Биология | Жарықтың әсерінен элодей өсімдігі жапырағында хлоропласт санының өзгеруі

Фотосинтезге әсер ететін сыртқы жағдайлардың ішінде ең маңыздысы жарық болып есептеледі. Жарық өте нашар, болар - болмас жағдайда да өсімдікте фотосинтез жүзеге аса береді. Мысалы, күн батар кездегі күн сәулесінің өзі – ақ жеткілікті деуге болады. А. С. Фаминцын 1880 жылы фотосинтез қарқындылығын жарықтың әр түрлі деңгейінде анықтап, оның басталуы және жапырақта крахмалдың синтезделуі үшін жермай шамының жарығы да жеткілікті болатынын дәлелдеген. Жарық деңгейі тал түстегі күн сәулесінің 1/3 - не жеткенше фотосинтез қарқындылығы арта береді. Жер бетіне түсетін күн сәулесі одан әрі күшейгенде фотосинтез қарқындылығы шамалы жоғарылайды да, сол қалпында тоқтап қалады. Осы кездегі жарық деңгейін фотосинтездің жарықтық қанығуы, немесе қарқындылық шегі деп қаралады. Жарықтың қанығу деңгейінен жоғарылауы фотосинтездік аппаратты зақымдауы мүмкін. Себебі, мұндай жағдайда фотосинтездік тотығудың зиянды әсерінен ферменттер ырықсызданады. Жарықпен қаныққан кезде хлорофилдің қозған молекулалары шамадан тыс көбейіп, олардың энергиясы фотосинтезге толық жұмсалмай, басқа қажетсіз реакцияларға - ферменттердің тотығуына (карбоксилаза), т. б бағытта жұмсалады......
Ғылыми жобалар
Толық

Лавр жапырағының адам денсаулығына пайдасы

Лавр жапырағы бәріміздің де ас үйімізде бар. Оны көбіне қуырылған және бұқтырылған ет, сорпа секілді тағамдарға қосамыз. Алайда бұл жапырақтың халық медицинасында көп қолданатынын біріміз білсек, енді біріміз білмеуіміз мүмкін. Оның құрамындағы эфир майы, органикалық қышқылдар қабынуға қарсы әсер етеді. Лавр жапырағы субтропикалық климатта күн сәулесінен энергия алып өседі. Сол себепті оның адам ағзасына пайдасы көп. Енді біз көптеген дәрі-дәрмектің орнын қарапайым жапырақтың баса алатынын білеміз. Лавр жапырағы төмендегідей аурулардың алдын алуға көмектеседі.

✅ Диабет кезінде.
Лавр жапырағының көмегімен қаныңыздағы қант мөлшерін төмендете аласыз. Ол үшін термосқа 10 жапырақ салып, 3 стақан қайнаған су құйыңыз. Тұнба 3 сағаттан кейін дайын болады. Бұл емдік сусынды күніне 3 рет тамақ жерден жарты сағат бұрын ішіңіз. Емделу курсы - 2 апта. ......
Кеңестер
Толық

Суық тигізіп алсаңыз...

Егер сізге суық тиіп, дене қызуыңыз көтерілсе, міндетті түрде терлеуіңіз керек. Ол үшін басым көпшілігіміз аспирин, парацетамол немесе басқа да дәрі-дәрмек көмегіне жүгінеміз. Ал біз бүгін сіздерге өсімдіктермен тер шығарудың жолын ұсынғымыз келіп отыр.

Кептірілген таңқурай жемісінен тұнба жасап ішіңіз. Жарты стақан жемістің.....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Бөлме гүлдерінің күтімі: Фикус

Фикус — кең таралған және гүл өсірушілердің сүйікті гүлдерінің бірі. Оның себебі әдемілігінде және күтімнің жеңілдігінде.

Фикустың түрлері

Үй жағдайында фикустың көптеген түрі өсіріледі. Олардың сыртқы түрлерінде ерекшелік бар. Үйде және кеңседе фикустың мына түрлерін жиі кездестіруге болады: сағызды (каучуконосный), Бенджамин.....
Кеңестер
Толық