Бет тазалаудың кешкі ережелері

Кешке макияждан тазарту да бет күтімінің маңызды бір бөлігі. Өкінішке орай бетті тазартуға мән бермейтін не сабындап жуа салатын құрбыларымыз кездесіп қалады. Бетті дұрыс тазалау – әжімнің ерте түспеуінің бір кепілі болып табылады.

Кейбір бикештер «боянған жоқпын, сондықтан бетімді тазалаудың да қажеті жоқ» деп есептейді. Бұл – қате түсінік, себебі ауадағы шаң-тозаң тері бездерін бітеп, уақыт өте келе бет ажарының бүлінуіне әкеп соғады.

Ертеректе сабыннан басқа лосьонмен тазартқан болса, қазір сүт, тоник, гель сияқты түрлері өте көп. Тек дұрыс пайдалана білу қажет......
Кеңестер
Толық

Қонақ күту ережелері

Үйде қонақ күту – ғанибет саналғанымен, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Келген қонағыңыз өзін жайлы сезініп, риза болып кету үшін не істеу керек? Мұндайда күтіп алатын үй иесі мен оның әрекеттеріне көп нәрсе байланысты.

Үйімізге қонақтарды біз түрлі себептермен шақырамыз: әдетте Жаңа жыл, Наурыз сияқты мейрамдарда, мерей той, туған күн деген сияқты атаулы даталарда немесе жай кездесіп, әңгімелесіп қайтуға. Себебіне байланысты қонақтарды да соған сай шақыру керек.......
Кеңестер
Толық

Тәуелсіздік - тұғырым

 Азат күн туды қырандай еркін самғаған,
Асыл арманы ақиғат күнмен жалғаған
Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы
Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған..... 

Тақпақтар
Толық

Желбіре Жеңіс жалауы

Шығарма атам айтқан сөзден туды,
Ғаламтор,кітап,газет-журнал емес ,
Сыр бүркеніп,жас тамған көзден туды.
Балалық шақта дәурен құра алмаған,
Қайғы шегіп, қан жұтқан кезден туды.

Автор

Мамыр айы келсе, ата-әжелеріміздің мерекесі бірге келетіні бәрімізге аян.Ұлы Отан соғысының Қазақстан халықтарына салған салмағы аз болған жоқ.Өзім соғысты көрмесем де, ата-әжелеріміздің айтқан әңгімелерін тыңдап, соғыстың салған жарасын, езілген ет жүректің соққан лүпілін, қалдырған ізін, ой елегімнен өткізіп,атамды сағынып еске аламын. Атам мені дүниеге келген күнімнен бастап, аса жақсы көріп, бауырына басып өсірді. Әр жылы 9 мамырда болатын Ұлы Жеңістің мерекесіне баратын кезде біздің үйде, үлкен қуаныш болатын. Атам медаль, орденге омырауы толы костюмін киіп, жүзі жайнап мені бір иіскеп құшақтайтын еді. Ал анам болса таңның атысымен ерте тұрып мерекелік дастархан әзірлейтін еді. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Желтоқсан

Батушы еді жанға аяздай бір жоғы,
Шындық сұрап көтерілді ұл қолы.
Серіппе еді жылдар бойы жиырылған,
Қатты серіпті, аянбады бұл жолы.




Ол қатаң режимнің алдында мұндай болуы мүмкін емес деген нәрсені мүмкін етті. Ол режимді сонысымен шошындырды. Оның аты - Желтоқсан.
.....
Әңгімелер
Толық

Қобдабай Қабдыразақұлы | Асыл әжелердің үлгі өнегесі

Сурет: Ким Евгений

Әйел - әлемнің ажырамас бөлігі. Әйел - адамзаттың анасы. Әйел - тіршіліктің бастау бұлағы. Әйел - бақа басты еркектің қосағы. Әйел - отбасының өзегі. Әйел - шаңырақтың шамшырағы. Әйел - Тәңір-Тағаланың мейірімінің сынығы. Әйел - нәзіктіктің қас үлгісі.

Қазақтың дүниетанымын оның тұрмыс-тіршілігімен айшықтауға болады. Оның ішінде әйел мен ердің мәртебесі де тұрмыс-салттағы дәстүрлі түсініктермен бағамдалады. Мәселен, Атам Қазақ: «Еркек үйдің иесі, әйел үйдің шегесі» деп, әйел мен еркектің ерік-міндеттерін дәлме-дәл көрсетеді. Яғни, көшпелі халықтың патриархалды түсінігінде еркек шаңырақ иесі саналса, әйел сол отаудың отын жағып, ошағын қайнатып, үйдің берекесін кіргізетін жан. Бұл туралы көне түркінің дүниетанымын тереңірек зерттеп жүрген Д.Кенжетай былай деп тұжырымдайды: «Әлемді кеңістіктер мен бағыттарға бөлу арқылы мәденилендіру құбылысын киіз үйдің еркектік және әйелдік тарапқа бөлінуінен де көруге болады. Бірақ киіз үйдегі ең маңызды қазық - әйел болып табылады. Өйткені бұл кеңістік (ғарыш) - әйелдікі. .....
Әңгімелер
Толық

Пунктуациялық ережелер

Нүкте
§ 1. Нүкте хабарлы сөйлемдерден және екпінсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін қойылады (§1, 3, 7, 10, 13-тарды қараңыз, мұндағы жақша ішінде көрсетілген цифрлар II тараудағы “Пунктуация ережелерінің” параграфтарына сілтейді[1]).

§ 2. Нүкте әрі қарай кең түрде баяндау болатынын ескертетін сөйлемнен кейін қойылады (II тараудағы §2-ты қараңыз).

§ 3. Қыстырма сөйлемді алу үшін ашылған жақшаның алдындағы сөйлем аяқталып, оған тиісті тыныс белгілерінің бірі қойылған болса, қыстырма сөйлемнен кейін жақшаның ішінен нүкте қойылады.

Мысалы: Ендеше, егер рұқсат етсе, сонда түсейік. Бүгін ас ішетін жеріміз де жоқ. Жататын қуысы болса болады. (Итбайдың бұлай деуіне себеп – қызын көрейін дегендік еді.) (С.Мұқанов).

§ 4. Драмалық шығармаларда әр сөйлеуші кейіпкердің атынан кейін нүкте қойылады. Мысалы:

Петр. Бұл немене?

Амангелді. Біле алмадым... Сақал мен мұртқа бір кезек келген сияқты (Ғ.Мүсірепов).

Кейіпкердің атынан кейін ремарка (автордың түсіндірме сөздері) келсе, ол кіші әріппен жақша ішіне алынады да, нүкте жабылған жақшадан кейін қойылады:

Амангелді (атып тұрып). Кешігіп қалыпсыз, мырза! (Ғ.Мүсірепов).

С ә у л е (аз уақыт үнсіз). Перизат, сен байқайсың ба?(Ә.Әбішев). .....
Әңгімелер
Толық