Елбасы жолы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық....

Эсселер
Толық

Сатиралық ертегі: Таз, Жалақ, Сулы көз – үш жолдас

«Қу да қу түстен кейін жолдас-ты» деген емес пе? Бір күні түс ауа берген мезгілде табиғаттың гүлденіп, нұр беріп тұрған шақта оңаша ат шаптырғандай ашық даласында таз, жалақ, сулы көз – үшеуі кездесіпті. Біраз отырып, басынан өткен қызықты әңгімелерін қыздыра отырып, таз жолдастарымен: «бір нәрсе ойлап отырмын», – деді.
– Айт, айт! Біз үшеуміз жолымыз түсіп, қосыла қалған екенбіз. Күнде мұндай бас қосылып, көңіл көтеру табыла бермес. Сондықтан қыз күнімізге дейін ескерткіш болу үшін мен ойлағанымды орталарыңа салайын.
Менің жолым алыс, сендерді білмеймін, егер де мақұл көрсеңдер, маған біраз жерге серік болыңдар, бұл – бір. Екінші, сонау мұнарланған төбеге жеткенше мен басымды қасымаймын, сулы көз көзін сүртпесін, жалақ ернін жаламасын. Міні, осыны орындаған күнде біздердің қай жерде жүргенде де қулығымыз тірі жаннан кем болмайды, – деді. Сулы көз жалақ екеуі ақылдасады. «Мұның да айтқанын істеп көрейік. Осы бізден бұрын өткендер «өнерді үйрен де жирен» деп, неге айтты дейсің? О да осындай жастарына үйрене бер деген ақыл ғой, екеуміз де болады дейік, – деп, тазға келді.
Таз:
– Не ойладыңдар, мырзалар!......
Ертегілер
Толық

Жануарлардың көбею жолдары 2-сабақ (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат. Жануарлар
Сабақ тақырыбы: Жануарлардың көбею жолдары 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.2.2.4 Жануарлардың көбею жолдарын түсіндіру.
Сабақ мақсаттары: Жануарлардың көбею жолдарымен танысу. ........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жануарлардың көбею жолдары 1-сабақ (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат. Жануарлар
Сабақ тақырыбы: Жануарлардың көбею жолдары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.2.2.4 жануарлардың көбею жолдарын түсіндіру
2.1.2.2 Бақылаудың негізгі белгілерін (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже) анықтайды
2.1.2.3 шартты белгілер көмегімен бақылау нәтижелерін тіркей білу
Сабақ мақсаттары: Жануарлардың өкілдерін ажырату, олардың көбею жолдарын түсіндіре білу.........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Гравитациялық күштер. Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Гравитациялық тұрақты және оны анықтаудың жолдары (Кавендиш тәжірибесі). (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Гравитациялық өріс
Сабақ тақырыбы: Гравитациялық күштер. Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Гравитациялық тұрақты және оны анықтаудың жолдары (Кавендиш тәжірибесі).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.2.4 - гравитациялық өрістің физикалық мағынасын түсіну және гравитациялық өрістің кернеулігін масса бірлігіне әсер ететін күш ретінде анықтау;
9.1.1.2 - SI негізгі өлшем бірліктерін пайдалана отырып, физикалық теңдеулерді тексере білу;
9.2.2.9 - ауырлық күшін гравитациялық өрістің дене массасына әсері ретінде түсіну;
9.2.2.7 - Жер бетіне жақын арақашықтарда гравитациялық өрістің тұрақтысы тұрақты шама екендігін және ол еркін түсу үдеуі деп аталатындығын түсіну;
9.2.2.5 - бүкіләлемдік тартылыс заңын білу және пайдалану;
9.2.2.6 - бүкіләлемдік тартылыс заңынан гравитациялық өрістің кернеулігінің g=GM/r2 формуласын шығару және оны есептерді шығару кезінде пайдалану;
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
Гравитациялық өрістің физикалық мағынасын түсінеді. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын біледі
Оқушылардың көпшілігі:
Гравитациялық өрістің кернеулігін масса бірлігіне әсер ететін күш ретінде анықтайды. Бүкіләлемдік тартылыс заңын пайдаланады.
Кейбір оқушылар:
Бүкіл әлемдік тартылыс заңын қолданып әр түрлі типтегі сапалық тапсырмаларды орындайды......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Сатиралық ертегі: Хан мен кедей жолаушы

Алыс жерден иесіз даламен Бұхар шаһарына бір кедей жолаушы келіпті. Қалаға келген соң ол тұп-тура барып, ханның үйіне кіріпті. Ханның ауыз үйі салқын болған соң бұл жолаушы киімін шешіп, жайланып, демін алып, азығын жей бастапты. Ханның ауыз үйінде отырған жендеттер жолаушыны көріп, мұның ханның үйіне барып, кіргеніне қайран қалып, сасқанынан не қыларын білмей тұрып, ақырында, жолаушыны қуа бастапты. «Қумаңдар, дем алған соң өзім кетемін», − деп, жолаушы бұларға айтқанда, жендеттер жолаушыға ашу шақырып айтыпты: «Сен бұл арада неғып отырсың?», − деп. Жолаушы айтыпты: «Тамақ жеп алған соң, екі сағаттай дем алып, ұйықтап алып жөнелем», − деп айтыпты.

− Ей, әдепсіз кедей, көрмей тұрсың ба, бұл қонақ үй емес, менің сарайым! – деп, бұған хан айғай салыпты.

− Бұл үй сенің сарайың ба, Бұхардың ханы, айтшы, бұл сарайда бұрын кім тұрды? – деп, асықпай, ханға жолаушы сөз қайтарыпты.

− Менің әкем тұрды, − деп хан айтқанда:

− Бұрын, сенің әкеңнен бұрын кім тұрды? − деп, жолаушы айтыпты.....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Жақсылық пен Жамандық жолдас болған

Бұрынғы заманда жақсылық пен жамандық жолдас болып жүріпті. Екеуінің де ат, тоны, азығы болыпты. Eкeyi жақсылықтың азығын жеп жүріпті. Жеп жүргенде жақсылықтың азығы таусылыпты. Жамандық айтыпты: «Жақсылығым, азығың таусылды, енді қайтесің?»—депті. «Жамандығым, өзің біл!»—депті. «Өзім білсем, атыңды сойайық»,—депті. Жақсылықтың атын сойыпты, Жақсылықтың атының етін eкeyi жеп жүріпті, азық тағы таусылыпты. «Жақсылығым, енді қайтесің, атыңның eтi таусылды»,—депті «Жамандығым, әлі де болса өзіңіз біліңіз»,—депті. «Өзім білсем, жақсылығым бip құлағыңды кeciп, пicipiп, өзіңе берейін жеймісің?». «Жeймiн, жамандығым»,—депті. Бip құлағын кесті, бip күнге азық болды. Жамандық айтты: «Бip құлағыңды бip күнге тағы да асып берейін»,—депті. «Тағы да азық таусылды, жақсылығым, енді қайтейін»,—депті. «Әлі де болса, жамандығым, өзің біл»,—депті. «Жақсылығым, өзім білсем, бip көзіңді ойып бip күнге азық қылып берейін»,—депті. Бip көзін тағы да ойып бip күнге азық қылып берді.

Жақсылықтың ат, тоны, азығы, құлағы, көзі бiттi. Жамандық жақсылықтың азығын бipгe жеп түгесті. Жақсылықтың азығы таусылған соң, жамандық азығын бермеді. «Жақсылығым,—деді атыңды сойып жедік,—деді, екі көзіңді ойып, құлағыңды кeciп, төрт күн азық бepдiм,—деді. Жақсылығым, енді қайтесің? Енді құлағың жоқ, көзің жоқ, Жақсылық, ceнi тастап кетемін»,—деді. «Жамандығым, дeдi тастап кетсең бip қалың қара тоғайдың iшiнe таста»,—деді. Жамандық қалың қара тоғайдың iшiнe Жақсылықты әкпеліп тастап кетті.....
Ертегілер
Толық