Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:ҚР дамуы (1997 ж-бүгінгі күнге дейін) Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары 3-сабақ Сабақтың мақсаты: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себебін анықтау; Оқу мақсаты: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру;....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991 жылдар) Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.1.5 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру. 9.3.1.4 әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып талдау. Сабақ мақсаттары: Желтоқсан оқиғасының себеп-салдарын анықтау. Желтоқсан оқиғасының құрбандарын біліп, олардың тұлғаларына баға беру. Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру. ....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ҚР дамуы (1997 ж-бүгінгі күнге дейін) Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары (1-сабақ) Сабақтың мақсаты: Әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, себептерін анықтау Оқу мақсаты: 9.3.1.4 - әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстыру....
Қазіргі таңда қатты дамып кеткен жайттардың бірі, ол- әлеуметтік желі. Күнделікті өмірдің жартысын, кейде одан да көп бөлігін алып кетіп жатады. Бесіктегі балаға да, еңкейген кәрімізге де әлеуметтік желі қызық. Бейне бір өмірдің мәні секілді. Ал біз бұл әлеуметтік желі арқылы қанша уақытымызды зая кетіріп жатырмыз.Тіпті ешбір бала далаға шығып бір- бірімен ойнамайды, үлкендеріміз немерелеріне ертегі айтудан қалды. Ал оқушылар мен студенттер көп кітап оқудың орнына осы әлеуметтік желіде бос уақыттарын өткізеді. Адам әрбір минутын бағалау керек. Өмірді бос әлеуметтік желіге үнілумен өткізбеу керек. Өзіне керекті, пайдалы іспен айналысу керек. Себебі «Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені». Сондықтан адам әрбір уақытын тиімді жұмсау керек.
Адамдар әлеуметтік желіге не үшін кіреді? Барлығы неге тәуелді? - деген сұрақтар туындайды. Қазіргі кезде әлеуметтік желілердің дамығаны соншалық түрлі сайттар пайда болып жатыр. Олардың ішінде көп адамдар қолданатыны: Instagram, Вконтакте, Facebook, You Tube, Однокласники және басқалары. Бұл программалар несімен қызық? Біріншіден, жұлдыздар мен танымал тұлғалардың өміріне қарап, жастарда танымалдылыққа қызығушылық пайда болады. .....
Тəуелсіздік-қасиетті, киелі ұғым. Ол ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, үміті мен сенімі. Ол-азаттықтың алтын арқауы, елдігіміздің мызғымас тұғыры.
Кешегі Желтоқсанның ызғарында намысты ту етіп көтерген қазақ жастары тотолитарлық режимге қарсы шығып, ақ мұзда алау жаққаны биік рухтың, елжандылықтың жарқын көрінісі. Тəуелсіздікке жол ашқан ұлт-азаттық көтерілістің соңғы серпіні болды десек қателеспеспіз. Осылайша, Көкбөрідей киесі бар, көк түріктей иесі бар қазақ халқының сағы сынбады, бағы жанды. Тағдырымызға тəубе!
Небір қилы заманды, «тар жол тайғақ кешуді» басынан өткерген қазақ халқына Алланың мейірі түсіп, Егеменді ел атандық! 1991 жылы 16-желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» конституциялық Заңы қабылданғанына да, міне, биыл-28 жыл толмақ. Осынау жылдар аясында еңсеміз биіктеп, рухымыз шалқи түсті. Төрткүл дүниеге «қазақ» деген ұлт, «Қазақстан» деген мемлекет танылды, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді. Шекарамыз айқындалып, жеріміз түгенделді......
XXI-ғасыр келуі өркениеттің дамуы бізді телефонға телміртіп,әлеуметтік желі құрбаны қылуда.Осы тұрғыда жазып жатқан менде, оқып отырған сізде,қолданып отырған ұялы байланыс жайлы сөз қозғамақпын. Жақсылығымен жамандығы қатар жүретін заманда,ұялы телефонның пайдасыда зияны да бар.Көбіне пайдасын іздеп зиян жағына кетіп жатамыз,әсіресе қоғам жастары түнімен музыка тыңдайды,уақыт босқа өткізуі тағы бар.Ғалымдар зерттеуі бойынша ұялы байланыс зиянынаң көздің көруі, не болмаса адам жүйке жүйесіне, сонымен қатар есте сақтау қабілеті төмендейтінін бұрыңнан айтып келеді.10 жыл шамасында үзбей пайдаланған болсаңыз, ең бірінші адамның миына зиянды заттарды еңгізбейтін сүзгіштің қабырғалары бітеледі,ал болашақта мидың қатерлі ісігіне шалдығуы мүмкін.Ал күнделікті өмірде жұмыс орында,не болмаса көшеде,тіпті жатар алдындада электронды хат,қоңырау, жарты сағатта келмесе қайта –қайта қарап қуатын тексерумен боламыз.......
Естимісің? Біз жел өпкен ғұмыр кешудеміз. Капастағы қол, өзгенің қолына асығады, олардың ортасын жалғап тұрған жел жібін сұм өрт аймалайды. Сеземісің? Өзге өзгеге құштарлана самғайды. Тым жақынсың, алайда арада ащы түтін. Жабық терезелер болмағанмен, көзіміз байлаулы. Түсініксіз халде оянам, өзім мүлдем білмейтін және сүйетін адамыма шарасыз сыңғыр дыбыстарын жеткізе алмай азап шегем, ұмыту белгісі ретінде үздіксіз іздеумен, сенумен келем...(В.Лев)
Жерге түсіп жатқан алтындай сары жапырақтарға үңіліп, саябақтағы орындықта отырған едім, қарындас, бір жеріңіз ауырып тұр ма деп, біреу жақындап келді, - деп бастады өз әңгімесін Әнель. Шыны керек осы сөзді айта бастағанда жанарында шоқ болып, бір жалын көрінді. Сірә, қуанышты кезі жайлы айтып жатыр деп ойладым да, ары қарай жалғастыруын өтіндім. Әнель, бұл алтын түстес жапырақтар сіз үшін өте қымбат секілді ме деп қалдым, толығырақ айтпас па екенсіз? Неліктен? – деп сұрағымды жаудырттым. Ол жағын өзім де білмеймін, жаным?!)))). Сол күні менің жағдайымды сұрауға келген адам – ұзын бойлы, ақ құба келген Елдос еді. Мен оған ештеңе болмағанын, әншейін көңілімнің түсіп кеткенін айттым......
«Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын» Н.Ә. Назарбаев 1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр. Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы — теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындалуы — ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 25 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. ....
Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың сан ғасыр армандаған, жете алмаған арманы. Елін жерін жаудан қорғап, қасиетті дархан даланы азат етуді міндет еткен. Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай. Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады. Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқаңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз. Осылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар болды.Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар әкелді. Жаппай отаршылдықтың салдарынан Қазақ халқының жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла бастады. Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдай бабаларымыз халықты алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды. Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз»-деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?- деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды. Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арманы еді. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «Міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. ....
Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын Н.Ә. Назарбаев 1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау жылдардың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр. Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы - теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп ал¬у, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің же¬ріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бер¬мей¬ді. Мұндай істердің орындалуы - ерекше тарихи жетістік. Айта берсек еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.....