Биология | Оңтүстік Қазақстан облысының жануарлар дүниесі

Тақырыптың өзекутілігі мен жаңашылдығы: ОҚО-сы бірден-бір табиғатта қайталанбайтын территория. Жер бдерінің едәуір бөлігі жазық келеді. Оның солтүстиік шығысында ұзыннан – ұзақ созылып жатқан Қаратау тау сілемдері (217 шақырым), солтүстік бөлігінде Бетпақ дала, Шу өзенінің оңтүстігінен басталатын Мойынқұм, батысында Өгеш және Қаржантау тау сілемдері ғана өзгешелік білдіреді, Облыстық оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.
ОҚО-ныңкең байтақ табиғат аймақтары түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың 1400-ге жуық түрлері кездеседі.
Диплом жұмысында жануарларды облыстық қазіргі белгіленген аумағының табиғат зонасы бойынша аудандастырып көрсеттік, яғни жануарлар шөл-шөлейтті және таулы зоналарға аудандастырылған. Біржола құрып кетудің алдында тұрған жануарларды қорғау мен сақтауға байланысты облыс көлемінде жасалынып жатқан іс-шараларға да көңіл бөлдік.
Осы Оңтүстік өңірде кездесетін жануарлардың 1400-ге жуық түрінің ішіндегі 70-ке жуығы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ол түрлерді сақтап қалу және қорғау мақсатында қазіргі таңда Қазақстанда ең әуелі қорықтар, ұлттық саябақтар, қорықтық белдемдер, сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтар түрлері көптеп ұйымдастырылуда.
Облысымызда соңғы ресми деректер бойынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемі 847 мың гектарды құрайды.
Еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ең маңыздысы – мемлекеттік қорықтар. Облыс көлеміндегі ең ауқымды ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып «Ақсу – Жабағылы қорығы» саналады. Онда балықтың - 4,, бауырымен жорғалаушылардың -9, құстардың – 240, сүтқоректілердің -43 түрі қорғалады. Оның көлемі 85,4 мың гектарды құрайды. Бұдан басқа облыста 10 қорық, 47 табиғи ескерткіштер, зоологиялық саябақ, дендрологиялық саябақ бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Жұмбақ: Жан-жануарлар

Басына өскен тарбиып,
Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып.
Емге шипа бұл дағы. (Бұғы)

Жапырақ жоқ бұтасында,
Қос емен өсiп тұр бiр басында. (Бұғы)

Төбесiнде қу бұтақ,
Алар екен кiм бұтап. (Бұғы)
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жан-жануарлар атаулары

Жануарлардың көне атаулары

Жануарлардың көне атаулары — жануарлардың сирек қолданылатын не ұмытылған атаулары. Қазақ халқының көшпелі өмір салты сан ғасырлар бойы табиғатпен етене танысуына мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде жабайы жануарлардың тіршілік тынысын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, мекен орнын, пайдасы мен зиянын ажырата білді. “Түз тағысы табиғатпен тілдес” екендігін айқын аңғарып, олардың аталық, аналық және ұрпақтарын жеке атаумен атап, әрқайсысына ерекше мән берген. Кейбір жануарларды киелі, қасиетті деп санаған, немесе кесірі тиеді, не киесі ұрады деп есептеген. Мыс., жыланды — қыбыр, ұзынқұрт, түймебас, т.б. деп, ал қасқырды — итқұс, бөрі, ұлыма, т.б. деп атаған. Ежелден қазақ аңшылары мен саяткерлері арасында аңдар төлдеген кезде, құстар жұмыртқалап жатқанда, балықтар уылдырық шашқанда оларды ауламайтын салт-дәстүр қалыптасқан. Мұның өзі түз тағыларына деген үлкен қамқорлықты көрсетеді. Жабайы жануарларды кең байтақ еліміздің әрбір облыстарында жергілікті атаумен атай беру де кездеседі. Мыс., аққуды — ақ шандоз, жираф — керік, мысықтың баласы — шаған, т.б. Бұдан 5 ғ. бұрын жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты шығармасында кездесетін жануар атаулары да қазіргіден өзгеше. Мыс., тышқан — сумақы, сиыр — маңғаз, барыс — айбар, жылқы — тұлпар, т.б. Қазіргі кезде жануарлардың көне атаулары мүлде ұмытыла бастаған (мыс., жұпар жылан, таутайлақ, маңқұс, құртқа, мәлике, т.б.). Жануарлардың көне атаулары ұлттық фольклорда, ауыз әдебиетінде, мақал-мәтелдерде жақсы сақталған. Мыс., “Борақты ұрсаң тұмсықтан, тез өледі шымшықтан”, “Таутанның алма аланын, кесіріне жолығарсың балаңның”, т.б. Мұндай ұмытылған атауларды пайдалану — тіл байлығымызды молайта түспек.
Кеңестер
Толық

Биология | Жануарлар дүниесін қорғау

Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.

Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әркайсысының өз орны бар. .....
Рефераттар
Толық

Биология | ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ОРТАСЫ ЖӘНЕ МЕКЕН ОРТАСЫ

ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ОРТАСЫ ЖӘНЕ МЕКЕН ОРТАСЫ
Жер ғаламшарында тірі ағзалар, олардың ішінде жануарлар үш түрлі ортада тіршілік етеді. Сулы ортада, мысалы, балықтар, киттер, т. б.; құрлық-ауада – өрмекшілер, бунақденелілер, құстар, аңдар; топырақта – құрттардың кейбір түрлері (шұбалшаңдар), кейбір аңдар (мысалы, көртышқан) тіршілік етеді. Жануарлардың паразит түрлері үшін басқа жануарлар мен адам денесі тіршілік ортасы болып саналады .....
Рефераттар
Толық

Биология | ЖАНУАРЛАРДЫҢ МЕКЕН ОРТАСЫНА БЕЙІМДЕЛУІ

ЖАНУАРЛАРДЫҢ МЕКЕН ОРТАСЫНА БЕЙІМДЕЛУІ
Барлық жануарлардың мекен ортасында қалыпты тіршілік етуіне мүмкіндік беретін, біртіндеп қалыптасып орныққан бейімділіктері болады. Мысалы, дүниетану пәнінен өздеріңе таныс көбелектердің бүркеніш реңі, қанқыздың сақтандырғыш реңі – олардың тіршілігін сақтайтын бейімділіктері.
Орта жағдайларына бейімделу жануарлардың құрылысынан да, тіршілік әрекетінен де анық көрінеді. Мысалы, жауы құйрығынан ұстағанда сұр .....
Рефераттар
Толық