілін, уәжділігін, жасалған жаңа ерекше мағынаның ішкі құрылымын талдайды. Туынды сөздің құрылымын тұлғалық және мағыналық деңгейде қарастыра отырып, мағынаның белгіленуіндегі ұғымның, танымның рөлі мен маңызы зерттелді. Жаңа сөз жасау, белгілі құбылыс пен затқа атау беру-номинация мен сөзжасамның зерттеу нысаны.
Тілдің сөздік қорын байытуда грамматикалық тәсілдер бойынша тілдегі қалыптасқан модельдер мен құрылған жаңа сөздер жетекші рөль атқарады, нәтижесінде оның лексикалық қоры толықтырылады. Бұл тілдің маңызды функциясы-коммуникацияның кемелденуіне ықпал етеді. Тілдің барлық даму сатыларында сөзжасам мәселелерін зерттеу тіл білімінің өзекті мәселесі болып саналады.
Сөзжасам семантикалық, синтетикалық, аналитикалық тәсілдер арқылы туынды сөз – атау жасайды. Атауды коммуникациядан және танымдық қызметтен бөліп қарауға болмайды. Ойлаудың кез келген материалдық бейнесі, ең алдымен, хабарлауға байланысты. Ал сөзжасам мен оның нәтижесі болып табылатын атау тілдегі лексикалық бірлік ретінде ғана емес, әлем бейнесін жасауға қызмет ететін номинативтік қызметімен бағалануы қажет.Атаудың қалыптасу тарихында тілде ортақ сөзжасамдық қалыптар түзіледі. Осы сөзжасамдық қалыптар кешені сөзжасамдық тәсілдердің жіктелуін туғызады.
Тіл дамуы көнеден келе жатқан күрделі әрі кешенді құбылыс. Оның өзіндік ішкі және сыртқы даму заңдылықтары бар, бұларды зерттеу сөзжасамның мақсаты болып табылады. Сөзжасам атаудың жасалу сипаты мен мотивациясын (негізделуін) жасалу тәсілі мен жаңадан туындаған мағынаның ішкі құрылымын анықтайды. Сөзжасам процесінің көнелігі тілдің шығу кезеңімен қарайлас, себебі әлемдік әр түрлі бейнеге атау беріп, алғашқы атаудың жасалу сипаты мен одан туындайтын басқа ерекше мағыналарынан бастап, бұл процесс тілде үнемі жүреді. Сондықтан сөзжасам тарихы күрделі, өзіндік ішкі даму заңдылықтары, жаңа сөз туғызатын тәсілі мен қалыбы бар тіл білімінің кешенді бір саласы ретінде бағаланады.
Жаңа сөз жасаудың сипаты мен құрылымын тану күрделілігі атау бейнелейтін заттың, құбылыстың және олар туралы ұғымның қатынасын анықтау қиындығымен байланысты. Туынды сөз жасау, көбінесе басқа тілдік құбылыстар арқылы негізделіп орындалады. Себепші (мотивтендіруші) сөз арқылы негізделіп, әр түрлі сөзжасамдық тәсілдер арқылы пайда болған жаңа мағыналы тұлғалар туынды сөздер болады, мұндай жасалымдар – сөзжасамдық процесс негізінде орындалғандықтан, сөзжасамның негізгі зерттеу нысанына айналады. Туынды сөздер екі не бірнеше морфемалар мағынасы арқылы жасалып, күрделі құрылымға ие болады. Сөзжасамдық аспектіде туынды сөздердің мағынасын айқындау – олардың ішкі семантикалық құрылымын зерделеу деген сөз.....
Дипломдық жұмыстар
Толық