Бекжан Асаубайұлы Тұрыс (1965 жылы 15 ақпанда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай ауылында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004). Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері (2016). Өмірбаяны 1991 ж. казіргі Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Сол жылдан Қазақ академиялық драма театрында актер.....
Болат Қасымжанұлы Ұзақов (1962 жылы 25 қарашада Алматы облысы Шелек ауданында туған) — актер, театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының қоюшы - режиссері. Болат Қасымжанұлы 1962 жылы 25 қарашада Алматы облысы Шелек ауданы Масақ ауылында дүниеге келген. 1980 - 1984 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы Мемлекеттік театр-көркемсурет институты)ның «Театр» факультетін Қазақ КСР халық артисі, профессор Асқар Тоқпанов пен КСРО халық артисттері Ыдырыс Ноғайбаев және Фарида Шәріпованың классын бітірген. 1994 - 1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма режиссері» мамандығы бойынша ҚР халық артисі, профессор Маман Байсеркенов пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәулебек Асылхановтың классын бітірген. 1984 - 1997 жылдары Бикен Римова атындағы театрдың актері әрі қоюшы - режиссері болды.....
«Жаңа жылдан күтер сыйым жақсылық» (Жаңа жыл тіл ұстарту ертеңгілігінің сценарийі)
Кубденова Жанылсын Сабитқызы Атырау қалалық №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасы тәрбиешісі
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Түзетушілік мақсаты: Балаларға мерекелік көріністер арқылы диалогты сөйлеуге, қарым - қатынасқа еркін түсе білуін жетілдіру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Қажетті құралдар: Жаңа жылдық шырша, ертегі кейіпкерлері, ойын.......
Жандарбек Алайдарұлы Садырбаев (1977 жылы 24 қыркүйекте Жамбыл облысы, Луговой ауданында туған) — актер. Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2010). Құрмет орденінің иегері (2016). Жандарбек Алайдарұлы 1977 жылы Жамбыл облысы, Луговой ауданында дүниеге келген. 1994 -1998 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясының театр факультетін «Театр және кино актері» мамандығы бойынша бітірген. 1998 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. 2015 - 2018 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының орынбасары. Сахнадағы негізгі рөлдері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Балпық, «Абайында» Көпбай, «Қарагөзінде» Сырым, «Еңлік-Кебегінде» Қодар, «Қилы заманында» Түнқатар, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Еркін, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Қалтан, Ә.Кекілбаевтың «Абылай ханында» Әмірсана, Әбілмансұр, Шахимарден, Қ.Ысқақтың «Қазақтарында» Қазақ, Шахимарденнің «Томирисіндегі» Ардашир, М.Мақатаевтың «Қош, махаббатында» Айбар, Ө.Боранбаевтың «Көкбөрісінде» Байшаур, Ә.Таразидің «Ақын… Періште… Махаббатында…» Дүниенің тұтқасы, Д.Исабековтің «Әпкесінде» Сұлтан, «Жаужүрегінде» Троицкий, Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Бизнесмен, Б.Мұқайдың «Өмірзаясында» Иса, С.Асылбекұлының «Күзгі романсында» Әлібек, «Империядағы кешінде» Айдар Сейтқалиұлы, Т.Мәмесейітовтің «Бәкей қызында» Түнқатар, Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Мейірбек, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Абзал, Ә.Рахимовтің «Шәкәрімінде» Қарасартов т.б. бейнелерді сомдайды....
Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбай (1950 жылы 18 наурызда Семей қаласында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1995). Парасат, Құрмет ордендерінің иегері. Әкесі - Аралбай Мұхамеджан, марқұм, теміржолшы болған. Анасы - Аралбаева Бәтіш, марқұм, үй шаруасымен айналысқан. Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының драма және кино режиссурасы факультетін бітірген (1996), драма және кино режиссері. 1964 жылдан 1970 жылға дейін - Абай атындағы Семей облыстық Қазақ драма театрының актері. 1972 жылдан 1974 жылға дейін - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы студияның актері. 1976 жылдан бері - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Айдаһар жылы» (Мылқау Қытай) кинофильмінде, «Шегіртке» (Әлихан) телесериалында, «Азияшыл» фильмінде рөлдер орындаған.....
1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.
2. ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.
1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді.
Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де...........
Ғани Әбдуәлиұлы Құлжанов (1965 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туған) — танымал кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері (1998). Ғани Әбдуәлиұлы 1965 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1984 жылы Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі (бұрынғы Алматы музыкалық училищесі)н бітірген. 1987 - 1991 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы театр және көркемсурет институты)ның актерлік бөлімін КСРО халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекова мен Қазақстанның халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген. 1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына алынды. 2007 жылы Астана қаласының әкімдігінің шақыртуымен Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрына актер ретінде қабылданды. 2007 жылы Астана қаласындағы Жастар театрына директорлық қызыметіне тағайындалды. 2007 - 2013 жылдары Астана Жастар театрының директоры болды. Қазіргі таңда Астана Жастар театрының актері....
Алтынай Бауыржанқызы Нөгербек (26 қараша 1976 жылы Алматыда туған) – қазақстандық кино және театр актрисаы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты. ҚР Мемлекеттік степендиясының иегері. Биография 1976 жылы 26 қарашада Алматыда дүниеге келген. 1983-1993 жылдары Алматыдағы №12 қазақ орта мектебінде білім алған. 1993-1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институты)ның «Кино» факультетінің «Кино және театр әртісі» бөлімін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,Мемлекеттік сыйлықтың иегері, театр сыншы Ә.Сығай және Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Т.Жаманқұовтың сыныбынан қызыл дипломмен үздік нәтежемен бітіріп шығады. 1997 жылдан бастап Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында еңбек жасап келеді. ....
Бақыт Жанғалиева (1947 жылы 11 маусымда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Айшуақ ауылы - 24 маусым 2017 жылы Алматы) — актриса. Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (1982). Құрмет орденінің иегері (1998). Алматы қәнсерватәриясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерватория») бітірген (1970). 1968 жылдан Қазақ академиялық драма театрында актриса. Жанғалиева осы театр сахнасында Бәтима (Т.Ахтановтың "Антында"), Баян, Ақтоқты (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуы" мен "Ақан сері - Ақтоқтысында"), Айман (М. Әуезовтің "Айман - Шолпанында"), Шырын (Н.Хикметтің "Фархат - Шырынында"), Ақбала (Ә.Нұрпейісовтің "Қан мен тері"), т.б. рольдерді орындады. Гастрольдік сапармен Ресей, Франция, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, т.б. шет елдерде және Қазақстан қалаларында болып өнер көрсеткен. Сондай-ақ, "Соңғы ызғар", және "Намыс" кинофильмдеріне түскен. "Құрмет" грамотасымен марапатталған. ....
Гүлжамал Мұқажанқызы Қазақбаева (1949 жылы 7 ақпанда Алматы облысы Кербұлақ ауданында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1992). Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984). Құрмет орденінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері. Гүлжамал Мұқажанқызы 1949 жылы 7 ақпанда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Көксай ауылында дүниеге келген. 1966 - 1968 жылдары М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы студияның актерлік бөлімін тәмамдады 1994 - 1996 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр көркем сурет иниституты) "драма және театр актрисасы" мамандығы бойынша....