1. Дәретті болу, яғни таза болу. 2. Дұғаны жасағанда әуелі Аллаға мақтау айтып бастау. 3. Тілекті үш қайтарадан айту. 4. Құбылаға бет қарату. 5. Екі қолды көтеріп,алақан жайып тілеу. 6. Орташа дауыспен дұға ету. 7. Дұғаны Пайғамбарға салауат....
Тілді үйрету әдісінің түсінігі. Ана тілін үйренудің заңдылығы, жоғарыда айтып өткеніміздей, бірқатар қабілеттердің даму процесінде ішкі сезім арқылы (саналы емес) жүзеге асырылады: 1) өзінің сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті – сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, просодемаларды модулдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекстері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабілеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез – құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті. Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым безірек байиды және оның психикасы жан – жақты дамиды. Лингвистикалық – дидактикалық принцптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарты болып табылады.....
Этаптар Түсніктеме Дозасы 1. Науқастың басын көтеріңкі бір жақ бетіне қисайтып жатқызамыз • Құсық массасымен аспирация болуының алдын алу
2. Қысып тұрған киімдерін босату Өкпе экскурциясының жеңілдеуі
3. Таза ауа келуін қамтамасыз ету • Тыныс алудың жеңілдеуі • Жағымсыз иістерді болдырмау
4. Дәрігердің нұсқауы бойынша ақазанын жуу • Токсиндерді, уларды механикалық тазалау • Кейбір жағдайларда асқазанды жуу науқастың жағдайын нашарлатып жіберуі мүмкін 5. Мына препараттарды енгізу: реr os 0,25% ерт.
Бұлшық етке церукал
Үзіліссіз құсу кезінде –бұлшықетке аминазин • Перифериялық құсу орталығының қозғыштығын төмендетеді • Перистальтиканы қалпына келтіреді • Орталықтың құсу орталығының қозғыштығын төмендетеді 6.Құсудан кейін а) ауыз қуысын қайнаған сумен шаю б) су-шайды 2-4 сағат аралығында кезекпен беру. в) қажет болған жағдайда құсық массасын лабораторияға жолдау • Гигиеналық жағдайды қамтамасыз ету • Оральды регидратацияны жасау, құсуды қоздыратын қосымша заттарды аластау • Құсық тудыруы мүмкін жағдайларды анықтау 7. Құсықтың себебін анықтау және оның болмауына тырысу • Құсықтың пайда болуының алдын алу
Іш кебу кезінде жедел көмек көрсету
Этаптары Түсініктеме Дозасы 1. Баланы арқасымен жатқызып, кеудесінің төменгі жартысын босату. • Іштің перистальтикасының жеңілдеуі 2. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету • Перистальтиканың қалпына келуі 3. Ішке сағат бағытымен жеңіл массаж жасау • Ішекте жиналған газдарды жою 4. Әсері болмаған жағдайда келесі препараттарды енгізу: реr os карболен бұлшықетке церукал • Адсорбент болып табылады • Ішектердің перистальтикасын қалпына келтіреді 1 мл/кг ( 1 мл=5 мг) 0,1 мл/ жас 5. Тамақ рационынан сүт, көкөністерді шектеу • Іш кебудің күшеюінің немесе оның қайта болуының алдын алу ....
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы егде адамдардың көптеген құқықтарын бекітеді, бірақ құқықтады жариялау оның автоматты, әсіресе егде адамдардың әлеуметтік жеңілдіктеріне, ақысыз медициналық көмек алуға және дәрі-дәрмекпен ақысыз қамтамасыз етілуіне қатысты ережелерге қатысты құқықтық іске асырылуын білдірмейді. Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған конституциялық нормаларды іске асыруға бағытталған заңнамасын 3 бөлікке бөлуге болады: жасына тәуелсіз барлық азаматтардың, оның ішінде егде адамдар үшін аса маңызды құқықтарды бекітетін нормалар; егде адамдардың құқықтарына тікелей қатысты нормалар; егде адамдардың ерекше санаттарының ережелерін реттейтін нормалар. Бірінші топқа көптеген заңнама актілерінде: Азаматтық кодексте, Жер кодексінде, «Неке және отбасы», «Азаматтардың денсаулықтарын қорғау туралы», «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңдарда бекітілген нормалар жатады. Екінші топтағы нормаларға «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңдарды жатқызуға болады. Үшінші топқа, мысалы, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылған және жасына жеткен жағдайлар бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Ұлы Отан соңынына қатысушы мүгедектерді және оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы», «Жерасты және ашық кен жұмыстарында еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Заңдар жатады.....
ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстан жастары жоғарыдағы бөлімде аталып өткен жағдайларға байланысты, дамудың күрделі кезеңін елімен бірге бастан кешіріп отыр. Бұл жағдайда жастарға олардың өмірлік бағытын жүзеге асыруда, әлеуметтік проблемаларын шешуде біріншіден, жастардың өздері белсенді әрекет етіп, ізденіп, өздері немесе жастар ұйымдары арқылы көмектесе алса, екіншіден өздерін көрсетуге жағдай туғызатын мемлекет, үшіншіден, өз институттары (қоғамдық өзін-өзі басқару, қайырымдылық және арнаулы қорлар, т.б.) арқылы азаматтық қоғам көмектесе алады Осы үш «ағымның» өзара байланысып, тоғысуы жастар саясатын құрайды, ол – жастар сияқты халықтан шыққан ерекше топ ретінде мемлекеттік және қоғамның әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы Жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясының өзекті идеялары мен қағидаларына, БҰҰ Бас Ассамблеясының "Жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасының 50/81 қарарына, Сәби құқықтары туралы Конвенцияға, Қазақстан Республикасының Конституциясына және ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған " Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы " атты Жолдауына сүйенеді. Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын иелеумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады. Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді. Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеуге ғана сайымайды. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді. Дөстүрлі жастар мәселелерін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді. Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ, өткен буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. ....
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпарттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпарттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс. Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге де презиндентіміз Н. Ә. Назарбаев та назар аударып, ол Республикалық мұғалімдер съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады», - деген болатын. Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Информатикадан мемлекеттік білім стандартында көрсетілгендей бүгінгі таңда оқу мақсатын тек компьютерлік сауаттылық шеңберінде ғана анықтау жеткіліксіз. Қазір «Интернет» желісіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектептер компьютерлендіріліп жатыр. Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі Интернет желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе күн жаңаларымен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Ақпараттардың көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді, қазір де Интернет жалпыға бірдей ақпараттық қор тәрізді ертегідегі «ханшалардан» күнделікті «күніңізге» айналып барады.
Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Интернет желісіне күніне 1000, кейде одан да көптеген компьютер қосылады екен. ....
90 жылдары әлеуметтік саясаттың ең бір маңызды үрдістерінің бірі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің қалыптасуы болды. Халықпен жұмыс істеуде қазіргі технологиялар мен әдістемелер кеңінен қолдынала бастады. Әлеуметтік әдебиеттерде осы кезге дейін әлеуметтік қызмет көрсетудің бірдей қалыптасқан ұғымы жок деп айтуға толық негіз бар, әркім әртүрлі қарастырады. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің кейбір ғылымы еңбектерде әлеуметтік жұмыстың баламасы ретінде қарастырылады. Ал басқа да еңбектерде оны жоғарғы дәрежедегі әлеуметтік жұмыстың техлогиясы деп санайды. Бұл әлеуметтік технологиялар қазіргі күрделі әлеуметтік ситуациялар кезінде азаматтарға нәтижелі әлеуметтік қолдау көрсетуде мүмкіншілік жасайды. Осы ситуация әлеуметтік өрістің маңызды секторы болып саналады, адамдардың кез- келген әлеуметтік топтың шын мәніндегі өмірдегі қызметін бұзады. Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсетуді іске асыру мүмкіншілігі территориялық әлеуметтік қызмет көрсету органдарын ұйымдастыру, оларды одан әрі дамыту нәтижесінде іске асырылады.Әлеуметтік жұмыс саласында кәсіби әлеуметтік қызметкерді және басқа мамандарды даярлау жеткілікті дәрежеде жүріп жатыр деп айтуға болады. Әлеуметтік жұмыстың теоретиктері әлеуметтік қызмет көрсетуді әлеуметтік жұмыстың түрі деп тұжырымдайды. Іс жүзінде тәжірибеде - бұл жүйелер әлеуметтік адамгершілік, қайырымдылық қызметтің белгілі бір түрлері болып саналады. Ол жеке бастың, отбасының кез-келген адамдар жиынтығының қайта қалыптасып, түзетінілуін қамтамасыз етуге негізделген. Әлемнің барлық елдерінде де әлеуметтік қызмет көрсету бірдей түсініліп, нақтылы ұғымы қарастырылмаған. Сондықтан да бұл терминнің мазмұны әр түрлі болып келеді. Финляндияның «әлеуметтік қызмет көрсету заңында» әлеуметтік қызмет көрсетуді, әлеуметтік қолдаудың өмір сүруге керекті қаражаттардың, әлеуметтік жәрдемақылардың жиынтығы деп түсініледі. Әлеуметтік жұмыстың сөздігінде әлеуметтк қызмет көрсету адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру нақтылы қызмет түрлерін беру деп аталады. Әлеуметтік қызмет көрсетудің Қазакстандағы жағдайы оның мәнінің, мазмұнының теориялық тұрғыдан дәлелденгенін көрсетеді және заңнамалық негіздері кұрастырылған. Әлеуметтік кызмет көрсету жөнінде күні осы уакытка дейін бірде-бір президент жарлыктары немесе үкіметтін каулылары кабылданбаган. Отбасына, карт адамдарга, балаларға, мүгедектерге, халыктың т.б. категорияларына әлеуметтік кызмет көрсетудің бағыттары орындалмаған. Өкінішке орай казіргі отандык әдебиетте әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің кұрылымы мен функциялары жеткілікті тереңінен дәлелденбеген. Әлеуметтік қызмет әр түрлі мекемелердің ғылыми-әдістемелік қамтылуы бастапқы жағдайда болып отыр. Азаматтарға әлеуметтік тиімді, жетілдірілген қызмет көрсетудің критерийлерімен көрсеткіштері жеткілікті түрде белгіленбеген. Жұмысты мақсатқа сәйкес мына тұрғыдан қарастырған жөн. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйе түрінде мынадай құрылымдардың жиынтығы болып табылады. 1. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің ұйымдастыру қызметінің түрлері. 2. Жалпы міндеттер мен мақсаттар мен функцияларымен бірлестерімен региондық жиынтығы құрамын анықтаудың белгілі бір тәсілі. 3. Әлеуметтік қызмет көрсету органдары мен мекемелердің өзара іс- әрекетін реттеп тәртіпке келтіру. 4. Ведомствалық өзара байланыс, халықтың әртүрлі қатарларын қолдауға бағытталған іс- әркеттің өз кезегінде орындалуы жэне негізделуі. 5. Мекемелер қызметін қаржылық- экономикалық, материалдық-техникалык ресурстармен қамтамасыз ету. 6. Аймақтық әлеуметтік мекемелердің қызметін кадрлармен қамтамасыз ету. 7. Нормативті, құқықтық базаның деңгейі. 8. Әлеуметтік мекемелер қызметімен клиенттердің қанағаттану дәрежесі. 9. Әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігі....
Мотивация адам өмірінің бұрынғы ғылымында орын ала бастаған. Жүз жылдықтың бірінші жарты жылында әр елдерде мотивация туралы ұғымдарды жан-жақты әр түрлі қарастыра бастаған. Мысалы, өздерінің түрткі және мотивация туралы зерттеулерін Фрейд Австралияда, Левин Германияда жүргізе бастаған және мотивация туралы пікірлер әр түрлі жағдайларда көп қарастырылған. «Түрткі» өзіне нақты жағдайда жүре бастаған талап етуді, қозуды, тырысуды тағы басқа қасиеттерді қосып алады. Осы терминдер динамикалық жағдайда бағытталып, іс-әрекеттің нақты бағалық жағдайын, субъективті тырысуын бағыттайды. Осы қасиеттердің барлығын қорытындылай келе және мотивацияның психологиялық зерттеулерін жүргізе отырып «түрткі» және «мотивация» деген ұғымдар туады. Түрткі бұл барлық қарым-қатынастағы «индивид-орта». Егерде түркіні бір шеңбердің ішіндегі қарым-қатынастың «индывид-ортасы» деп түсінсек, онда бұдан шыққан мотивацияның психологиялық мәселелерінің негізгі сегіз түрін атап өтуге болады: 1) «Индивид-орта» қарым-қатынастың эквиваленттілігі. 2) Жеке даралы өсу кезінде және нақты бағалы диспозиция қалыптасқанда түрткі қалыптасады. 3) Адамдардың жеке тұлғалық қасиеттері мен бірге түрткілері де өзгеріп отырады. 4) Адамның мінезі нақты бір жағдайда әр түрлі түрткіні иерархияға бағытталып, түрткілері әр түрлі жағдайға тап болып келеді. 5) Мотивация мінез-құлықтан қалыптасқандықтан түрткісі қалады. 6) Қозудың іс-әрекеттегі байланысын мотивация ретінде түрткі анықтайды. 7) Мотивация жеке процес емес, бұл мінез-құлықты басынан аяғына дейін анықтайды. 8) Мотивтендірілген іс-әрекетті мотивациямен салыстыруға болмайды. Іс-әрекет әр түрлі функционалды компоненттерден тұрады және мотивациядан осы қабілеттерде ары қарай бағытталып, қолдануын қажет етеді. Көп жағдайда біз мәселелердің қорытысында көрсетілген мотивациямен кездесеміз. Буржуазиялық психолгтер мотивация жайлы былай деген: «Сотивация өзіне нақты механизмдердің бөлінуін, мазмұнды жақтарын қоспайтын қандай да белсенді таза энергетикалық жинақ». Фриердан ойынша түрткі бұл энергиялық аспект реакциясының тәжірибесі.....
Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі. Банктің міндеттемелері нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді.Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттері, тартылған банк аралық рессурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал потенциалды: немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепілхаттар, клиенттерге несие желілерін ашу т.б. арқылы көрсетіледі. Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк б.т. Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспондентік шоттардағы (Орталық банкте және басқа да коммерциялық банктерде) қалдықтармен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланылады Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек. Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады: • депозиттиерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;....
«Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген. Жөргегімде таныстым мұң тіліммен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген» деп Жұбан Молдағалиев айтқандай, біз не көрмеген қазақпыз? Әйтсе де, қуанғанда күлкімізден түн түрілген қазақпыз. Адамгершілігі, қонақжайлылығы, төзімділігі біздің халықтың мінезіндегі өзге жұрттан ерекше маржан - байлығы. Бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді мирас қып қалдырған. Еңбегі еш кетпеді де. Үміті ақталып, кейінгі ұрпаққа саналы, дана адам билік басына отырды. Олардың арманы орындалып, көсегесі көгерген кезге жеттік. Ең алдымен, досқа адал, дұшпанға қатал болуды, сонан соң досқа күлкі, дұшпанға таба болмауды, рухы биік болып, намысты қолдан бермеуді әрқашан есте сақтаған ел басымыз осы қасиеттерді бізге де үлгі етті.......