Соғыс салған зардап

1941 жылғы 22 маусым –тарихта мәңгі есте қалатын қасіретті күн.Осыдан жетпіс бір жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Ұлы Отан соғысы майдандарында , жау тылындағы партизандар мен Еуропа елдеріндегі қарсыласу қозғалысы қатарында шайқасып , фашизм концлагерьлерінде қаза тапқан өжет , қайсар қандастарымыздың рухына бас иеміз . Соғыс салған зардап әлі күнге толық жойылған жоқ . Олардың Отан үшін қан кешкен әр қадамы , жеңісті жақындата түскен әр күні ұмытылмайды . Ұлы Отан соғысы дүние жүзі халықтарының бестен төртінің тағдырына әсер етті . Соғыс қимылдары әлемнің қырық мемлекетінің аумағында жүрді . Ең соңғы деректер бойынша бұл апатта 60 млн адам қаза тапқан . Кеңес Одағының адам шығыны ресми түрде 27 млн. деп есептелінді. Әлем 1941 жылы соғысты кім бастап , оған адамзат тарихында бұрын - соңды болып көрмеген қандай қатер төніп тұрғанын бірден сезген .
Соғыс жылдары Қазақстанға Кеңес Одағының аудандарынан көптеген өнеркәсіп көшірілді. Ауыр машина жасау зауыттары , сондай-ақ тоқыма , мақта- мата аяқкиім фабрикалары Қазақстан жеріне өніпм беріп , майдан қажетін өтеуге кірісті .Қазақ халқының да Жеңіс күнін жақындату үшін қосқан үлесі зор болды......
Шығармалар
Толық

Экономика | Инфиляция мәні себептері және әлеуметтік экономикалық зардаптары

Курстық жұмыс жоспардан, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімі жалпы инфляция мәні, пайда болу себептері, зардаптары оған қарсы күресу шараларына арналса, екінші бөлімі Қазақстандағы инфляциялық процестерге арналған.
Бұл тақырыптың өзектіліктігі инфляцияның негізгі түрлерін дамыту және оларға туындайтын негізгі мәселелерді шешу болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты инфляциялық процестің экономикаға теріс әсерін, қауіптілігін, пайда болу көздерін, түрлерін, әлеуметтік салдарын тереңдете ашып, нақты анықтап, жеткізу болды.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті болып, қай жағдай да
болмасын инфляциялық процестерді танып, оған тиісті іс-шаралар қолдана білу,не мүлдем болдырмау.
Инфляция – осы күндері бүкіл дүние жүзін толғандырып отырған кең ауқымды мәселе, сонымен қатар ол Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын, өндірісті, қаржы мен баға жүйелерін бұзып отыр. Инфляция бұл күрделі де көп факторлы құрылыс; осы қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өндірісіндегі ең өткір мәселелердің бірі болғандықтан әлем экономистері осы мәселені терең зерттеп, одан шығу жолдарын іздестірген. Бұл процесс біздің елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін байқалса, ал басқа шет елдерде бұл мәселе ХІХ ғасырдың орта шенінен белгілі. Осы мәселені ең алғаш терең зерттеген шет елдің ғалымдары болды. Олар: ағылшын экономисі О. Филлипс, Р.Липси, кейіннен американ экономисттері: Р. Солоу және П.Самуэльсон, М. Фридмен швед экономист ғалымдары: Еста Рен және Рудельф Майднерлер және т.б. дүние жүзінің ғалымдары болды. Олар инфляцияның пайда болу себептерін, әлеуметтік және экономикалық зардаптарын зерттеп аңғара білді. Олар инфляцияны бәсеңдету шараларын іздестірді. Алдымен экономисттер ең басты сұраққа жауап іздейді. Әр елдің ғалымдары әр түрлі пікірлер айтып, әр түрлі шешімдер қабылдады.
Ал біздің елде бұл процесті зерттеу тек оншақты жыл бұрын ғана қолға алынған. Оны зерттеуге еліміздең Я. А. Әубәкіров, Б.А.Жүнісов, С.С. Сахариев, О.Қ. Шеденов, К.Н. Кәрібаев, Д.Қ.Қабдиев сынды экономист-ғалымдарымыз ат салысуда. Олар Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктерін көрсетіп, оған нақты баға берді ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Байқоңыр зымыран әкелетін зардап

1.1. Байқоңыр қаласы және ғарыш айлағы
Байқоңыр ( бұрынғы Ленинск ) – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында орналасқан қала. Іргетасы 1955 жылы қаланған. Тұрғыны – 53 мың адам ( 1997 жылғы халық санағы бойынша ). Климаты – тым континенттік. Бұл аймақтың ауа – райы өте құбылмалы. Қысы-суық, жазы-ыстық, әрі-қуаң, жауын-шашын 90-150мм-дей аз жауады. Сол себепті ауа – райы ылғалсыз, әрі құрғақшылық жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау – тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман – тоғай бұл аймақта өспейді. Өсімдіктердің систематикалық түрлері де өте аз. Көпшілік өсімдіктер ботаника тілімен айтқанда – эфемерлер. Көктем айларында құлпырып өсіп, қызылды – жасылды бәйшешектер атып, ұрық береді де, жаз айлары туысымен олар тіршілігін жойып, қурап қалады. Дегенмен, мал жайылатын жайылымдар бұл аймақта өте көп. Шөбі шүйгін, жұғымды келеді. Бірнеше мың гектар жерді алып жатқан қала ұзақ жылдар бойы «аса құпиялы қала» болып есептелініп келді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан жапа шеккендер не істеуі тиіс?

Құқық қорғау органдарының негізгі қызметі заң мен тәртіптің сақталуын қадағалау, қылмыспен күресу, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Дегенмен, азаматтардың құқық қорғау органдары қызметкерлерінен жапа шегетін жағдайлары да кездесіп жататыны белгілі жағдай.
Кеңестер
Толық