Әйгілі ақын, драматург, сөз зергері ІлиясЖансүгіров бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы) туған. Ілияс жас күнінен бастап ән мен күйге, өлең-жырға құмар болып өседі. Жас Ілияс ұлы Абайдың поэзиясымен танысқаннан кейін өзінде бір ерекше сергектік, сілкініс, жаңалық сезінеді. Өз үйінде әкесінен хат танып,молда алдын көрген Ілияс жүйелі түрде білім алмақ болып Алматыға келеді, мұғалімдер институты жанындағы қысқа мерзімді курста оқиды. Жас азамат Қазақ ағарту институтында, Жетісу облыстық "Қосшы" комитетінде, губерниялық оқу бөлімінде, "Тілші" газетінің редакциясында қызмет етеді, ауыз өдебиеті үлгілерін жинайды. Газет - журналдарда алғашқы өлеңдері басылып шыға бастайды. 1928 жылы "Сағанақ" деген...
Мақсаты: Аты аңызға айналған Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру, ерлікке толы өмірін үлгі ету. Кештің құрал-жабдықтары: Бауыржан өмірі жайлы слайд, банер, Батыр туралы кітаптар көрмесі.
Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске түсіруге арналған 1 минуттық үнсіздік.
Сахнаға екі жүргізуші шығады. 1-жүргізуші: Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен-1945 жылғы 9мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара тенге айналдырмақ болды.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
"Отбасы шағын мемлекет" демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың біріміз. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан....
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында ....
Ілиястың «Құлагер» поэмасы сырт қарағанда ақынның сәйгүлік- тұлпарының мерт болуына арналған, соған байланысты жазылған сияқты. Ол кездері , тоталитаризм меңдеген кезде, әдебиеттану ғылымында тұрпайы социализмнің айқайшыл сынның бел алып тұрған кезі еді. Ілияс қазақтың ән, музыка өнерін аса асқақтата жырлаған. Ақын осыны бар жан тәнімен түсінгенде, мейірі қанғанша сусындаған. Тек сондай жан әлемінен ғана «Әнші», «Күй», «Күйші», «Құлагер» сынды бірегей туындылар жаралған. Ақан сері- өнер тұлпары. Оның әдебиеттегі, өнердегі орны ерекше. Ақан серінің көптеген өлеңдерінің тақырыбы махаббат, сүйспеншілік жайында. Жастық дәурені жүріп тұрған кезде сауық-сайран, ойын тамашаның бел ортасында болған өнерлі жігіттің әсемдікке, сұлулыққа іңкәр болмауы мүмкін емес еді. Осылайша Ақанның көңілі құлаған аруларға деген сүйспеншілік сезімі өлең боп өріліп, ән боп төгілді. Ақындық пен серілік, сазгершілік пен әншілік бір бойында тоғысуы Ақанның атақ-даңқын арттыра түсті. Ақанның әнін жастар жағы іліп әкетіп, ел арасына таратып жатты. Ақан сері жеке-дара, салт жүріп, серілік, саяткершілік құрмаған. Оның қасында қашанда талантын құрмет тұтып, қолдап отыратын Ағытай қарауылдың ішіндегі небір өнерлі, балуан ақын жора-жолдастары болған. Ол суырып-салма ақындығымен қоса қызыл тілдің шешені әрі әнші-сазгерлігімен де ел құрметіне бөленген. Күлбілтелемей кесіп айтатын турашылдығы тағы бар. Ол әділдіктің ақ жолын аттап, елге тізесін батырған талайларды тәубесіне келтіреді. Тіпті турасын айтамын деп туғанына жақпаған кездері көп. Ақан сері Сарыарқаны аралап ән салады, серілік құрады. Жанындағы сайдың тасындай іріктелген жиырма шақты жолдастары асқақ кейіпті Ақанның шоқтығын биіктете түседі.
2011 жыл күз мезглілі Алматы каласында студнеттік кездерім, қыркүйек айында жатақханаға келдім алаңсыз жүрген күндерімнің бірі еді. Ойда жоқта бір 1 ші курстын студентіне ессіз ғашық болдым, күндердің күнінде оған өз сезімімді білдірдім, оныңда менде көңілі болды бірақ мен сияқты жақсы көрмеді. Мен оны қатты жақсы көрдім ол сезімімді созбен жеткізе алмаймын, арамызда көп әңгімелер болды мен оған өзімнің оны қатты жақсы коретінімді айтатынмын. іс-әрекетіммен де дәлелдейтінмін ол үшін.....