Кіріспе Көптеген ежелгі ғалымдар мен данышпан адамдардың айтуынша өмір деген қозғалыс деп түсіндіріледі. Қоғамның экономикалық өмірі де табиғат сияқты үнемі қозғалыста болады. Бұл қозғалыс сапалық және сандық өзгерістермен ерекшеленеді. Бұл өзгерістер өндірістік қатынастарға ғана емес сонымен еңбек өнімділігіне де әсерін тигізеді. Ал еңбек өнімділігінен өз кезегінде қоғамға қажетті экономикалық игіліктер туындайды. Яғни экономикалық өсу өндірістің және экономикалық игіліктердің өсуі немесе ұлғаюы деген мағынаны береді. Курстық жұмыста экономикалық өсу теориясы қарастырылады. Бұл теорияға сәйкес экономиканың толық деңгейде дамуы немесе өсуі үшін мемлекетте өндірілетін ресурстар толығымен және үнемді қолдануы керек. Мұнда ресурстар қатарына тек шикізаттар ғана емес, сонымен қоса экономиканың потенциалы, мемлекеттегі еңбек күші және тағы басқалар жатқызылады. Жұмыспен қамтамасыз ету теориясы мен экономиканы тұрақтандыру саясаты статистикалық немесе қысқа мерзімді факторларға негізделген. Теорияға жүгінсек, толық жұмысбастылық пен ресурстың тұрақты көлемі бар кезде экономика өзін қажетті жалпы ұлттық өніммен (ЖҰӨ) қамтамасыз ете алады. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кезінде негізігі себеп болған: Экономикалық өсу кез келген мемлекет үшін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Яғни мемлекеттің даму қарқын айқындау үшін оның экономикалық өсуне талдау жүргізу арқылы анықтауға болады. Менің ойымша, экономикалық өсу тақырыбы өте актуалды болып келеді. ....
1.1. Аграрлық секторда топырақ ресурстарының маңызы. Лтосфера – (грекше – Iithos – тас + sphair – ifh) – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30 – 80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Топырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмесфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер микроорганизмдер мен жануарлар арасвндағыайналымы- кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір – бір мен тығыз байланысты. Топырақтың табиғи ландашфаттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекелеген экожүйе деп қарастыруға болады. Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғ басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін - өзі реттеуге қаблиетті табиғи – тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихы мен тау жыныстармен, климатымен, өсімдіктерімен, тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен. Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құблысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды. Бүл қабат топырақтың ең белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылми анықтама берді, ол:топрақ түзілу процесі құнарлық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарм – қатынас деп көрсетті. ....
Кіріспе. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің эко-номикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды. Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа ен-гізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талап-тарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті. Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүр-лі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іс-керлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өң-делуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшы-лыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағ-дайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.....
Кіріспе Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір енбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені фирмаларда ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Фирмаларда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады. Нарықтық экономика жағдайында фирма шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, фирма тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн.....
Кіріспе. Тынық мұхит - ең ірі және ең терең мұхит. Ол дүние жүзілік мұхиттың ауданы бойынша 49,5% - ін, су көлемі бойынша 53% - ін алып жатыр. Ол бүкіл жер бетінің үштен бір бөлігін құрайды. Батысында Евразия мен Австралия, шығысында Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида материктерінің аралығында орналасқан. Тынық мұхитының Солтүстік Мұзды мұхитпен арасындағы шекарасы Беринг бұғазындағы Пээк ( Чукот түбегіндегі ) және Принц Уэльс ( Сьюард түюегінде ) мүйістері аралығымен, Үнді мұхитымен – Малакка бұғазының солтүстік бөлігімен, Суматра аралының батыс жағалауы, Ява, Тимор және Жаңа Гвинея аралдарының оңтүстік жағалауы, Торрес және Басс бұғаздары, Оңтүстік мүйіс ( Тасман аралы ) арқылы, Атлант мұхитымен – Дрейк бұғазының батыс бөлігіндегі Осте аралымен ( Отты жер архипелагындағы ), Чарлз мүйісі ( Грейам жері ) аралығымен өтеді. Тынық мұхиты солтүстіктен оңтүстікке 15,8 мың км – ге, шығыстан батысқа 19¸5 мың км – ге созылып жатыр. Ол бес континентті бөліп, сонымен қатар байланыстырып жатыр. Бұл жағдай оның физико – географиялық және экономикалық – географиялық маңызын анықтайды......
Кіріспе Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» сөзінен шыға отырып, «Айырбас үстемі» деген үғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша-сауда капиталының өкілдері болған. Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бүл банктерді «Коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Қазіргі коммерциялық банктер - бүл тікелей кэсіпорынға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілеттіктерін, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады. Банктің филиалы — филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсететін банктің операцияларды жүзеге асыруға қүқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды түлға болып табылмайтын банктік мекеме. Банктің өкілеттігі - банктік операцияларды жүзеге асырмайтын яғни банктің тапсырмасымен жэне оның атынан эрекет ететін банктің орналасқан эсрінен тыс, заңды түлға болып табылмайтын банктің қүрылымдық бөлімшесі. Еншілес банк - жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі жэне өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға. Қазіргі коммерциялық банктер банктік жүйенің 2-ші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды жэне жеке түлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық жүзеге асырады.....
Кіріспе. Кейінгі жылдарда Қазақстан Республикасы аумағы мен шетелдердегі апаттар мен табиғи зілзалалардың салдарынан болған айтарлықтай адам шығыны,осы құбылыстар кезінде көрсетілетін жедел дәрігерлік көмек көрсету жүйесінің көп жылдан бері қалыптасып қалған салғырт ұйымына, дұрыс көзқараспен қарауды талап етеді. Төтенше жағдай кезінде жедел дәрігерлік көмек көрсету ұйымы жан – жақты болады: апаттан құтқару жұмыстары, апат аймағына жету қызметтері, апат салдарынан туындайтын жұқпалы індеттердің алдын-алу жұмыстары, адамдарды қауіпсіз аймаққа апарып, оның ары қарайғы еміне жағдай жасау, және де елдің өздерін өмірімен қамтамасыз етулерін қалыптастыру болып табылады.Аталған қызметтер төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жоюы үшін біртұтас мемлекеттік жүйенің басты мақсаты саналады. 1994 жылдың 27 қыркүйегіндегі ҚР Үкіметінің қаулысы. Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлар болған кездегі жедел дәрігерлік қызмет көрсету ұйымын құру жайлы қаулы, мемлекеттік №1068. Табиғат және техникалық құбылыстар сипаттында туындайтын төтенше жағдай кезінде, дәрігерлік қызмет көрсету жайында Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті қаулы бекітті. 1. ҚР Төтенше жағдайлар кезінде қызмет көрсететін жедел дәрігерлік көмек көрсететін ұйымды құру.....
Кіріспе Бұл курстық жұмыста мен фирманың әлеуметтік-экономикалық дамуын қарастырдым. Ол келесі көрсеткішкерден байқалады: кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы, цехтың өндірістік қуатын есептеу, жұмыскерлер санын және еңбек ақысын анықтау.Осы көрсеткіштерді мен нақты, кәзіргі уақытта жұмыс істеп жатқан « Темір жол техникасы » ЖШС-нен алдым. Бұл кәсіпорын двигательдерді жинау және құрастырумен айналысады, сонымен қатар басқа жұмыстармен де айналысады. Осы курстық жұмысты алуымның себебі, егер фирманың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүріп жатса , онда халқымыздың да әлауқаты тез арада жоғарылайды деп ойлаймын. Ал бұл әр азаматты толғандыратын мәселе. Егер де кәсіпорын нарықты, сұранысты , тұтынушылардың талғамы мен қалауларын , сұранысты қанағаттандыратын тауар шығаратындарды , нарыққа ықпал ететін және өздерінің мүдделерінің сұранысына зерделейтін жағдайда болса, онда ол кәсіпорынның әлеумметтік – экономикалық дамуы жоғары қарқынмен жүреді. ....
Кіріспе Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады. Мүгедектігі бар азаматтар қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға бірдей құқығы бар. Бірдей құқықтар табиғи, психологиялық, сенсорлық, мәдениеттік, заңдылық және басқа да тосқауылдарға байланысты шектелген мүмкіндіктерді түзететін әлеуметтік қызметтің жүйесімен қамтамасыз етілуі керек. Осы тосқауылдар қоғамның басқа да мүшелері сияқты негіздермен мүгедектің қоғамға интеграциялануына мүмкіндік бермейді. Мүгедектік – бұл тек қана медициналық проблема емес, бәрінен бұрын ол – бірдей емес мүмкіндіктер қорытылған әлеуметтік проблема. Қоғам олардың тәуелсіз өмір сүру үшін, қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болуға адамның табиғи құқына ие болуға және тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, көлікке, коммуникация құралдарына, еңбекке және білім беруге қол жеткізу еркіндігі мен таңдау еркіндігі бар стандарттарды өте мұқтажды мүгедектігі бар адамдарға икемдеуге міндетті. Қазақстанда мүгедектік проблемаларын халықаралық нормаларға сәйкес айқындау және шешу тәсілдерінде түбегейлі өзгерістер жүрып жатыр. Қазіргі кезде еңбек ету қабілеті төмендеген немесе жоғалған адамдар ғана емес, сонымен қатар тіршілік әрекетінің басқа да шектелулері (өзіне өзі қызмет ету, жүріп-тұру, адамдармен қарым-қатынас жасау, бағдарлану, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқыту) бар адамдар да мүгедек деп танылады.....