Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (И әрпі бойынша ат қою)
КАБИРА - араб тілінен алынған кабир — ұлы, зор, үлкен; маңызды, байыпты, салмақты.
ҚАЗЫНА - араб тілінен алынған хәзинә — байлық, қойма; қазына. Аса қымбатты деген мағына береді.
АБДАЛЫ - араб тiлiнде «абдал» деп пайғамбардың жақын серiктерiн айтатын болған. Бұл сөздiң мағынасы қасиеттi, қайырымды дегендi бередi.
АБДОЛЛА - Араб тілінен аударғанда "абд" сөзі құл дегенді, олла (алла) Құдай дегенді білдіреді. Есім "Құдайдың құлы" дегенді білдіреді. Бұл есім өзбек халқында кең таралған, қазақ халқында кең қолданысқа туспеген.
АБАТ – парсы сөзінен шыққан ныспы. «Абад» сөзінің аудармасы «гүлденген, жайқалған, жайлы» деген мағынаны білдіреді. Бұл есім жаңа туған сәбиге «ғұмыры тек жақсылыққа толы болсын, жас құрақтай жайқалып өссін» деген ниетпен қойылса керек.
АБЗАЛ – түбірі арабтың «фәзл» деген сөзінен шыққан. Білімді, даналық иесі деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқы ардақтайтын адамын «Абзал жан» деп атайды. Нәрестеге «құрметті, білімді болсын» деген ниетпен қойылатын ныспы. Ел ішінде өте жиі кездесетін есімдер қатарына жатады.
АБЗАЛ – Араб және қазақ тілдерінде "абзал" сөзінің мағынасы: лайық, ең жақсы, қымбат, бағалы. Аса мәртебелі, мейірбан адам.