Жолбарыс

Жолбарыспын жыртқышпын
Бәрінен де мықтымын
Ормандардағы аңдардың
Жайратып салар күштімін.

Тақпақтар
Толық

Қалайша шиебөрі жолбарысты алдады

Бір күні жолбарыс тамақ іздеп шығып, бір торға түсіп қалса керек. Сол тордан шыға алмай жатып, со арада бір жаяу адам өтіп жүрсе керек, жолбарыс оны көріп жалынады. «Әй, сен, адам болсаң, мені осы тордан босатсаң, мен өтеп беремін, көп қайырым саған қыламын». Жамандықты ойламаған адам торға келіп, жолбарысты босатып шығарды. Жолбарыс босанып шыққан соң, адамға айтты: «Мен болсам бірнеше күн тамақ көрмей, әбден қарным ашты. Мен сені жеймін». Сонда адам айтты: «Оу, сенің мені жарылқаймын дегенің кәне? Енді өстіп, мені жеймін деп тұрғаның бола ма? Бұл істі біреуге барып айтып......
Ертегілер
Толық

Жолбарыс жеген түлкі

Бірде тіміскілене сүмеңдеп келе жатқан түлкіге тоғайды шарлап жүрген жолбарыс кездесіпті. Сонан соң екеуі жолдас болып, сапар шегіпті. Кешке таман бір көлдің жағасына келіп, сол арада түнемек болыпты. Жардың қабағына жатыпты. Ұйқтар мезгіл болғанда:

– Менің ұйқым қатты еді, аунақшып жатып, жардан құлап кетермін. Түлкіжан, сен менің оң жағыма жатшы, – депті жолбарыс.......
Ертегілер
Толық

Жолбарыс пен қоян

Бұрынғы өткен заманда бір қара орманға жолбарыс патша болыпты. Зорлықшылдығы сонша - өзіне кездескен аңды тарпа бас салып жей береді екен. Сөйтіп, орман ішін қан қақсатыпты. Содан аң біткен үрейден өлетін халге жетіпті. Ақырында барлық аң бас қосып, кеңес құрыпты.
— Жолбарыс көзі шалған аңды қылғып салып жүр. Тіршілігіміздің берекесі кетті. Соған тыйым салатын бір амал табуымыз керек.
Осылайша ақылдаса келіп, аңдар жолбарысқа елші жіберуді ұйғарысады. Елшілікке кімнің баруы керек екені жөнінде бәрі бір ауыздан:
— Қуа қалса, тасқа шығып кетерсің, тас сенің табаныңа балшықтай жабысады, – деп, тауешкіні жұмсапты.......
Ертегілер
Толық

Атақты ұры мен айбынды жолбарыс

Бір атақты ұры болыпты. Ол жапанда жаяу келе жатып бір керуеншілерден мінетін ат сұрайды. Керуеншілер басы артық ат жоқ екенін айтады. Ұры:

— Бәлем, қолыңнан бермегенді жолыңнан алармын,–деп керуеншілердің соңынан еріп отырады. Кеш болып, түн қараңғысын жамылғанда, керуеншілер бір тоғайдың шетіне келіп қонады. Ол тоғайда керуеншілерді тонайтын бір жыртқыш жолбарыс бар екен. Керуеншілер от жағып, көліктерін байлап тастап отырғанда, жолбарыс таяп келіп оттың сөнгенін бағып тұрады. Сол кезде ұры да жолбарыстың арт жағынан келіп керуеншілердің ұйқыға кетуін күтеді. Керуеншілер ұйықтады-ау деген кезде, ұры таяп келіп, ең жақын тұрған шұбарға сап етіп қарғып мінеді. Шұбар ат шошып ыта жөнеледі. Сонда ұрының салған әні......
Ертегілер
Толық

Жолбарыс пен тышқанның достығы жайында

Ерте заманда бір жолбарыс бір тоғайдың қалың бедерінде ұйықтап жатыр еді. Үстіменен бір тышқан жорғалап жүріп бара жатқанын сезіп, ұйқысынан оянып қараса, тышқан екен, ұстап алды да тышқанды қысып өлтіретін болып еді. Тышқан:

– Я, тақсыр, арызым бар, мені өлтірмеңіз, бір күнәмді кешіріңіз, білмеген екенмін, тірі жүрсем, мен де бір қызметіңізге жарармын, – деп, арызын айтты.

Жолбарыс күліп тұрып:

— Мен - жолбарыс, сен......
Ертегілер
Толық

БҚО-да қала тұрғындары көшеге қазақ батырының атын беруге қарсы шықты

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының тұрғындары Кеңес дәуірінен келе жатқан екі көшенің атын ауыстыруға қарсы шықты деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Хайуанаттар, жануарлар

Бір жылға қоян терісі де шыдаған.

Қоян көлеңкесінен қорқады.

Қоянның қарасын көріп, қалжасынан түңіл.

Қашқан қоян жатқан қоянды ала кетеді.

Көкпар тартқандікі, қоян қаққандікі.
Мақал-мәтелдер
Толық

Бақтыбай Жолбарысұлы (1842 - 1902)

Жетісу өңіріндегі атақты ақындардың бірі-Бақтыбай Жолбарысұлы 1842 жылы маусым айында дүниеге келген. Атасы Аңламастан Аю, Жолбарыс, Үден деген үш бала өрбіген. Жолбарыстан Тәттібай тарайды. Ол кезде Талдықорған жағындағы биік-биік таулар ішінде, жыра-сайларда аю, жолбарыс сияқты ірілі-уақты аң-құстар өте көп болған. Аңламас қарияның балаларын сондай күшті аңдардың атымен атауында гәп бар. Күш пен айланың заманында......
Рефераттар
Толық