Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттың агрегаттық күйлері
Сабақ тақырыбы: Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.4 –МКТ негізінде заттың қатты күйден сұйық күйге және керісінше өтуін сипаттау;
8.3.2.10 - балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану ;
8.3.2.11 - заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
- балқу және қатаю процесстерін ;
- балқу және қатаю кезінде температураның өзгермейтіндігін;
- меншікті балқу жылуының физикалық мағынасын түсіну, өлшеу бірлігін, белгіленуін;
- қатты денені балқу температурасында толығымен балқыту үшін қажетті жылу мөлшерін есептейтін формуланы;
- балқу температурасында балқыту үшін жұмсалған жылу мөлшерімен қатаю кезінде бөлініп шығатын жылу мөлшерінің тең екендігін;
- денеге жылу мөлшері берілген кезінде темпертураның уақытқа тәуелді өзгеруін түсіну.........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттың агрегаттық күйлері
Сабақ тақырыбы: Қатты дененің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.4 –МКТ негізінде заттың қатты күйден сұйық күйге және керісінше өтуін сипаттау;
8.3.2.10 - балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану ;
8.3.2.11 - заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• МКТ негізінде заттың қатты күйден сұйық күйге және керісінше өтуін сипаттауды;
• балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдануды ;
• заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдауды.........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.2.2 – жылу берілудің түрлерін салыстыру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• Жылу берілудің түрлерін (жылуөткізгіштік, конвекция және сәуле шығару) білу;
• Жылуөткізгіштік, конвекция және сәуле шығару түрлерін салыстыру.........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.2.2 – жылу берілудің түрлерін салыстыру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• Ішкі энергияны жылу берілу арқылы өзгертудің түрлерін білу және салыстыру
• Экспериментті жоспарлау, сипаттау және.ғылыми тұрғыдан негіздеме жасау.........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Концентрацияның (субстрат пен фермент, ингибиторлар мен активаторлар) ферментативтік реакцияның жылдамдығына әсерін зерттеу (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология
Сабақ тақырыбы: Концентрацияның (субстрат пен фермент, ингибиторлар мен активаторлар) ферментативтік реакцияның жылдамдығына әсерін зерттеу
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: • Концентрацияның (субстрат пен фермент, ингибиторлар мен активаторлар) ферментативтік реакцияның жылдамдығына әсерін зерттеу.
Сабақтың мақсаты: • Концентрацияның (субстрат пен фермент, ингибиторлар мен активаторлар) ферментативтік реакцияның жылдамдығына әсерін зерттеу.........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жылыжай эффектісі (булану) және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері 2-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері
Сабақ тақырыбы: Жылыжай эффектісі (булану) және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері 2-сабақ
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Көктемелік эффекттің және озон қабатының жұқаруының пайда болу себептерін мен оның биосфераға тигізетін әсерлерін сипаттау
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар жаһандық жылынуды қоса парниктік әсер себептері мен салдарларын біледі. Олар сондай-ақ өздерінің көмірсутектік ізін қалай азайту туралы болжам жасай алады. Озон қабатының жұқаруына тигізетін факторларды сипаттайды.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жылыжай эффектісі және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері
Сабақ тақырыбы: Жылыжай эффектісі және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері 1-сабақ
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Жылыжай эффекттің және озон қабатының жұқаруының пайда болу себептерін білу
Жылыжай эффектінің салдарының гидросфера,атмосфераға және биосфераға тигізетін әсерлерін сипаттау
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар жылыжай эффектісі себептері мен салдарларын біледі.
Жылыжай эффектісін туғызатын газдарды азайту жолдарын болжады
Озон қабатының жұқаруына тигізетін факторларды сипаттайды
Деректер мен ғылыми зерттеулер нәтижелерін сараптап жылыжай эффектісіне дәлелдер келтіреді......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Алтын құйрықты жылан

Ерте, ерте заманда бір қыстақта Айсұлу атты әйелдің сіңірі шыққан күйеуі мен жеті ұлы болыпты. Жеті баланы бағу үшін Айсұлудың күйеуі Құдайдың құтты күні атызға барып, еңбек етіп, түн жамыла оралса, Айсұлу әр күні табанынан тозып, өзеннен су тасып, тоғайдан отын әкеліп, тамақ жасау сияқты күні бойы үй жұмысын істеп, жанына әмір болмайды екен. Ал, олардың жеті ұлының жалқаулығына жаһан да жан жетпейді екен. Күйзелген күндерінде де әке-шешесіне олардан қайыр болмапты. Қасірет шеккен ана Құдайдан құлшылық қылып, құлдық ұрыпты: «Құдай-ау, бізге тағы бір бала бере гөр! Берген балаң қара жанымызға қайырымды болсын» деп тіленіпті. Күндердің бірінде Айсұлу жүкті болыпты. Бала көреді. Көрген баласы—бала емес, салақұлаш жылан болып шығыпты. Оның үстіне ол туыла салысымен жер бауырлап, үйден шығыпты да тоғайға еніп, ғайып болыпты. Ежелден сормаңдай Айсұлу өзінен туған баланың бала емес, жылан екенін, оның тағы кетіп қалғанын көріп, тіпті де қайғыға батыпты. Сөйтіп, өзінің бақытсыздығына бола, бірнеше күн көзінің жасы құрғамапты. Бір күні Айсұлу түс көріпті. Түсінде жылан баласы өзінің қойнында жатқан екен: «Шеше, мен үшін мұнша қайрат шеккеніңіз не? Мені қарғыс атқан. Сондықтан жыланға айналып, туылып отырмын» депті баласы. «Қандай қарғысқа қалып едің?»—деп сұрапты Айсұлу. «Мен бұрын байлығым басымнан асқан адам едім. Сол дүниеден ешқашан да жан пендеге, тіпті ақ сүтін емізген анама да соқыр жармақ ұстатпадым. Байлығым басымнан асып, төгіліп жатса да шешем аштықтан өлді. Менің бұл күнәмді қара жер көтермейді ғой. Сондықтан менің аруағым жыланға айналып, бұл дүниеге қайта келіп, бармағымды тістеп отырмын.....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Адам болған жылан

Баяғы өткен заманда Құрман қойшы деген бір байдың қойшысы болыпты. Құрман сол байда он сегіз-жиырма жыл қойын бағыпты. Алатын ақысы бір жылға екі тоқтылы қой екен. Егер қой жоғалтса, ақысын бермей соның есебіне алады екен. Құрман қойшының тапқаны киіміне жарамай сол байдың қойын бағып жүре беріпті. Құрман қойшы бір күні қойын бағып тұрғанда төрт-бес шақырым жерден жанған от көреді. От жанған қалпында тура қойшыға қарай тартады. Құрман қойшы ойлайды, «апырмай, мынау от қалай жүреді. От болса жан-жағына тарап жанар еді және қара түтін шығар еді. Ал мына от жайылып жанбай, тура тартып келе жатыр» деп тұрғанда, от та, Құрман қойшыға жақындап келеді. Анықтап қараса, оттың алдында ұзындығы бір құлаштай ақ жылан қашып келеді екен. От қайтсем де сені күйдірем деп келеді екен, ал жылан қа­шып келеді екен. Жылан қашқан қалпында Құрман қойшының шалбарының балағынан кіреді. Ол жыланды балағынан кіргізбеуге үлгіре алмайды. От та кіруге ыңғайланғанда сабап сөндіреді. Жылан жорғалай омырауынан шығып, оттың өшкенін көріп, жерге түседі.

Жерге түскеннен кейін адам тілімен сөйлей бастайды: «Сен мені өлімнен құтқардың, мен сенің жақсылығыңды өмірі ұмытпаймын, сен мына қойды таста да менің соңымнан ер, мен саған өзімнің қызымды беремін»,—дейді. Қойшы байғұс қуанады, бірақ «қойды тастап кете алмаймын» дейді. «Сен қойға қам жеме, қойдың өздері кешке аман-есен үйлеріне барады»,—дейді. Қойшы амалсыздан жыланға ілесіп кете барады, бір жерге барғанда бір тесікке түсіріп алады, сонан екеуі жер астымен кете барады, бір жерге келгенде төбедей үйілген көп жыланға кез келеді. Құрман қойшы «осынша жыланға жем қылуға алып келе жатыр екен» деп, зәресі зәр түбіне кетіп, өңі қашып тұра қалады. Жылан оның қорқып тұрып қалғанын біліп, «жүр саған олар тимейді» деді, ол амалсыз ере берді, жылан үйілген жыланға келгенде қатты ысқырып еді, жыландар екі жаққа айырылып ортасынан қақ бөлініп жол берді.....
Ертегілер
Толық