Сұрапыл жылдар

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқдаусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын
Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қанша ма үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мәнкетіп,сұрықсыз бір дүниеге айналды. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып – типыл етті. Сөйтіп соғыс әрүйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр - қайратының, бірлігінің дәлелі еді. Менің атам Жалбыров Жағыпар Жалбырұлы 1939жылы аттанған екен. .....
Шығармалар
Толық

Сұрапыл соғыс жылдары

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында сұрапыл соғыс жылдарында өз Отанын фашистік басқыншылардан аман алып қалған біртуар батырлар туралы материялдар жариялайды. Кеңес дәуірінде қазақ халқынан шыққан сан мыңдаған батыр ұл – қыздардың ішінде есімі елге ерекше таныс батыр апаларымыздың бірі – Хиуаз Доспанова.
1922 жылдың мамыр айының 15 – інде Атырау облысында дүниеге келген Хиуаз – Ұлы Отан соғысында әскери ұшақпен аспан төрінде майдан салған ерлігімен танылған, ал соғыстан кейінгі бейбіт өмірде қайраткерлігімен дараланған қазақтың қаһарман қызы.
Оның жастық шағы мен өмірінің басым бөлігі мықты насихаттық идеологияны ұстанған Кеңес заманымен тұспа – тұс келді. Басқа – басқа, Кеңес өкіметінің кезінде Одақ үшін отқа да, суға да түсуге бар жанкешті ұрпақ тәрбиелей білгендігін кімде болса мойындайтыны хақ. Хиуаз да Отанын шын сүйген сол кездегі албырт жастардың бірі болатын. Кеңес заманындағы авияцияның жетістіктері мен ұшқыштардың сан түрлі ерлік істері жөніндегі үгіт – насихат қазақ қызының да осы салаға деген ынтызарлығын оятқан. Осындай ой – қиялдың тұңғиығында жүрген қағілез де пысық қыз ақыры дегеніне жетіп, 1940 жылы мектепті үздік деген бағамен бітірген. Ол тек мектепті ғана тәмәмдап қоймай, запстағы ұшқыш деген куәлігін қоса ала шығады. Енді өзінің ұшқыш болатындығына сенімі нығая түскен, оқудан соң тура Мәскеуге жол тартып, Жуковский атындағы әскери – әуе академиясына түспек болған оның алғашқы қадамы сәтсіз болды. Бұған налыған Хиуаз ба? Ол бірден Мәскеудің бірінші медициналық институтына түседі. .....
Шығармалар
Толық

Естен кетпес отты жылдар

«Қажеті жоқ... Соғыстың қажеті жоқ!
Дұрысы тірлік қылып, ізденейік.
Шынайы даңқ - еңбекпен келген атақ.
Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын».
Ги де Мопассан
Совет үкіметі орнағалы ауырлықтан бойын жаза алмаған ел үшін Ұлы Отан соғысының басталуы қиындықты тағы да еселей түсті. Совет халқы төңкерісті, одан кейінгі Азамат соғысын, аштықты, колхоздастыруды, саяси қуғын-сүргінді басынан өткізіп, енді ғана бойын тіктеп, біршама жақсы өмір сүре бастаған кезде басталған соғыс, әрбір шаңыраққа қиындықтармен бірге қайғысын қоса әкелді. 1941-ші жылдың 22-ші маусым күні таңғы сағат 4-те опасыздықпен совет мемлекетінің бүкіл шекара бойында соғыс өртін тұтатқан неміс фашистеріне айтылған лағынет шексіз еді. Соғыс басталған күні және одан кейінгі 20 күн бойы Жамбыл облысының бүкіл елді мекендерінде, мекеме мен ұйымдарында, партия, совет және комсомол ұйымдарында митингілер өтіп, санаулы күндерден кейін фашистерді совет жерінен қуып шығатындарына сенген, әрі сендірген жалынды сөздер, Ұлы қолбасшы Сталиннің ақ гвардияшыларды Азамат соғысы жылдарында күл талқан еткендей, фашистерді де жеңетініне ұрандаған сөздер барлық жерден естіліп жатты. ......
Шығармалар
Толық

Мәңгілік өшпес отты жылдар

1941 жылдың 22-маусымында қанқұйлы фашизмнің қара бұлттай қаптаған қолы Кеңес Одағына соғыс ашты. Бұл соғысқа Қазақстаннан 1млн 196 164 адам қатысты. 12-атқыштар дивизиясы, 4-ұлттық әскери дивизиясы, 7-атқыштар бригадасы, 50-ге жуық полк пен батальон құрылып майданға аттанды. Тарихта теңдесі жоқ қаһармандық көрсеткен Брест қорғаушыларының қатарында 3 мыңдай Қазақстандық қатысты.
8-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында 28 панфиловшы батыр Мәскеу түбінде бүкіл дүние жүзін таң қалдырған ерлік жасады. Қазақстандықтар София мен Варшаваны, Бухарест пен Белградты, Будапешт пен Венаны, Праганы, жүздеген, мыңдаған қалалар мен селоларды азат етуге қатысты. Қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерлігі мен тапқырлығы, жауынан тайсалмайтындығы мен сұстылығы достарымызды сүйсіндіріп, дұшпандарымызды күйіндірді. Қазақтар шын мәнінде жаратылысы батыр, ерлік дәстүрі қалыптасқан ержүрек халық екенін дәлелдеді.
Мәскеу түбіндегі шайқаста саяси В.Г.Клочков басқарған бөлімше 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп асқан ерлік көрсетті. 1941 жылы 17-қарашада дивизияға «8-гвардиялық» деген атақ беріліп, кейінірек «ҚызылТу», «Ленин» ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін «Екінші дәрежелі Суворов» орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танытқан 28 жауынгер «Кеңес Одағының Батыры» атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.......
Шығармалар
Толық

Отты жылдар жадымызда

Өлген жоқсың,қатардасың,
Солдатсың сен, азамат!
Бүкіл әлем замандасың
Қадірлейтін адамзат.
Қ.Көпішев
Ашық аспан, бейбіт өмір. Бүгінгі ұрпақ, яғни біздер, қазіргі таңда Қазақстанда алаңсыз өмір сүрудеміз. Бізге мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын соғыста қолына қару алып,қасық қаны қалғанша соғысқан аға ұрпақ сыйлады. Бейбіт жатқан елге тұтқиылдан шабуыл жасаған Германия Гитлердің «Барбаросса» жоспарын жүзеге асырмақ болды. 1940 жылы 18 желтоқсанда Гитлер «Барбаросса» жоспарына қол қойды. Бұл жоспар бойынша Гитлер Кеңестер одағына қарсы «Қауырт соғыс» ашып, 8-10 апта ішінде аяқталуға тиіс деп жоспарлады. Сөйтіп 1941 жылдың 22маусымында таңға жуық фашисті әскерлері КСРО аумағына соғыс жарияламастан баса-көктеп кірді. Германияның шабуылы Кеңес Одағына өте ауыр тиді. 1941 жылдың күзінде неміс әскерлері Балтық жағалауын, Молдавияны, Украинаны,Белоруссияны басып алып,Ленинградты қоршады. Мәскеуге жақындады. Ленинград үшін болған шайқаста халық ақыны Ж.Жабаев жауынгерлерге «Ленинградтық өренім» атты өлеңін арнады. ......
Шығармалар
Толық

Отты жылдардан естелік

Биыл Ұлы Отан соғысының басталғанына 71 жыл толып отыр.Осыдан 71 жыл бұрын фашистік германия КСРО еліне шабуыл жасады.Осы соғыс жолында қаншама қазақ азаматы елі,жері үшін барын салды.Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдары болған.Бұл кез ешбір адамның есінен кетпейтіні анық. Соғыс басталысымен Қазақстан алғашқы күндерден бастап бір жұдырықтай жұмылды.Осынау жер-ананы шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін,ұрпағының болашағын қорғаған.Бейбіт өмірді тарту еткен қан майданда от кешкен ер жүрек жауынгерлер бүгінгі ақсақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар.Олар әрқашанда құрметке лайық.Сондықтан оларға деген алғыс еш толастамасы анық.Сол кездерде қазақ ұлдарының жеңіске қосқан үлесі зор.Халқымыз осының бәріне ерекше төзімділік пен шыдамдылық танытты.Ұлы Отан соғысы жылдарында бірнеше Қазақстандық аталарымыз Кеңес Одағының батыры атағын алды.Олар өз Отанын қасық қаны қалғанша қорғады.Осы бейбіт күнді ата әжелеріміз бес жыл бойы минуттап, сағаттап күтті.Осы қиын кездерден бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ.Сол кездегі халқымыздың ер жүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгі қалатын күн.Біз Ұлы Отан соғысында жеңіске ештеңеге тең келмейтін ғажап күшпен жеттік.Ол күш әрине бірліктің арқасында қаншама халық бір тудың астында бірігіп күштерін бір арнаға салды. Қаншама аналар боздақтарын айырылып ,қаншама бала жетім өсті. .....
Шығармалар
Толық

Отты жылдарды ұмытпайық

Дүниені дүр сілкінтіп, бейбіт жатқан дархан даланы от шарпытқан, ана мен баланы зар жылатып, өксігімен ел тұншықтырған, арлан азаматтарды туған ел топырағынан айырып, бөгде елде жер құштырған Ұлы Отан соғысының залалы әлі де жадымыздан өшкен емес. Бірімізге әке болатын, енді бірімізге ата болатын абзал аталар әлі күнге отты жылдарды күңірене еске алады, түсінде көріп жанталасады. Бірі майданда болып, қыршыннан қиылып жатқан бауырлардың қан жоса болғанын, бомбаның жарылысына тап болып күлінің көкке ұшқанын көріп көз жасын бұлайды. Енді біреулері бұғанағы қатпаған бала бола тұра аналар мен қарттар қатарында тылда еңбек етіп, бауырлар мен ел ағаларының аман- есен оралуына тілектес болды. Әлбетте, қазіргі жас ұрпақ бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі тәуелсіз бақытты заман бірден орнай салмағанын біріміз біліп, біріміз білмей жатамыз. Отты жылдардың естеліктерінен сыр шерткен ата-әжелеріміз бен ата-аналарымыздың әңгімесі, болмаса қан майданда хатталып жазылған көне сары қағаздар мен кітаптар ғана бәз біреулерге ой салып, санасын қозғайды. Бұған құлақ асып, қайсар батырлардың жолын жалғауға уәде ететіндер, өздерінің ел қорғаны бола алатынына кәміл сенетін құрдастар мен замандастар қаншалықты көп екен деп ойланамын. Менің анамның айтуы бойынша, оның нағашы атасы үш ағайынды болған. Олардың ең кішісі 17 жасар бозбала еді. Осы бір үйден кеткен үш азаматтың бірі де қан майданнан оралмады. Бір атаның ұрпағы түгелімен соғыстың құрбанына айналады. Ал өз жұрағаты бойынша, анамның әкесінің әкесі үш ағайындының бірі болып, соғысқа аттанады, бейтаныс елді мекеннен мәңгілік орын табады. Өзге аталар да хабар-ошарсыз кетіп, оралмайды. Елде еңіреп қалған анамның әкесінің анасы сол уақыттағы ашаршылық пен дерттің салдарынан көз жұмады. Бұл бір ғана менің атаәжелерімнің басында болған қасіреттің бөлігі десек, тұтас қазақ елінің қайғысының қаншалықты қалың болғанын елестетудің өзі өте ауыр емес пе? .....
Шығармалар
Толық

Сұрапыл соғыс жылдары

Сол сұрапыл жылдарда елім, жерім деп қасық қаны қалғанша соғысқан қанша азамат ажал құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Жап-жасыл бейбіт даладан сән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды.
1941 жылы 22-маусымда таңғы сағат төртте Фашистік Германияның басқыншылық шабуылы басталды. Кеңес Одағының шекарасына от қойып, қаруланған фашистер кіріп келді. Мүлдем дайын емес болған Кеңес Одағы ер азаматтардың жетіспеушілігінен алғашқы жеңілістерге ұшырап жатты. Шабуылдан алғаш болып Брест бекінісі, Ленинград, Сталинград тағы да басқа қалалар соғыс өртіне оранды. Фашистік германияға қарсы шығу үшін республиканың түпкір-түпкірінен әскери комисариаттарға еріктілер ағылды. Қызыл әскер бірте-бірте есін жиып, қорғаныс шебіне көшті. Мәскеу түбіндегі кескілескен ұрыста Лениград, Сталинград қалалары маңындағы ұрыстарда, біраз шығынға ұшыраған фашистер жоспарларының оңайлықпен іске аспайтындығын аңғарды. Ақыр соңында өздерінің жеңілісімен аяқталды. Бұл соғыс қанша адамға қайғы-қасірет алып келгенін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес еді.
Қазақстан халқы да бұл тұста қарап жатпады. Өздерінің үлесін қосуға жұмыла кірісті. Кеңес Одағы батырларының қатарында қазақтың екі қызы --- мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова ер жігіттермен бірдей қолдарына қару алды. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі --қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев болды. Ал танымал қолбасшы, танымал батыр, әрі жазушы Бауыржан Момышұлының ерлік істеріне адам сүйсінеді. .......
Шығармалар
Толық

ҰОС жылдарында ерен еңбектің үлгісін көрсеткен ақтөбелік әйелдер

Совет әйелдері теңдесі жоқ табандылық пен еңбек қаҺармандығын көрсетті... Коммунистер дұшпанға қарсы күрестің ең қиын және шешуші учаскелерінде болды. Олар өз басының өнегесімен, жалынды партиялық сөзімен совет адамдарын жігерлендіріп, жеңіске бастады» /КПСС ОК-нің «Совет халқының 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 40 жылдығы қаулысынан/.
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап Кеңес Одағындағы барша еңбекшілер сияқты ақтөбеліктер де еліміздің әскери және өндірістік қуатын молайту мен билеуші партия талаптарын орындауға жұмыла кірісе бастады. Қалалар, кішігірім елді мекендер мен кәсіпорындарда халықтық митингілер өткізіліп, көп ұзамай шаруашылықтағы маңызды нысандардың жұмысын соғыстық экономикаға бейімдеу жұмыстары қолға алынды. Неміс басқыншыларының батыстағы жойқын шабуылдарынан кейін Кеңес билігі өз үндеулерінде барлық тұрғындар үшін алдағы ауыр кезеңдердің тұрғандығын және оны жеңіп шығуда көпұлтты халықтың жұмылуы керектігін жеткізді. Республика экономикасын соғыс мүддесіне бағындыра қайта құру ісі Кеңес Одағының батыс өңірінен көшіріліп әкелінген кәсіпорындарды орналастыру жұмыстарымен қатар жүрді. Қысқа уақыт ішінде Қазақстан экономикалық жағынан маңызды әрі қуатты аудандардың қатарына жатқызылды...
Шығармалар
Толық

Соғыс жылдары

22 маусымда дәл сол күні Ұлы Отан соғысына75 жыл Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы табандылықтары ешқашан да ұмытылмайды!
Осыдан 75 жыл бұрын таң қылаң бере фашистік Германия кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып Қарсы алғандардың қатарыңда Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен оңдаған мың Қазақстандық шекерашылар болды. Атақты Брест гарнизонның өзінде 1941жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бырақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысында қосыолды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбінесе сүйегі белаусь жерінде қалған. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан,бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен бастап жұдырыұтай жұмылды. Республиканың түкпір түкпірінде әскери коммисарларға еріктілер ағылды. 1939 жылдың дерегі бойынша біздің республикамызда 6,2 милион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына милиондаған мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы басқа да, құрлымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивизиясы,100-және 101-ші және ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209шы Зайсан 219-шы минометтік 85-ші зенеттік 662-ші, 991-ші және 992-ші авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14 600 жүк жеңіл автокөлік, 110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді. Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты 1941-1945 жылдарда әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.
Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерлік тері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-орденмен марапатталлса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батырын, 100-ден астам-Даңқ орденінің толық иегері атаніан. Төрт Қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атынды, олар Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. ......
Шығармалар
Толық