Отбасы күні (Менің отбасым, менің жанұям)

"Отбасы шағын мемлекет" демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың біріміз. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан....
Шығармалар
Толық

Отбасы күні (Жанұя, Отбасы - тәрбие бастау)

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында ....
Шығармалар
Толық

Педагогика | Халықтық педагогика идеяларының жанұя тәрбиесіндегі психологиялық негіздері

Кіріспе
Халықтық педагогика отбасындағы тәрбиенің негізі болып саналады. Өйткені адамның жеке басының мінез – құлқын қалыптастыру, оның бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру көбіне отбасында ата-ананың тікелей әсерімен жүзеге асады.
Халқымыздың ұлттық ерекшелігі саналатын үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, бауырмалдық, кеңпейілділік қасиеттердің біразынан ажырай бастағаны шындық. Енді заманымыздың қайта өркендеуіне байланысты жас ұрпақтың бойына осынау қасиеттерімізді қайта сіңіріп өсірсек, сонымен бірге жастарды халықтық педагогика идеясы арқылы жанұяда тәрбиелеу мен сол тәрбиені жүзеге асырсақ деген мақсат әсіресе, ата-аналардың, тәрбие саласы қызметкерлерінің алдындағы кезек күттірмейтін мәселесі болып тұр.
Отбасында ата-ана езінің баласын қалай тәрбиелеуді, қандай бағытта, кандай амал-тәсілдермен тәрбиелеуді ездері алдын-ала белгілейді. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірибесі, әдеті, кұмарлығы мен кызығулары калыптасады.
Отбасында бала тәрбиелеу ешқандай дайындықты кажет етпейтін карапайым әрекет сияқты болып көрінеді. Бұл кепшілік қауым-нын, көзқарасы екені рас. Бала тәрбиесін қай кезден бастап колға алу керектігі туралы аз да болса зерттеулер бар. Отбасы тәрбиесінін ғылыми-теориялық тәжірибесінің барлығына қарамастан олар осы уақытка дейін практи-када көп колданылмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Халықтық педагогика идеяларын жанұя тәрбиесінде пайдаланудың әдістері

КІРІСПЕ
Бұл мәселені қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінде қыз балаға берілген сипаттамалары ерекше бөліп айтудан бастаймыз. Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың белгісі ретінде қолданған. Сондай – ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, шеберлігін, өнер – білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның сол қасиеттерін нақыл сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы, «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.б.
Сонымен қазақтың ауыз және жазба әдебиеттеріндегі қызға берілетін жалпы сипаттамасы мынадай: «Сұңғақ бойлы, сыңғырлаған дауысты, оймақ ауыз, күлім көз, жайдары мінез, алма мойын, ақша бет, ақ тамақ, тал шыбықтай бұралған бұраң белді, сүмбіл шашты, ұзын кірпікті, ақ білек, маржан тісті, қыр мұрынды» деп суреттелген.
Халқымыздың ұлттық дәстүрлеріндегі бір ерекшелік – тәлімдік, ақыл-кеңесті жас ұрпақ санасына, әсіресе, қыз балаға тұспалдап жеткізу, жөн-жосық нұсқап, бағыт-бағдар беру, өнеге көрсету. Бұл салт ауылдық жерлерде әлі де сақталған. «Қыздың қырық жаны бар», «Қызға қырық үйден тыю» деген сөздерде тәрбиелік талап-тілектерді бетке айта салмай, тұспалдап жеткізеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдардың тәрбие жағдайындағы интеграциясы

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: . Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсiру – отбасының, орта және жоғарғы бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi. Бұл процестiң стратегиялық негiздерi Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаевтың халықтық жолдауындағы «Қазақстан - 2030» стратегиясында (1997); Қазақстан Республикасы «Бiлiм туралы» заңында (1999); - Бiлiм беру жүйесiнiң басты мақсаты, ұлттық мәдениетiмiз бен халық педагогикасының негiзiнде, әрбiр жеке тұлғаның қалыптасуына қажеттi жағдай жасау – деп көрсетiлген. Осы тұжырымдарды Бiлiм және ғылым қызметкерлерiнiң II-шi съезiне (2001) қатысушылар алдында сөйлеген Президент: - «Бiлiм беру iсiндегi рухани дәстүрлердi сақтап, жаңаша жетiлдiре дамыта беру керек. Бұл жүйедегi – оқыту мен тәрбиелеудiң бiрлiгi – үзiлiп қалды. Сiздер мен бiздер тек болашақ буындарды ғана емес, жалпы азаматтық қадiр-қасиеттердiң мәнi мен маңызын түсiнетiн, жаны да, тәнi де таза бiлiмдi азаматтар тәрбиелеуге мiндеттiмiз. Олардың отаншылдық сезiмдерiн тәрбиелеуде, бiлiм берудiң мектепке дейiнгi жүйесi мен жоғары оқу аралықтарын үндестiре ұйымдастыру, көкейкестi мәселе болып табылады, » - деп атап көрсеткен едi.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Жанұяда баланы тәрбиелеу

Отан – Отбасынан басталады.
Отбасы. Бала. Мектеп.
Бір –бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар. Бала бар жерде мектеп бар. Бұл суретте Отбасы – бала – мектеп арасындағы байланыс үзілген.
Ата – ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезілмеген жасөспірімдер өмірінде өзім ешкімге қажетсіз деп есептеп, уайымға шалдығады.
Ұзаққа созылған қайғыру, ренжу, жүйке ауруларына шалдықтырады. Мектеп пен отбасы бала тәрбиелеудің мақсаты қолданатын әдіс – тәсілдерді бірге ойлап іске асырмау салдарынан яғни әртүрлі талаптардан оқушы отбасына, мектептің ықпалынан шығып кетеді.
Өскелең ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күні ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазір қоғамымыз әлеуметтік – рухани дағдарысты басынан кешіруде. Қазақстан 1989 жылы Б.Ұ.Ұ. қабылдаған. «Бала құқы туралы конвенцияны» мақұлдады. Конвенция мазмұны негізгі 4 талап қояды. Баланың қорғау, дамуына жағдай жасау қоғамдық өмірге белсене араласу құқын құрметтеу. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | ЖАНҰЯ ТӘРБИЕСІ

КІРІСПЕ
Жанұя баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Жанұя психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менің отбасым атты эссе

Отбасы - шағын мемлекет. Менің өз отбасым бар. Мен үйімде әкем, анам, ағам, апам, інілеріммен бірге тұрамын. Біз бір-бірімізге көмектесіп жүреміз.......

Эсселер
Толық