Қалижан Бекқожин (Ақиқат кілті)

— Женева! — Сұлу қала, маңы ғажап,
Саяхат еткендерге жаны қалап.
Орманнан тыңдап жырын әнші құстың,
Екі жан келе жатыр көл жағалап.
Серуен, жағада жұрт жабырласқан,
Алуан тілдер мұнда да жамырасқан.
Бетінде біреулердің жұлдыз ойнап,
Жандар көп ақ жүздерін зәбір басқан
Жан сауға саясындай осы бір жақ,
Болатын қуғындарға таса, тұрақ
Тоғысқан мұнда нелер өрен ойлар,
Асылдай әр қиядан түскен құлап.
Бар шығар жасағандар саяхатты,
Судай бір сапырғандар саясатты. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Шырмаудан шығанға)

«Түс кеудемнен бұғау крест,
Албырт жаным көрді қысым.
Тағдыр мұндай тұман емес,
Еркіндіктің бер тынысын!
Жүрегімнен тартқан зәбір,
Иман біткен мейлі тайса,
Жоғал мәңгі жұмбақ тәңір,
Жұм көзіңді, келгір Айса!
Мүлгіген сұм, елік икон,
Құдайының сиқын қара!
Неге маған төндің екен,
Монтаны қу, сиқыр — ана?
Уа, қиялым, өршіте бер,
Дауылыңды дарқан жолға. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Дала комиссары)

Жайғанда Алатауға күн қанатын,
Жыр аңсап, әдетім бар толғанатын.
Басынан қарлы құздың қыран көрсе,
Солай бір саятшы да тан, қалатын.
Көргенде күмбездерді мұз құрсаулы,
Осы бір кек аршалы құж-құж тауды,
Сүйсінем шыңдарынан жыр ұшқандай,
Қанатын сермегендей гүл атаулы.
Айбынды Алатауым, аға тауым,
Арқаңа ақын тіккен ақ отауын.
Есіме түсті сонау ақ басты қарт,
Ағытып ұмыт қалған жыр матауын. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Жерден ұшқан жұлдыздар)

Көктен аққан жұлдызды көргенімде,
Әлденеге тітіреп тұрған денем.
Өйткені әжем:
«Бақытсыз әлдекімге
Белгісі бұл ажалдың туған,» — деген...
Көрдім бүгін жарқ етіп ұшты жерден
Аспанға
От жұлдыздар алтын қанат.
Ұйқылы түнді жарып дабыл берген
Ізіне алтын Москва тұрды қарап.
Мен көрдім таңғажайып кемпірқосақ секілді .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Менің даңқым)

Өрінде Европаның басып алшаң —
Келемін —
Қолбасшыдай тым тәкаппар.
Наполеонға —
Егер кез бола қалсам —
Мақтанатын менің
Зор атағым бар...
Жарқырап менің алтын иығымда,
Таңғы шолпан нұрыңдай екі жұлдыз.
Келемін
Менің шаттық қимылыма,
Таң қалғандай .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Капитан)

Арасында үйлердің
Зіл - зала боп қираған,
Ақтарып соның күйгенін,
Жоқ іздеп жүр бір адам.
Қалдым қарап кідіріп,
Кім екен деп сол адам.
Құшақ жайып жүгіріп,
Келе жатыр ол маған.
Сүйкімді жас капитан,
Құшақ жайып жүгірген.
Көзіме оттай басылған,
Досым екен білдім мен.
Төрт жыл болды, көрмедім,
Сағыныппын досымды. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Өрттен кейін)

1. Түннен шыққанда
Тұмандатып жылжыған
Қоштасамын түнменен.
Сәулені іздеп сүйіп жан,
Асығамын күнге мен.
Түн жүрісі бойға ауыр,
Қалыппын ғой қалжырап,
Ұйқы басқан ойға бір
Жағылсын тез шамшырақ.
Ұйқылы ойдан әлі де
Түнгі елестер кетпеген.
Үрей жаққан көңілге
Шулы ызыңдар отпенен.
Түнде сонау алыстан .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Таң алдында)

Баласымен келеді ана
Түн ішінде тас қараңғы.
Атылған оқ, қанды дала
Толған үрей басты маңды.
Басты маңды толған үрей,
Жас баланың түсі қашты.
Қорқыныш па әлде дүлей,
Көрді нені, бала састы.
Елестеді көз алдына,
Түсі суық әлде біреу.
Нендей пәле, қандай ғана .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Партбилет)

Ол келеді
Аттап алға,
Аттап алға,
Барады ол.
Әлсіреген
Басқан әрең,
Үстінде қан
Жаралы ол.
Жар алы ғой,
Жатар ма екен?
Ала бөтен Кім өзі?
Осыншама.
Неге ашынды,
Неге ашулы Мінезі?
Не бар екен
Сонда есінде,
Кеудесінде,
Оқ жатыр. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Ая қыз)

Тыңда, жас балалар,
Тыңда сен де бөбегім.
Төгілсін ақ моншақтай
Сендер үшін өлеңім.
Тыңда сен де, анажан,
Нәзік жүрек балажан,
Мынау жырым ұнай ма?
Бірақ та сен мұңайма.
Бал бөбегім, балашым,
Тек балдырған Ая үшін,
Жүректерің балқысын,
Аяны тек аясын!
Украина қызы еді .....
Өлеңдер
Толық