Бұл жарыққа аяқ басып туған жер, Кiндiк кесiп, кiрiм сенде жуған жер. Жастық - алтын, қайтып келмес күнiмде Ойын ойнап, шыбын-шiркей қуған жер. Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбiм. Жалғаны жоқ, бәрi сенен жан-тәнiм. Сенен басқа жерде маған қараңғы, Жарық болар Шолпан...
Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери....
Үйдің іші ұйқыда, Түн ортасы шамасы. Көзін алмай бесіктен, Бөбек жатыр албырап. Бесікте бөбек ауру, Тербетіп отыр анасы. Үнсіз, меңіреу ұзын түн, Жел азынап....
МағжанЖұмабаев - қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі. 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған. Бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен Мағжан төрт жасынан хат таниды. Қызылжардағы М.Бегішев ашқан медреседе 5 жыл оқып, 1910 жылы бітіреді. 1910-1913 жылдары Уфадағы "Ғалия" медресесінде оқиды. 1912 жылы Қазан қаласында ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен "Шолпан" атты тұңғыш жинағы басылып шығады. Осыдан соң МағжанЖұмабаев Омбыдағы мұғалімдер.......
МағжанЖұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі МағжанЖұмабай ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.
Өмірбаяны: Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.