Мен бұл курстық жұмыста «Цифрлық байланыс технологиялар» пәнінің негізгі ой және идеяларын түсіне отырып бір–бірінен кешігіп отыратын ақпараттық екі тарату және қабылдау арасындағы деректерді таратудың орташа жылдамдықтағы күре жолын жобалап үйрендім. Цифрлық сигналдардың берілу және өңделу жүйесін құру принциптерін, цифрлық байланыс жүйесінде беру жылдамдығын жоғарлататын бағдарлама – аппараттық әдістерін, байланыс арнасын тиімді пайдалану әдістерін игердім. Осы пән бойынша оқу процесінде орындалатын курстық жоба, студенттерге «Цифрлық байланыс технлогиялар» курсының бөлімдерінің негізін түсініп, инженерлік практика кезінде кездестірілетін есептерді шығару дағдысына көмектеседі ....
Конфликт (лат. тілінен – қақтығыс) А. А. Урбановтың тұжырымы бойынша: бәсекелестіктің түбіндегі қарама -қайшы ойлардың қақтығысуы (мақсаттың, ұстанымның, көзқарастың) түрлі өткір эмоционалды толқулармен байланысты өзара түсініспеушіліктің болуы. Конфликті жағдайдың жағымды жақтары: - Көптегн мәселелердің шығуына, олардың шешілуіне көмектеседі - Іс- әрекеттіңтиімді жолдарынның пайда болуына - Кейде ұжымныңсыртқы қысымдарға бірігіп қарсылық көрсетуіне себеп болады. Кері жақтары: - Әлеуметтік психологиялық климаттың нашарлауына алып келеді - Адамның жүйке жүйесінеәсер етіп, күйзеліске ұшыратады. - Көптегн адамның тікелей жұмысындағы міндетін орындауда көлінің бөлінуі. Сондықтан, конфликт – бұл кездейсоқ күрделі және қарама – қайшылық тудыратын психологиялық құбылыс. Конфликттің негізгі құрылымдық компаненттері: конфликт объектісі, конфликт мүшесі (оппонент), конфликтті жағдай, инцидент (қақтығыс). Ең кең таралған деп М. Дайчпен ұсынлған конфликттің типологиясын қарастырайық. 1. Шынайы жанжал. Бұл «объективті өмір сүретін және адекватты қабылданатын» жанжал. 2. Кездейсоқ не шартты жанжал. Жанжалдың бұл түрінің өмір сүруі «екі жақты мойындалмайтын немесе игерілмеген жеңіл өзгеретін» жағдайларға тәуелді. ....
Мен сіздерге, Қазақстан халқына, қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жолдап отырмын. Мен Сіздерге осынау болашаққа қол жеткізіп, өз мұратымызды іске асыруға жәрдемдесе алады-ау деген сенім ұялататын стратегияны ұсынғым келеді. Мен сіздермен келер ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, алыс перспективаға ендеп бойлайтын болашақ жайлы өзімнің ой-толғаныстарыммен бөліскім келеді. Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Бұл бізге не үшін қажет? Менің ойымша, біздің әрқайсымызда ендігі жерде тек бүгінгі күнмен ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз шешумен ғана өмір сүруге болмайтындығын терең түсіну сезімі пісіп-жетілді. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екендігін анық білуге және ұғынуға тиіспіз. Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң-бұрылысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз. Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз. Бүгінгі таңда басымыздан кешіп отырған қиын жағдайлар бізді күш-қуатымыз бен үміттен айырмауға тиіс. Перспективаларымызды айқын үғыну, жолымызда тұрған қиындықтар мен қауіп-қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамымыздың барша азаматтарын осынау ортақ міндетті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі. Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Өткен жылы мен осы мінберден еліміздің барлық саяси күштеріне дағдарыстың қиын кезеңінде елімізге және қоғамға қолдау көрсету үшін партияаралық диалогты орнықтыруды және бірігуді ұсынған едім. Менің бастамам қолдау тауып, 7 саяси партия экономикалық дағдарыс жағдайында әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы Меморандумды бірлесе әзірлеп, оған қол қойды. Бұған үлкен ризашылығымды білдіремін. Бұл – мәні зор елеулі оқиға. Біз осы кезеңдегі саяси риториканың байыпты, ал сынның көп жағдайда сындарлы екенін көріп отырмыз. ....
Оқу мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Мектептегі баланың оқу әрекеті күрделі, жан-жақты үрдіс, Ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін, өздігінен білім алуын қажет етеді. Мектеп жасындағы баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Балданың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезімі мен еркі сияқты үрдістермен, іске асады. Кіші мектеп жасындағы оқушыларждың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін өздігінен әрекетін қалыптастырып отыру керек. Ең алдымен мектепке келген баланың алдына қойған мақсат міндеттерін түсінуге баули отырып оқыту, тәрбиелеу қажет. Тәрбие өмір бойы үздіксіз жүретінүрдіс болса, қазақ халқы жетілген, өз бетінше жұмыс атқара алатын тулғаның сипатын “Сегіз қырлы бір сырлы” деген бір ауыз сөзбен түйіндеген. “Қазақстан-2030” Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі өз бетімен жұмыс жасау біліктілерін қалыптасыру. Мектеп оқушыларына тәрбие беру тұжырымдамасында: Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз күрделі үрдіс: Әрбір оқушыға жеке қарап, оның өзіне тән санасы, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар, оқушыны дамытуды мектеп алдындағы бір міндет болып саналады. ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі ой-пікірлерден педагогикалық көзқарастары білім беруде оқушының шығармашылық қабілетін өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің мәселелері болғанын өмір дәлелдеп отыр. Енді осы мәселені дамыту үшін мектептің алдында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Мектептің педагогикалық үрдісіндегі негізгі мәселе – білім беру, өздігінен білімін жетілдіру, өз бетінше жұмысты ұйымдастыру үйрету жолдары болып табылады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің жолдары болып табылады. Сондықтан, бұл мәселе оқушыларды ғылыми таным әдістердің логикалық ойлауды, ғылыми заңдылықтарды түсіну, практикалық міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс. Осыған орай балалардың ғылыми білімді, дағдыларды, өздігінен білімс алуды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады. Бұл мәселенің маңыздылығы мен қасиеттілігін П.Я.Гальперин, И.Я.Лернер, В.П.Паламер÷ук, М.Жұмабаев, Т.Сабыров, Ж.Б.Қоянбаев т.б. ерекше мән береді. ....
Бұл курстық жұмыста кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалап, оның тұрақтылыққа жету жолдарын, экономикалық тиімділікті де анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайын бағалау адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.....
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары әлі білінуде. Еліміз нарықтық экономиканың амал - тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен, кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп, дамыған елдердің қатарына қосылу мәселесі тұр. Бұл дегеніміз – ел азаматтарының әл –ауқатын арттырып, әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болуымыз керек. Қазір Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне барлық алғы шарттыры бар. ҚР Президерті үстіміздегі жылдың 1 – ші наурызындағы халыққа жолдауында осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияның басымдықтарын атап бнрді. Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық бағыттан арылу үшін елімізде 2015 жылға дейінгі «Индустриялық – инновациялық даму стратегиясы» әзірленді. Оны іске асыру ел экономикасын қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Қазақстан экономикасының тұрақты, қарқынды экономикалық өсуі үшін, отандық өнеркәсіп салалары дамуы қажет. Инвестициялық салымдарды өнеркәсіп салаларына тарту қажет.Сонымен қатар кәсіпорындарды қазіргі на- рық талап тарына сай бейімдеу керек. Кәсіпорындарға ірі қаражаттарды тарту, оларды тиімді пайдалану қажет. Ал, ол үшін мемлекетіміздегі кадр мә- селесін, білікті маман даярлау мәселесін шешу керек. Кәсіпорындарға жаңа техникамен технологияларды тарту қажет. Ел басымыз айтқан инновациялар- ды ірі кәсіпорындарға ғана емес, сонымен қатар шағын кәсіпорындарға да тарту керек. қазіргі таңда зауыт – фабрикалардың техникалық құрал жабдық–тар базасы ескірген. Ал ол өндіріс тиімділігін төмендетуде. Себебі ескі маши- наларда 2 -3 адам жұмыс істесе, жаңа технологиялар қолданылған құрал-жаб- дықтарда бір адам жұмыс істей алады және өндіріс тиімділігі кемімейді, ке– рісінше артады. Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорындағы өндірістиімділігін арттырудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, кәсіпорындардың өндірістік тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес,курстық жұмыста келесідей сұрақтарға жауап беруді қарастырып отырмыз: - өндірістік тиімділігінің жалпы мәні мен маңызын түсіну; - өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторларды анық- тау; - өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын анықтау. ....
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындадыды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шыгыиды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жүмыс істеу келмеске кетеді. Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бе-тінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыган байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғаргы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. ....
Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады. Өндірістік шығындар, өнімнің өзіндік құны экономикалық сатының басты элементтері болып табылады. Олардың деңгейі, көбінесе, пайда көлемін, кәсіпорын рентабельділігін және шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын анықтай отырып, оның өндірістік шығындарын қысқартып, оптималды экономикалық жетілдірудің негізгі бағыты болып табылады. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында (Астана, 2008 жылғы 18 ақпан): «Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар. Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2007 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетті, ендеше 2008 жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар. Мен 2010 жылы жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімді 5 800 АҚШ долларынан асатын мөлшерге, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сияқты елдердің бүгінгі деңгейіне, 2015 жылы шамамен 9 000 АҚШ доллары мөлшеріне жеткізуге күшіміз жетеді деп санаймын. Жалпы, сатып алу қабілетінің шамасы жағынан бұл цифрларға біз қазірдің өзінде жақынбыз. Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2003 жылмен салыстырғанда 2010 жылы екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та, бұл көрсеткішке 2008 жылы-ақ жететінімізге сеніміміз мол,» - деп жазған. [1] Осыған орай, біз ұлттық табысты арттыруымыз қажет. Ал ол үшін, ең алдымен, табыс, пайда әкелетін кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнесті, олардың субъектілерін одан әрі дамытып, өнім сапасы мен өндіріс тиімділігін арттырып, табысын көбейту керек. Яғни, кез келген өндірістік кәсіпорын өзінің өндірістік шығындарын қысқартқаны, төмендеткені жөн. Бұл пайданы арттырудың негізгі кепілі болып табылады. Сондықтан, осы дипломдық жұмыстың тақырыбы «Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары» - қазіргі кездегі өндірістік кәсіпорындар үшін өзекті мәселе болып отыр. ....
Қазіргі таңда кәсіпорындардың қаржы жағдайының тұрақты болуы өткір прблемалардың бірі болып отыр. Өйткені қаржы жағдайы тұрақты кәсіпорындар өз міндеттемелері бойынша уақытылы есеп айырыса алады. Оның бірі экономика тірегі – бюджет . Кәсіпорындардың қаржы тұрақтылығы – экономика тұрақтығыны басты кепілі . Сондықтан кәсіпорын өзінің қаржы тұрақтылығы мен тілем қабілеттігін сақтауы үшін оның қаржысының дұрыс ұйымдастырып , басқара білуі тиіс . Нәтижесі жоқ басқару шеімдерін қабылдау және жүзеге асыру кәсіпорынды тұрақсыздыққа душар етеді. Ал қаржыны дұрыс ұйымдастырып дұрыс басқару үшін қаржы талдауының мәні зор . Өйткені қаржы талдауы кәсіпорын мүліктерінің дұрыс орналасуына , олардың қалыптастыру көздеріне оның қаржы тұрақтылығына , өтімділігіне , төлем қабілеттігіне баға беруге мүмкіндік береді. Осы арқылы кәсіпорынның әлсіз тұстарын анықтап ,оларды жою , яғни қаржы жағдайын сауықтыру бойынша шешімдер қабылдауға мүмкіндік туады . Курстық жұмыстың басты мақсаты нарықтың экономика жағдайында кәсiпорынның алдында тұрған негiзгi мәселелердiң бiрi қаржы жағдайын жақсарту жолдарын iздестiру болып табылады . Кәсiпорынның қаржы жағдайын жақсарту актуалдылығын келесiдей түсiндiруге болады. Кәсiпорын кез-келген iс- әрекет жасау үшiн алдымен оны қаржыландырудың жолын iздейдi . Яғни барлың мәселе айналып келгенде қаржыға тiреледi. Міне осы қаржы ресурстарымен кәсiпорынды уақытында ірi қажет мөлшерде қамтамасыз ету мәселесiмен қаржылық менеджмент айналысады. Кәсiпорын қаржысын басқару үшiн алдымен оның ағымдағы қаржылық жағдайын бiлу керек. Ол қаржылық талдау арқылы жүзеге асады. Ол үшiн арнайы көрсеткiштер жыйынтығы қолданылады. Бұл аталғанның барлығы қарастырылып отырған тақырыптың өзекті екенін көрсетеді . Жұмыстың негізгі мақсаты – мекеменің қаржысын ұйымдастырылу мен басқарылуына баға беру. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында келесі міндеттемелер орындалады : - кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру және басқару мәселесін ашып көрсету: - кәсіпорынның негізгі технико – экономикалық көрсеткіштеріне , қаржы жағдайына баға беру - анықталған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жасау . Жұмысты орындау барысында « Қант АҚ » бухгалтерлік болашағы , қаржы – шаруашылың қызметінің нәтижесі тұралы есеп беру мәліметтерді , сондай – ақ отандың және шетелдік әдебиеттер материалдары қолданылады. ....
«Күрделенген сөйлемдер» деген атау бұрын тілімізде болғанымен де, осы ұғымды қамтитын сөйлемдер әр түрлі синтаксистік категориялардың қарамағынан орын алып еді. Олар өздерінің атқарып отырған функциясына орай, сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасына қарай сол жердегі мәніне байланысты аталып қалыптасты. Кейбір күрделенген сөйлемдердің ішінен өз алдына жеке бір «сөйлемдер» бөлініп шығып жатады. Мұндай сөйлемдер оқшаулана атылғанымен, олардың бойында субьект-предикаттық қатынас болмайды. Сондықтан да олар әдеттегідей дербес сөйлемдер мағынасында түсінілмейді. Бұлар тек субьектінің түрліше көзқарастары мен сезімдерін не болмаса саралау бғытында айтылады. Осыған орай мұндай мәндегілер сөйлемнің негізін құрамай, тек онда көмекшілік қызметте жұмсалады. Сөйлем құрылысынан көмекшілік мәніндегі сөз топтарын алып тастасақ, жалпы ой мазмұны, сөйлем іргесі бұзылмайды. Мысалы: ...Әйгерімнің де «күнім» деп айтқан сөзінде, анық өз аспанындағы күнін сезгендей, илану бар еді (М.Әуезов). Мұндағы курсивпен терілген оғашаланған айқындауышты мүшелерді айтпасақ та, сөйлем өз құрылысын, өз іргесін сақтай алады: Әйгерімнің де «күнім» деп айтқан сөзінде... илану бар ед. Сөйлемдегі негізгі ой да –осы. ....