Ақсерік Айтимов

Ақсерік Айтимов – «Қазақ инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті» ректоры.

Ақсерік Сариұлы Батыс Қазақстанда бәсекеге қабілетті үш деңгейлі білім беретін ірі жекеменшік ғылыми-білім кешенін құрды. Сонымен қатар ол жастарға заманауи ғылым мен технологияны меңгеруге қолғабыс етіп жүр. ЭЕМ операторларына арналған курстардан бастап жоғары буын мамандарына арналған курстар ашу арқылы жергілікті кәсіпорындар мен мекемелерді мамандармен қамтамасыз етуге септігін тигізуде.

БҚО-ның әрбір үшінші тұрғыны «ҚазИжТЖУ» ҒБК-нің оқу орындарының бірін тәмамдаған десек, артық айтқандық емес.
Ақпараттық технологиялар, радиоэлектроника мен телекоммуникация саласындағы мамандар елімізде үлкен сұранысқа ие. Ол мамандарды дайындау үдерісіне инновациялық технологияларды енгізе отырып, кадрларды дайындаудың деңгейін көтеру үшін Ресейдің және алыс шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыстарды тиімді пайдаланып, білім жүйесін жаңғыртуға зор үлес қосуда....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ақжүрек Таңатаров (1986 жылы)

Ақжүрек Таңатаров – спортшы

Ол қалай айтсақ та тәуелсіздік жылдарында жасындай жарқыраған жұлдызды спортшы. 1986 жылы Алматыда қазақ жастары «Желтоқсан» оқиғасына қатысып, ұлт азаттығын талап еткен шақта Ақжүрек Таңатаров дүние есігін ашты. Шынашақтайынан шымыр денелі Ақжүрек Тәуелсіздіктің елең-алаңында еркін күрес секциясына жазылады. Азат елдің асқақ ойлы азаматы сол бір балаң шағында Олимпиада ойындарында атой саламын деп ойлады ма екен?! Сол жылдары ғой, Ермахан Ыбырайымов, Болат Жұмаділов бастаған жамбылдық жампоздар Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Олимпиада ойындарында-ақ абыройын асырып, қос бірдей жүлдемен (күміс, қола) оралды. Боксшы ағаларының жеңісті жорығы тұла бойы намыстан жаралған Ақжүректі де спорт залға жетектеп келген еді. Мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның қоржынына Олимпиада жүлдесін салу.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Азиз Заиров

Азиз Заиров – режиссер-сценарист, қоғам қайраткері.
Азиз Заиров Қытай елімен шекаралас Ұйғыр ауданында дүниеге келген. Ол отбасындағы төртінші бала. Азиздің анасы алтыншы баласын босанарда өмірден озған.

Азиз кішкентай кезінде дәрігерлер туа біткен жүрек ауруын анықтаған. Балаға шұғыл ота жаслуы тиіс еді, алайда әкесі баласының пышаққа түскенін қаламай, ерікті түрде бас тартып, қолхат жазады. Осылайша, екі жасар Азиз бен оның әпкесі, қарындасы үшеуі балалар үйінен бір-ақ шығады.

Он екі жасында Азиз балалар үйінде тәрбиеленушілерімен төбелесіп, жарақат алады. Қарсыласы оның аяғына тот басқан арматураны тығып алады. Салдарынан баланың аяғында жара пайда болып, аяқтың төменгі бөлігі қабынып, тромбофлебит өршиді. Жарақатқа дер кезінде көмек көрсетілмегендіктен, екінші топтағы мүгедек болып қалады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Абылайхан Асылбай

Абылайхан Асылбай - қолөнер шебері

1996 жылы Семей қаласындағы құрылыста краннан Абылайхан Асылбай есімді жұмысшы құлап кеткен екен. Көптеген жарақаттармен қатар омыртқасы зақымданған 34-жасар құрылысшы ауруханаға жеткізіледі. Дәрігерлер оның енді ешқашан өз аяғын басып жүре алмайтынын айтады.

Қазір Абылайхан 53 жаста. Дәрігерлердің болжамына қарамастан мүгедектер арбасына таңылмаған. Өміріне шағым айтып, біреуді кінәлаған емес. Ол қазақ халқының көне өнерін қайта жаңғыртуда.
Дулыға, сауыт-сайман, қару-жарақ, садақ, кіреуке – бұл қазақ батырының жабдықтары. Осындай жабдықтар Абылайхан Асылбайдың шағын «мұражайында» көрсетілген. Нақтырақ айтсақ, жеке үйдің бір бөлмесінде. Бұл бұйымдарды ол өз қолымен қарапайым қолда бар материалдардан жасап шығарады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық