Сабақтың тақырыбы: «Алғашқы қоңырау» (Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні)
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата - аналар! Армысыздар ардақты, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар! Биылғы 2018 - 2019 жаңа оқу жылының басты мерекесі кішкентай бүлдіршіндеріміздің бірінші сыныпқа қадам басуы. Ендеше, «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер! Мектеп деген білім күні, жыр күні, Мектеп деген ғылымның ең үлкені. Мектеп деген тәрбиеші адамға, Мектеп деген даналардың мекені. Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын! Ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “Алғашқы қоңырау” атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр. Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!.....