Бүкіл жамандықтардың басы

Бір ретінде хазреті Осман исламды енді қабылдап мәртебеленген бір қауымға былай деп насихат айтады:
    «Ей адамдар! Арақ ішуден сақ болыңдар. Еш күмәнсыз арақ бүкіл жамандықтардың анасы болып табылады. Бір замандарда сендерден бұрынғы қауымдардың бірінде бір салих (жақсы) кісі болады. Өте көп ғибадат ететін. Бір күні бір ауылдан өтіп бара жатып жаман әйелге кезігеді. Әйел бір сылтаулармен оны алдап үйіне кіргізеді. Іште кішкентай бала және бір ыдыста арақ бар еді. Жаман ниетті әйел салих кісіні ішке кіргізіп, есікті жақсылап құлптағаннан кейін....

Оқиғалар
Толық

Жақсылық пен Жамандық

Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты.
Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара. 12 жасар немере өзін білгелі осы иттер үнемі атасының үйі алдында арпалысып жататын. Атасы көзін алмай қарайтын ірі иттер еді бұлар.
    Немере: «Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен - үйіңізді....

Оқиғалар
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Жақсылық пен Жамандық жолдас болған

Бұрынғы заманда жақсылық пен жамандық жолдас болып жүріпті. Екеуінің де ат, тоны, азығы болыпты. Eкeyi жақсылықтың азығын жеп жүріпті. Жеп жүргенде жақсылықтың азығы таусылыпты. Жамандық айтыпты: «Жақсылығым, азығың таусылды, енді қайтесің?»—депті. «Жамандығым, өзің біл!»—депті. «Өзім білсем, атыңды сойайық»,—депті. Жақсылықтың атын сойыпты, Жақсылықтың атының етін eкeyi жеп жүріпті, азық тағы таусылыпты. «Жақсылығым, енді қайтесің, атыңның eтi таусылды»,—депті «Жамандығым, әлі де болса өзіңіз біліңіз»,—депті. «Өзім білсем, жақсылығым бip құлағыңды кeciп, пicipiп, өзіңе берейін жеймісің?». «Жeймiн, жамандығым»,—депті. Бip құлағын кесті, бip күнге азық болды. Жамандық айтты: «Бip құлағыңды бip күнге тағы да асып берейін»,—депті. «Тағы да азық таусылды, жақсылығым, енді қайтейін»,—депті. «Әлі де болса, жамандығым, өзің біл»,—депті. «Жақсылығым, өзім білсем, бip көзіңді ойып бip күнге азық қылып берейін»,—депті. Бip көзін тағы да ойып бip күнге азық қылып берді.

Жақсылықтың ат, тоны, азығы, құлағы, көзі бiттi. Жамандық жақсылықтың азығын бipгe жеп түгесті. Жақсылықтың азығы таусылған соң, жамандық азығын бермеді. «Жақсылығым,—деді атыңды сойып жедік,—деді, екі көзіңді ойып, құлағыңды кeciп, төрт күн азық бepдiм,—деді. Жақсылығым, енді қайтесің? Енді құлағың жоқ, көзің жоқ, Жақсылық, ceнi тастап кетемін»,—деді. «Жамандығым, дeдi тастап кетсең бip қалың қара тоғайдың iшiнe таста»,—деді. Жамандық қалың қара тоғайдың iшiнe Жақсылықты әкпеліп тастап кетті.....
Ертегілер
Толық

Жамандықтың бетін қайтару дұғасы

Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим!
Иә ъалиман би кулли шайин. Иә мән лә иәшбауһу кулли шайин. Иә кәфиән кулли шайин иә қадиран ъалә кулли шайин. Иә мән лә иәзиду фи мулкиһи шайин, иә мән лә янқусу ъан хаза инуһу шайин.....
Дұғалар
Толық

Жамандықтан сақтану дұғасы

Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим!
Иә далилал мутахайирина, иә ъиасал мустаъисина, иә сарихал мустасрихина. Иә аманал хаифина, иә ъаунал муъминина. Иә рахимал масақина, иә жаарал мустажирина.....
Дұғалар
Толық

Тыңдарманның назарын аударту «Дүниеде жамандық неден?» Ыбырай Алтынсарин (4 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құндылықтар
Сабақ тақырыбы: Тыңдарманның назарын аударту «Дүниеде жамандық неден?» Ыбырай Алтынсарин
Оқу мақсаттары: 4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау
4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолданады.
Көптеген оқушылар: шығарманы рөлге бөліп оқиды, сөйлеу барысында иллюстарция қолданып, кейіпкрлерін сипаттайды;
Кейбір оқушылар: рөлге бөліп сахналайды, кейіпкерлердің мінез- құлқы мен іс- әрекетіне баға береді, өз ойын дәлелдейді......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жақсылық пен жамандық

Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып:
— Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, – депті. Жақсылық:
— Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Сонсоң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жерімізге кезек мініп жетейік. Екеуіміз мінгессек атқа қиын соғар, – депті. Сонан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен......
Ертегілер
Толық

Жамандық неден болады

Ертеде орман арасында бір жалғыз кісі тұрыпты. Бұл кісіден аң мен құстар қорықпай, адамша сөйлесіп жүреді екен. Бір күні әлгі кісі талдың түбінде жатқанда, барлық құстар жиылып, сол жерге түнемек болыпты. Аң мен құстар өзара әңгімелесіп:
— Осы дүниеде жамандық не себептен болады? – деп бірінен-бірі сұрайды. Сонда қарға айтыпты:
— Дүниедегі жамандық аштықтан болады, жүрегің қарайған кезде, не болса соған ұрынасың, ешкімді тыңдамайсың. Осы ашаршылықтан біздің қанша жақын туысымыз өлді. Сондықтан аш болмаудың қамын ойлау керек.......
Ертегілер
Толық

Жақсылыққа жамандық

Кез келгенді мүйіздей беретін сүзеген бұқа байқаусызда құдыққа түсіп кетіпті. Құдықтың ішін бар перменімен сүзгілеп, топырағын айналғанын, өзінің бекерден-бекер өлерін бұқа біліпті. Біреу болмаса, біреу құдықтан мені шығарып алар деп, бар пәрменінше өкіріпті. Мұның бақытына қарай жақын арада бір қойшы қой жайып жүр екен. Мұның даусын естіп, қойлар мен қойшы жүгіріп келеді.

— Шырақтарым, қарақтарым, шығарып алсаңдаршы, – деп, бұларға әдеппен, ибалықпен жалынып, бұқа сөйлей бастайды. — Мені жазасыз, кінәсіз өлтірмеңдерші, ғұмырымда жанға жамандық ойлап, қас қылмаушы едім. Менің мінезімнің жақсылығы Зеңгі бабаға мәлім, достарым, қарақтарым, мені шығарып алыңдаршы! Өлгенімше сол жақсылықтарыңды ұмытпаспын, – дейді, бұқа жалынып-жалбарынып.

— Қойлар,бұқаны құдықтан шығарып алып, жақсылығын көрейік! – дейді қойшы.......
Ертегілер
Толық

Жақсылық пен жамандық

Қазіргі инновациялық-ақпараттық заманда халқымыз үлкен жетістіктерге жетіп, көптеген белестерді бағындырып қарқынды дамуда. Бірақ бұл заманның адамдарының эгоистік көзқарасы жоғарылып, адами қасиеттердің азайып, көптеген қорқынышты қылмыстарға барып, жақсылық пен жамандықты ажырата алмайтындай жағдайға жетіп жатыр. Қазіргі таңда отбасылық проблемалар, ажырасулар, балалардың жетім қалуы жиі кездестіні, адамдардың бұған.....
Эсселер
Толық