Тарих | Қазақстанға қола дәуіріндегі ескерткіштер

Дәуірдің ерекшеліктері. Неолит дәуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері б. з. б. II мыңжыддықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның қалыптасуына жеткізді. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға көшу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақғығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл
Қола дәуіріндегі қоғамның ілгері басуы екі факторға байланысты. Олардың бірі — жаңа дәуірді белгілеген фактор — палерметалдардың ендірістік жолмен игерілуі болды.
Андронов мәдениеті. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстанның және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді; бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Балғабек Қыдырбекұлы | Ақынға тірі ескерткіш


Біз қаладан да, аудан орталығынан да жырақтағы Жандосов атындағы колхозда тұратынбыз. Өзімізге осы шағын колхоздан артық елді мекен жоқ сияқты болатын. Аспан әлемінің қожасы — күн нұрын тек біздің ауылымызға ғана төгіп тұратындай көрінетін. Тіпті біздің ауылымыздағы жарқ етер күн басқа жерге де шығып тұрады дегенді мен өзім де, басқа балалар да таңданып тыңдайтынбыз.

Шілде шығып, күн аптабы басылып, қоңырқай салқын тарта бастаған кез. Август айының соңғы күндері зымырап өтіп кететін баяғыдан бергі әдеті. Әдейі сентябрьді — мектепке барар күнді тездеп жақындатып келеді.

Күннің бір шеті батып, бір шеті жанып тұрған шақта кеш алдында Асқар ағай жорға торы биесімен Ұзынағаштан үйіне келіп түсті. Біз бәріміз Әбдісәлем де, Хамитта та, Қалибай да кітапқа ақша төлеп қойғанбыз. Ауданнан келген мұғалімді көре салып, артынан жүгірдік. Мұғалімнің бөктерген қызыл қоржыны бар. Екі басы толған кітап. Оны ересектеу Қалибай мен Хамит көтеріп үйге кіргізді. Менің оған шамам келіңкіремейді. .....
Әңгімелер
Толық

Тарих | ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЗДЕРІ

Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушылары дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.
Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш......
Рефераттар
Толық

Тарих | Орхон-Енисей ескерткіштері

Көне Түркі жазуы (басқаша Орхон-Енесей жазуы) — V ғ. б.з.б. — X ғ. б.з. түркі тайпаларының жазуы. Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында (Екінші түркіт қағандығы) және Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым табып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын)......
Рефераттар
Толық

Тарих | Көне Түркі жазба ескерткіштеріндегі және «Қорқыт ата кітабындағы» халықтық педагогика

Жазба ескерткіштер. Тәрбиенің мәңгілігі, қажетгілігі, қасиетгілігі жайлы ой түркі жазбасының ертедегі ескерткіштерімен дөледденеді. Бұл түрғыда ерекше қызығушылық түғазатындары және үлгі боларлықтары, әсіресе, Орхон ескерткіштері (ҮІІ-ҮІІІғғ.). Мұнда халық педагогикасының күрделілігі және көп қырлылығы бейнеленген. Оларда ата-анаға құрмет, адалдық пен әділеттілік, еңбекті құрметтеу, жаудың алдында қаймықпау, ерлік пен елдік, танып-білуге құмарлық, .....
Рефераттар
Толық

Тарих | Көне тарихи мәдени ескерткіштер тәрбие құралы

Қазір, Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған. Ал Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 ж. 5 шілдесінде ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді. Осындай тарихи-мәдени ескерткіштерді сыныптан тыс тәрбие жұмысында пайдалану арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің маңызы зор.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Егер қазақтардың рухани тарихы жазыла қалса, Қожа Ахмет Яссауидің хикметтері сөзсіз оның бір бөлігі болып кіруге тиіс» [1]-деген.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі XIV ғасыр ескерткіші. Осы ескерткішті сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушыларға ұлттық тәрбие беруде былай жүргізуге болады.
1. Жеке
2. Топтық
3. Ұжымдық......
Рефераттар
Толық

Тұманбай Молдағалиев (Досым Жанысбекке ескерткіш)

Кетіп қапсың, Жанысбек, жылды күтпей,
Тұлпарыңды соңғы рет бір жүгіртпей.
Жазды күнгі теңіздей толқып, шалқып,
Өмір кешіп жүруші ең бір жігіттей.
Бала күннен, бал күннен бірге өсіп ек,
Талай балғын бір атқа мінгесіп ек.
Есік интернатында өңкей арман
Баласындай бір үйдің......
Өлеңдер
Толық