Болатұлы Керей хан (?-1473 ж.) – қазақ хандығының негізін қалаушы, Көк Орданың ханы Өрістің (Орыстың) шөбересі.
Шайбани әулетінен шыққан Дәулет – шайхтың баласы Әбілқайыр ханның көк кесене төңірегіндегі шайқаста Үз-Темір Тайшы басқарған ойрат әскерінен ойсырай жеңілуі – Барақ ханнан кейін биліктен айрылған Өріс хан әулеті сұлтандарының бас көтеріп, жеке бөлініп шығуына мүмкіндік туғызады. Осы мүмкіндікті жұрыс пайдаланған Өріс ханның ұрпақтары – Болатұлы Керей мен Барақ ұлы Жәнібек өздеріне қарайтын тайпаларды бастап .....
Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілхайыр (1693-1748ж.) Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.Әбілхайыр ханнын мақсаттары: 1. Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату. .....
Одан әрі тарихи дамудың нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс жаңа қоғамдық формация – құлдық қоғаммен ауысты. Ертедегі Шығыста алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мәдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдерінде арнаулы мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды. .....
Б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Италияда, антикалық әдебиеттің екінші бөлігі – рим әдебиеті өркендей бастайды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ ол латын тілінде шығарылды, себебі Рим латын тайпаларының орталық қауымы болды......
Асаубай жәдігерұлы , Қанжығалы Асаубай (т.-ө.ж.б.) — белгілі шешен, би. Арғын тайпасының Қанжығалы руынан шыққан. Арқадағы Қорқылдақ к-нің төңірегін қоныс еткен. Ш.Уәлихановтың әкесі Шыңғыс төренің замандасы. А. қара қылды қақ жарған әділ де сыншыл ақын болған. Табан астында шығарып айтқан өлеңдері Махамбет, Ақтамберді сияқты өр мінезді, орақ тілді ақындар шығармаларымен сарындас. Оның Шыңғыс төреге, Абылай тұқымынан шыққан .....
Жәке қойтанұлы (1830, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сайқан тауы — 1914, Қытай, Сауыр тауы) — би, шешен. Абақ керей руынан шыққан. Он жеті жасынан ел ісіне араласып, билік айтып, шешендігімен танылған. 1883 ж. 800 үй меркіт руын бастап Сауыр тауына барып қоныстанған, сол рудың үкірдайы болып сайланған. Керей, найман тайпаларына төрелік айтып, би болған. Түрлі дау-дамайларда әділдігімен көзге түсіп, "керейдің Жәкесі, меркіттің әкесі” атанған. Тарбағатай, Алтай, .....
Жәлменде Байшығашұлы (1846, Алматы облысы Қаратал өзенінің төменгі сағасы — 1901) — би, шешен. Ұлы жүз құрамындағы жалайыр тайпасының арықтыным-байшегір тармағынан шыққан. Жәлменде 12 жыл болыс, 9 жыл би болған. Қоянды жәрмеңкесінде Абаймен кездесіп, жақын танысады. Ұржарда өткен 7 уезд өкілдері бас қосқан съезде түйіні қиын мәселелерді шешуге Абай Жәлмендені шақыртады. Жол аяғы қашықтықтан 2 — 3 күн кешігіп барғанымен, съезді Жәлменде би ашады. Съезде хатшылықміндет атқарған Абай Жәлменденің сөздерін уезд бастығы Лосовскийге аударып отырады. Уезд бастығы осы жиында Жәлменденің басшылығымен шығарылған ережені өзгеріссіз бекітіп, оған атқарған адал еңбегі үшін алтын медаль береді. Жәлменде қырғыз Шәбден төре, қазақ халқының белгілі адамдары Бөлтірік шешен, Маман бай, Есімбек Тәнекеұлы, Бақтыбай Жолбарысұлымен етене араласқан. Ж. 1901 ж. қажылыққа барған сапарында Мекке мен Мәдиненің .....
«Күлен би» өз уақытында халқымыздың ірі тұлғасы ретінде,бойындағы табиғат берген ақыл парасат,шешендік қасиеттің арқасында танылған.Орта жүздің Қоңырат тайпасының Жандар руынан шыққан.Күлен би шамамен 1730-1800 жылдар арасында Сарыарқа-да, Көкшетау өлкесінде туылған,кейін Баян ауыл-да көшіп қонып жүрген. (Тілеуке Күлекеұлы 1748-1819) Шал ақын Күлен би- ге арнап өлең жазған,содан үзінді келтіруге болады. Төрт ауылдың бір биі Күлен қозған Қызыл тілде Қоңыратта Күлен озған
( Бес ғасыр жырлайды. „Жазушы" баспасы 1989 жыл.117 бет ) Өлең жолдардағы „Төрт ауыл" ол село немесе деревня емес,ру аты.Төрт ауыл,Қозған рулары кәзіргі таңда орта жүзде арғын тайпасындағы ру атаулары.Шал ақынның бұл өлең жолдарына терең үңіліп қарасақ Төрт ауыл, Қозған руларының шыққан тегі Қоңырат тайпасынан екендігін байқауға болады.18-ғасырда хан Уали Қоңырат тайпасы мен Атығай руына қысым жасағаны тарихта белгілі,Атығай руы Арқада қалып қойса,Қоңыраттар хан Уалидің қысымына шыдамай .....
Көбей би - 1710-1785 жылдар аралығында өмір сүрген, халқына белгілі шешен, би атанған. 1779-1780 жылдардағы "Еңлік-Кебек" оқиғасының ішінде болып жолсыз жазаға ұшыраған екі жастың өліміне қатты қайғырып, тебіренген Көбей би шешендігі туралы жазушы Мұхтар Әуезов "Еңлік-Кебек" атты драмасында көрсеткен. Көбей би айтты деген ел ішінде көптеген шешендік алғыр, ойлы сөздер қалған. "Ақырында мен ғаріп" атты толғауды Еңлік - Кебектің жазықсыз жазаға ұшырағаннан кейін айтқаны:
Осы кезде кім ғаріп, Бірлігі жоқ ел ғаріп. Еркімен ел .....
Көктіңұлы Сапақ датқа, Сапақ датқа (би) Қалдарбекұлы 1814-1903 жылдар аралығында қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Сыр өңірінде дүниге келіп,өзінің бойындағы табиғат берген ақыл-парасаттылығымен, тапқырлығымен, сөзге шешендігімен халқын өз соңына ерте білген Қоңырат тайпасы, Байлар-жандар руынан шыққан қазақ батырларының бірі. Көктіңұлы атану себебі, Қоңырат тайпасының 6-ата Көктіңұлы( Алғи, Байлар-Жандар, Құлшығаш, Тоқболат, Оразгелді, Қаракөсе ) руларынан шыққандықтан өз замандастары Көктіңұлы Сапақ датқа деп атаса керек. Сапақ датқа 19-ғасырдың екінші жартысында Қоқан хандығы, Бұхара әмірлігіне қарсы күрес жүргізіп елін, жерін, халқын басқыншылардан азат ету жолында тер, қан төккен ірі тұлға. Аты шулы Мырза би оқиғасы да осы Сапақ датқамен тығыз байланысты. Аш көз Қоқан бегі Мырза би мал орнына қазақ қыздарынан зекет алғанда Бадам өзенінің жағасында, Ордабасы тауының баурайында, Қотырбұлақ қасында тап осы Сапақ датқаның туған інісі Мұсабек батыр қол жинап Мырза бидің басын алған. Қоқан хандығының Сыр бойындағы өкілі Мырза бидің қазасына қатты ашуланған Қоқан ханы Сыр бойының қазақтарын (Қоңыраттарды) жазалуға жіберген әскерін тоқтатқан да осы Көктіңұлы Сапақ датқа мен жандар Қанай датқа болатын. Сапақ датқа жайлы атақты ақындар көптеп жазды.Мысалға:Майлы қожа,Мәделі қожа,Сыр ақыны Ергөбек,Құлыншақ,сыпра шежіреші Байғұт Хәрпіш,Жамбыл Жабаев,Молда Мұса,айтыскер ақын Талап Өскенбаев, ағартушы ұстаз Бауыржан Момышұлының ұстазы Тәңірберген Отарбаев,Нәмет Сүлейменов,сенатор Болат Жылқышиевтың әкесі Әбжапар Жылқышиев,Сары арқа шежірешсі Мәшһүр Жүсіп Көпеев сынды ақын-жазушылар өз еңбектерінде жазып, қалдырып отырды.Көкшетаудың тумасы жас шежіреші Шыңғыс Оразалының айтуынша Сапақ датқа Малайсары,Сырымбет батырдың қарындасын тоқалдыққа алған.,сол Малайсары мен Сырымбеттің қарындасынан туылғанСапақ датқа -ның ұрпақтары белгісіз себебтермен арқада қалып әлі күнге дейін Көкшетау обылысы Қызылту аудандарында тұрады делінген.Бұл жайында Сапақ датқа-ның оңтүстіктегі ұрпақтары біле бермейді. Майлықожа ақынның Тәнен датқаны сынауы. Сапақ датқа бірнеше жолдастарымен Тәнен датқаның ауылына қонаққа шығады.Жолшыбай Сапақ датқаМайлы қожаға жолығып қалады. Сонда Датқа: —Уа Қожеке Дастархан жағалайық,бізбен бірге жүр!— деп қолқалайды.Майлы қожа ақын өзінің асығыс екенін айтып ырзалықпен өз жөнімен кетеді. Майлы қожа бұл топтан тай шаптырым ұзағанда алдынан үш-төрт серігі бар Тәнен датқа жолаушылап ауылына қайтып келеді екен.Майлықожа ақынға ой келеді:«[[осы Тәнен датқа сөз таный ма екен?сынап көрейін !]]»—деп,сәлем—сауқаттан соң: —Уа ,Датқа ! Тура сенің шаңырағыңа жүрісі суыт бір топ аттылар барады!—дейді. Ойында ештеңе жоқ Тәнен датқа түрі өзгеріп: —Ой, пірім-ай! Олар кімдер болды екен? Ай ,Майлы !Ең болмаса кескін —келбетін айт!- дейді. Сонда Майлы қожа ақын: —Ай көзіме алғаш ілінген, Адам шошиды түрінен! Дөңгелек жүзді,дөң маңдай, Қасы менен қабағын, Ұрып-соғып қосқандай! Оң қолында қыран бүкіт, Қауқа сақалы ормандай! Оң шекесінде құс .....