Иранда тұратын 24 жастағы Саджад Гариби ерекше алып денесіне бола фильм кейіпкері Халк атанып кеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы funny24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қаласының 30 жастағы тұрғыны халал жезөкшеліктен қашып құтылып, қазір психологиялық қолдау орталығын паналап жүр деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Бұл туралы «Родник» қоғамдық қорының директоры Нина Балабаева айтып берді.
Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Парадеш штатындағы Самбхале ауылында 18 жастағы Руби үш жыл ауылдасы Ибрагиммен жасырын жүрген. Бұл жайлы оның 52 жастағы әкесі мен 32 жастағы ағасы Самеран біліп қойып, қызды өлтірмек болған деп хабарлайды lazetime.net сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.
Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шегіп, билікке үндеу айтқан оқушы қыздың көршілері олардың үйін су баспағанын мәлімдеп отыр. Аты-жөнін атағысы келмеген әйел Интернетте видеосы таралып, көпті елжіреткен қыз бен оның шешесін басқа біреудің су алған үйінің фонында видео түсіріп, қолданып кетті дегенді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ал қызға осы видео Қазнетте таралғаннан кейін бизнесмендердің үш бөлмелі пәтер сыйлағаны белгілі.
Ене мен келін арасындағы текетірес қай заманда да өзекті болған. Дегенмен, өз енесін аяусыз ыстық сумен күйдіріп, 90 жастағы кейуананы ауыр азаптарға душар еткен келіннің оқиғасы бүкіл ауылды дүрліктірді деп хабарлайды NUR.KZ.
Белгілі продюсер Баян Есентаева «Қазақ аруы» телесериалындағы басты рөлге алматылық 16 жастағы аруды таңдап алған. Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті Гүлзада Тұрлаш сериалда танымал актер Тәуекелдің сүйіктісінің рөлін сомдайды, деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы 31 арнадағы "Айта берсін" бағдарламасынан белгілі болды.
Оңтүстік Корея азаматы Алматыдағы зәулім үйлердің бірін жалдап, шетелдіктерге арналған жезөкшелер ордасын ашқан деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.
Елімізде кәсіпқой бокстан WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге арналған “Феномен GGG” фильмі жарыққа шықты.