22 Наурыз - Наурыз мейрамы

Дайындаған: Сара Қапанқызы Естаева, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы
Тақырыбы: «Күлімде, Наурыз, күлімде!»
Мақсаты: Наурыз мерекесінің мән – мағынасын балаларға түсіндіру,
ақ тілек, бата, наурыз көже, құт – береке ұғымдарын қалыптастыру, жақсылыққа адамгершілеке тәрбиелеу.
Көрнектілер: Залды мерекеге қазақ дәстүрі бойынша көркемдеу. Жартылай кигіз үй
көрнісі, қазақша киімдер, дастархан жасау, баурсақ, ет, наурыз
көже, құрт, ірімшік және домбыра, көрпешілер, ыдыстар.
Қатысушылар: Балалар, әже, Қыдыр ата, Наурыз.
Жүргізуші: Құрметті қауым! Бүгінгі балабақшамызда өткізілетін Наурыз
мерекесі ертеңгілігіне қош келдініздер!
Береке де осында,
Мереке де осында.
Болып жатыр той думан,
Қырандарың қасыңда.
Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал, қанекей, қонақтар, ата – аналар,
Төрге шығыңыздар!
«Наурыз-думан» - әнінің әуенімен қонақтар, балалар залға кіріп, жайғасды.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер! Қадірлі қонақтар, ата – аналар, балалар!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!
Наурыз күні қазанына ортаймасын.
Жаңа жыл шаттық әкел, той тойласын!.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

10-сынып алгебра курсын қайталау (1-жартыжылдық) (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10-сынып алгебра курсын қайталау
Сабақ тақырыбы: 10-сынып алгебра курсын қайталау (1-жартыжылдық)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.3.17 - қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;
10.2.3.18 - тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;
Сабақ мақсаттары: 10-сынып бойынша алгебра курсының бөлімдерін қайталау.
10.1А бөлімі: Функция, оның қасиеттері және графигі
10.1В бөлімі: Тригонометрикалық функциялар
10.1.С бөлімі: Кері тригонометрикалық функциялар
10.2.А бөлімі : Тригонометрикалық теңдеулер
10.2.В бөлімі : Тригонометрикалық теңсіздіктер.
10.2.С бөлімі : Ықтималдық.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жаңа жыл (Балабақша | Ақшақардың кебісі)

Жаңа жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі - түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған. Жанға жайлы әсем музыкамен балалар кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жаңа жыл келді о, міне,
Далама, қалама, жеріме
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.
(Сиқыршы шығады)
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де сіздердің мерекелеріңе келдім. Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып жолдан кебіс тауып алдым. (Балаларға көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін, білмеймін?
Жүргізуші: Мүмкін, балалардың біреуі жоғалтып алған.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан

Жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Армысыздар, қасиетті аналар!

Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көктем мерекесі қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. «Шуағын шашқан - аялы алақан"» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Й әрпінің жазылуы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Й й әрпінің жазылуын меңгерту
Сабақтың міндеттері: а) Й й әрпінің жазылуын үйрету, емлесін меңгерту
ә) Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, таза, сауатты жазуға, сабақты ұқыпты тыңдай білуге тәрбиелеу
б) оқушылардың сөз байлығын арттыру, сөйлеу мәдениетін, ойлау дағдыларын, есте сақтау
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаз, плакат.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Қағаздан бұйымдар жасау

Білімділік: оқушылардың бұрыннан алған білім, білік, дағды машықтарына сүйене отырып, қағаз пластикасымен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық қабілетін арттыру, дүниетанымын кеңейту, шығармашылық шеберлігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: адам мен тірі табиғат арасындағы байланыс туралы мағлұмат бере отырып, қоршаған ортаны қорғауға, әсемдікті сезіне білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, желім, қайшы, торғайлар, көбелектер, бейнесөз, жұмбақ.
Пән аралық байланыс: еңбек, дүниетану, тіл сабағы .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Я Ю әріптерінің жазылуы

Сабақтың мақсаты. Я, Ю әріптері жазылуын еске түсіру. Й+у дыбыстарының орнына «Ю» й+а дыбыстарының орнына «Я» әрпі жазылатынын оқушылардың есіне түсіру, қайталау;
оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру;
Кездескен жаңа сөздердің мағынасын түсініп, дұрыс қолдана білуді үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларға сөздерді сөз құрамына талдау. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық