file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жұмағали Саин (Бір ақынға)

Екінші түрі

Сыртың сенің жылтырар, ішің мұздап,
Сөз айтасың әркімге сен жалғыздап,
Бітеу жара секілді тырыс - тырыс етіп,
Жұмбақ денең тұрады әр күн сыздап.
Өз бөркін қолыңа өзің алып —
Көтересің қоям деп бұлтқа апарып,
Бос бөшкедей жел үрген даурығасың,
Жын қақ қандай жүресің жалаң қағып.
Кейде тұман, сағымдай, кейде мұнар,
Секілді булы булау шақтарың бар.
Сайқалдықпен безейсің тіл - жағыңды,
Бір жансың атақ құмар нәпсі құмар........
Өлеңдер
Толық