АБАЙДІЛДӘ – өткен ғасырдың елуінші жылдарында қабырғалы қаламгер М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы жарыққа шығып, ел ішіне кеңінен насихаттала бастаған тұста өмірге келген ныспы. «Абай сияқты ғұлама, білім қуған данышпан, ел қамын ойлаған жанашыр болсын» деген ырыммен қойылады. Абай мен оның жұбайы Ділдәнің құрметіне халықтың шексіз махаббаты болып жеткен бұл есім халық арасында өте сирек кездеседі.
Абай (-ев, -ева) - қазақ халқының ұлы ақыны Құнанбаев Ибраһимнің екінші есімі. Бұл есім "бала ұлы ақын Абайдай болсын" деген мақсатпен кейінгі ұрпақтарға жиі қойылып отырған. Солардан тараған балалар Абаев, Абаева деген фамилияларға ие болып отыр. Абай "сақ, әзір, дайын" (ҚТТС, 1, 32). - Абай отырмасаң сүтіңді ақтарып, өзінді майып етеді, - дейді (Қ. Қамбаров, Алтай аясы). Абай болды. 1. сақ болды. Асылы абай болу керек (М. Қаратаев, Даладагы дабыл). 2. ес болу, бас-көз болу. Өйтеуір абай болып, анда-санда айгайлап қойып, өзі де ығып келеді (Ғ. Мүсірепов, Оянған өлке). Алайда, сөз етіп отырган Абай есімінің шығу төркіні туралы әртүрлі пікір бар: 1) Ертеректе айтылған бір пікір бойынша; абай "ел ағасы, ол тува тіліндегі абыгай "от ағасы", "аға", татар тіліндегі абзыкай "ағай" сөздерімен төркіндес" десе (ҚТТА, 1960, 169-6.), 2) Абай Құнанбаев өмірбаянын зерттеушілердің пікірінше: "Зере бәйбіше Ибраһим деп атауға тілі келмей еркелетіп Абай атандырған" дейді (Абай, Шығ.тол.жин. 1961, 11-6.). 3) Абайдың шын аты Ибраһим; кейіннен шешесі еркелетіп "Абай" деп кеткен дегенді айтады (ҚҮЭ, I, 10-6.). Бұл есімнің бірінші сыңары аба~ава және оның варианттары: аба, абай, абый, абака, абаға көптеген түркі тілдерінде ұшырайды. Қырғ. аба 1. "аға"; 2. "әкесімен туыстас адамға айтылатын құрмет сөз"; 3. "үлкен аға"; 4. түстік диал. "үлкен ағалардың үлкені, құрметтісі" (Юдахин, 17-6.). Түркм. аба - "әке, папа", осм. түрк. абаі - "үлкен аға", тел. абаі - "әке", қызыл. абай -"үлкен аға", саг. аба - "жасы үлкен аға" (Радлов, I, 213-6.), тув. абыгай — "мырза", тат. абзыкай, абый "аға", "үлкен аға" (ТРС, 18), алт. хак. абака, абага "аға, ағай"; "қария", "шал", "үлкен аға", "қадірлі", "құрметті" (Севортян, 54, 65), ұйғ. абу-қа - "аға", "әкенің үлкен я кіші туысы", жағ. абаеа "аға" (Буда-гов, I, 2-6.). В. В. Радлов кезінде "абака сөзі аба+ака, аба-\-ага тәрізді екі сөзден бірігіп барып, кіріккен" деген пікір айтқан еді. Ал осы сөз туысы бөлек кейбір тілдерде, мөселен, моңғол тіліндегі авга "немере аға", авгай "жасы үлкен адамдарды сыйлағанда айтылатын сөздермен де байланысты екені шүбәсіз" (Хабшай, 13). Біздің пікірімізше, Абай - ұлы акынның үй-іші, әжесі тілі келмегендіктен қойған есім емес, халқы қадірлеп қойған екінші аты, мағынасы "ел ағасы", "ел қадірлісі, құрметтісі" болса керек. Оның бастапқы түбірі аба болса, соңғы қосымша й құрметтеу, сыйлау мәнін білдіретін жұрнақ екені даусыз. Оны тіліміздегі атай (ата+й), ағай, бабай, әкей, әжей сөздерімен па-ра-пар қарауға болады.
Есімім Марат. Өмірде түрлі оқиғалар болып жататыны рас. Соның бірін менде басымнан өткіздім. Кедеше бастайын. Конілімде мазасыз бір ойдан арыла алмай келемін. Жылағым ақ келеді , бірақ жылай алмаймын. Анығын айтқанда жыламаймын. Қалай жылайын достарымның, оларды қойшы сын көзбен.......
Ел басына күн туғанда ер етігімен су кешеді. Сондай ерлердің бірегейі-Кеңестер Одағының Батыры, генерал Сабыр Рақымовтың дүниеге келгеніне жақында 110 жыл толды.
Шымкентте Сабыр Рақымов атындағы мектеп-интернатта осы салтанатқа орай батырды еске алу кеші өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев штабта отырған көп генералдардың бірі емес, майданның алғы шебінде, желдің өтінде болған нағыз жауынгер генерал туралы мазмұнды әңгіме айтты. “Осындай ерлерімізді түгендеуге....
Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598-жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан - Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.
Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты. Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627-жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған. Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей.....
Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең таралған, заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін, кейбірі ежелгі есімдерді қояды.
Есімхан (1598 — 1628) билік құрған. Есімхан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есімхан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Қазақта "Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол" деген қанатты сөз ежелден бар. Керей мен Әз Жәнібек негізін қалаған Қазақ хандығы әуелде әлсіз, жаңа - жаңа қаз тұрып....