Педагогика | Қазір мектепте оқушы ұжымын қалыптастыру жолдары

КІРІСПЕ
«Жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады», - деді А.В.Луначарский. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
Н.К.Крупская: «Тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы - ұжым» -деді.
Барлық уақытта да өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде оқушыларды тәрбиелеу үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Балалардың тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол ұжым мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара тұрмыстық өмір. А.С.Макаренко баланың ұжымдағы қарым-қатынасындағы қызмет әрекетін ұйымдастыру және салауатты өмір салтын құру, мектеп пен ұжым арақатынасы туралы түсініктеме жазған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Қазақтың ұлттық ойыны және дене тәрбиесі сабағында қолдану жолдарын анықтау және талдау жасау

1. Ұлттық ойындардың тарихы мен сипаттамасы
1.1. Ұлттық ойындардың тарихи мағлұматтары мен мазмұны
Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспанды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау - ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер тутызады.Дәл осындай жағдай қазақтың ұлттық ойындарының даму тарихына да кятынасы болса керек.Халықтың ұлттық және спорггыкой-ыңдарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптастыру кезеңдері, тәрбиелік маңызы - халыктың саяси әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болады. Қазіргі кездегі тарих гылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүтінге дейін бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласынын жаратылған күнінен, демек қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонан бері біздерге жетіп, ойнап журген ұлт ойындарынын ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, карагие, тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында деректер бар.....
Курстық жұмыстар
Толық

Сіркесуын пайдаланудың жолдары

Әр ас үйінде ұзақ уақыт бойы қозғаусыз тұратын нәрселердің бірі – сіркесу. Оны үйде пайдаға асырудың жолдары бар ма?

✅ 1. Егер үйдегі кішкентай бала қабырғаға қаламмен жазып тастаса, таза сіркесуы оны тазарта алады.

✅ 2. Киім жуу кезінде, сабынды толық кетіру үшін шаю барысында ¼ стақан сіркесуын қосыңыз.

✅ 3. Киімнен дезодарант ізін кетіру үшін қолмен жуу кезінде ұнтаққа сіркесуын қосыңыз.

✅ 4. Киімнің түтігі шығып кетпеуі үшін, жуу алдында киіміңізді бірнеше минутқа сіркесу араласқан суға салып қойыңыз. ......
Кеңестер
Толық

Ақ жейдедегі тердің дағын кетіру жолы

✅ Ақ жейденің көбіне қолтық тұсында сары дақ қалады. Әрине тердің ізі. Ол дақты қолмен жусаңыз да, кір жуатын машинамен жусаңыз да, орны қалып қояды.

✅ Сары дақты кетірудің жолы бар. Сізге керек бір-ақ нәрсе, ол – аспирин (ацетилсалициловая кислота).

✅ Екі таблетка аспиринді ұқыппен майдалаңыз. Ыдысқа (үлкен ыдыс емес, шағын ыдыс таңдағаныңыз дұрыс, өйткені, жарты стақан суды таппай қалуыңыз мүмкін) майдаланған аспирин мен кір жуу ұнтағын салып, үстіне жарты стақан жылы су құйыңыз. Қоспаны жақсылап араластырып, ақ жейдеңіздің дақ тиген жерін сол қоспаға малып алып, ысқылаңыз.

✅ Әбден ысқылап болғаннан кейін осы сұйықтық ішінде жейденің дақ тиген жерін 1-2 сағатқа қалдыра тұрыңыз. Уақыт өткен соң жейдені қарапайым кір жуу әдісімен жуып аласыз.

✅ Ақ жейдедегі тердің дағын кетіру жолы

✅ Нәтижесі сізді қуантады: дақтар «өзінен-өзі» жоқ боп кетеді.......
Кеңестер
Толық

Ақ аяқ киімді күту жолдары

Күн жылына бастағанда әдемі әрі сәнді аяқ киімімізді шкафтан шығара бастаймыз. Ақ түс әмбебап түстердің біріне жататындықтан, ақ түсті аяқ киім барлығында дерлік бар деп ойлаймын. Ақ түсті аяқ киімдер әдемі көрінгенімен, ерекше күтімді қажет етеді. Себебі оған тиген кез келген дақ пен жарық бірден көзге түседі.

Ақ немесе ашық түсті былғары аяқ киіммен даладан үйге кірген кезде шаңын жүн матамен сүртіңіз. Содан соң оған қалпына келгенше 15-20 минут сайын аяқ киімге арналған түссіз крем жағыңыз.

Егер аяқ киімді жуу қажет болса, жұмсақ ысқышпен немесе тіс щеткасымен, жылы ерітілген сабын және жуатын ұнтақ көмегімен тазартуға болады. Содан соң ағын сумен абайлап шайып тастау керек. Аяқ киім ішіне су тимеуін қадағалаңыз. Аяқ киім толық кепкен соң, түссіз крем жағыңыз.......
Кеңестер
Толық

Бетті ағартудың жолдары

✅ Бет терісіндегі пигментті дақтар – көптеген қыз-келіншектің басты мәселелерінің бірі. Сондықтан арулар дақтан арылудың жолдарын қарастырып, бетіне түрлі маскалар жасап, кремдер жағатыны да сөзсіз. Ал көп жағдайда олардың нәтижесі көңіл қуанта бермейді. Сондықтан маскалардың да үздігін таңдау керек.

Пигментті дақтардың пайда болу себептері де әртүрлі: гормональді өзгерістер, жүктілік, күн сәулесінің әсері, антибиотиктер қабылдау салдары, сапасыз косметика және тағы басқа.

Картоптан дайындалатын ағартушы маска, сонымен қатар, бет терісін жұмсартып, безеулердің алдын алады. Ал оның әсерін жақсарту үшін өзге де ингредиенттермен толықтыруға болады. Бұл масканың пайдасы, қолдануы жөнінде Кәмшат Жолдыбаева да бөліскен болатын. ......
Кеңестер
Толық

Безеу картасы және безеуге қарсы күресу жолдары

✅ 1 және 2. Ас қорыту жүйесі - өнделген және денсаулыққа пайдасы кері тағамдарды аз жеңіз. Май үлесі аз тағамдарды көбірек тұтынған жөн.

✅ 3. Бауыр - Ішімдік, майлы тағамдар, сүтті тағамдардан бас тартыныз. Осыған қоса күніге жеңіл жаттығулар жасаңыз. Көбірек ұйықтаныз.

✅ 4 және 5. Бүйректер - көз айналасындағы барлық ақаулар (оған қоса айналасының қарайуы ) бұл бүйректердің қурап бара жатқаның көрсетеді. Көп мөлшерде су ішіңіз.

✅ 6. Жүрек - артериялық қысымды және В дәрімен деңгейін тексеріңіз. Ащы тағам, ет жеуді азайтыныз. Таза ауада көбірек болыңыз. Оның үстіне холестерин деңгейін төмендетініз. Пайдасыз майлы тағамдарды пайдалы майлы тағамдарға ауыстырыныз. Мысалы: жаңғақтарда, авокадода, балықта, зығыр дәнегіңде пайдалы Омега-3 пен Омега-6 үлесі бар. Соған қоса осы аймақта тері өткізетін бет терісінің тесіктерінің бітелуі ескірген макияж немесе мерзімі өткен косметика себеп болуы мүмкін. Осыған да аса көңіл бөліңіз. ......
Кеңестер
Толық

Анемиядан арылу жолдары

Анемия немесе қан аздық ауруына бүгінгі таңда көптеген жандар ұшырауда. Дәрігерлердің айтуы бойынша, анемия ауруына қыз-келіншектер мен кішкентай сәбилер көп ұшырайды. Әсіресе, 4,5-5 жастағы балалар көп ауырады. Анемия балалардың бойларының өсуіне, буындарының қатуына, тістерінің дұрыс шығуына кері әсерін тигізеді.

Анемияның белгілері

Егер де теріңіздің бозарғанын, басыңыздың қайта-қайта айналып, ағзаңыздың әлсіреп, көзіңіздің қарауытқанын байқасаңыз, сізге дереу дәрігерге жолығу керек. Сондай-ақ, аяқ-қолыңыз тартылса, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығып, тістеріңіз тазалаған кезде қанаса, денсаулығыңызды тексертіңіз.......
Кеңестер
Толық

Матрастағы дақтан құтылудың жолы

Кейде матрасқа қолымыздағы нәрсені төгіп алып, дақты кетіре алмай жатамыз. Әсіресе кішкентай балалары бар үйде мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Ал бүгәнгә таңда матрастың бағасы өте қымбат тұрады. Сондықтан біз сіздерге матрастағы дақтан ешқандай химиялық қоспасыз құтылудың жолын ұсынамыз.

Ол үшін:

- 235 мл сутек тотығы;
- 3 ас қасық ас содасы;
- сабын немесе ыдыс-аяқ жуатын құрал керек.

1. Қоспаны алдын ала дайындап, сақтап қоюдың қажеті жоқ. Өйткені ол көп тұрып қалса, дақ кетіргіш қасиетін жоғалтады. ......
Кеңестер
Толық

Бүйрек қуық жолдарындағы тастан құтылу

Халық медицинасында жантақ шөпті емге қолданған. Ол шөлді, құмды, далалы аймақтарда көп өсетін түйе малының негізгі қорегі. Құрамында С витамині, каротин, эфир майлары, гликозид бар. Жантақ шөбінің іш жүргізетін, несеп айдайтын, тер шығаратын, өт жүргізетін және қабынуға қарсы әсер ететін қасиетімен ерекшеленеді. Дәрі жасау үшін жантақ шөбін жаз айларында, тамырын күзде жинайды. Өсімдіктің жапырақтары мен бұтақтарынан жасаған тұнбаны жөтел басатын дәрі ретінде және бүйрекке, қуыққа тас байланғанда пайдаланса жақсы нәтиже береді.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі: 20гр. тамырды 1 стакан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырып қояды, содан соң сүзіп алып, 4-5 қасықтан күніне 3 рет ішеді. Бүйрекке тас, құм байланғанда жүректің қызметі нашарлап, денені ісік шалғанда да жоғарыда айтылған тұнбадан 1 қасықтан күніне 3 рет ішкен жөн.......
Кеңестер
Толық