Жұмағали Саин (Киев жырларынан)

Бірінші жыр

Тан, қалдым міне бір көріп,
Тағдырың маған тым жақын.
Тар кезең өтті, төбеңде
Тамылжып туды күн жарқын
Таласа кіргем талай мен,
Жауыңа оқпен тіл қатып.
Сан жорықтар еткізгем
Тар қақпаңда түн қатып.
Көшенде өтті қан майдан,
Куә оған жас пен көріңіз.
Күбірлеп сөйлер кім қалды?
Күресте болдық бәріміз.
Балам деп сонда сен құштың
Бауырың ыстық, көзің жас.
Басымды тіге ант еттім,
Бағына апа-қарындас......
Өлеңдер
Толық