Керексiздi сатып алсаң, Кейiн керегiңдi сатарсың.

  1. Осы мақалды базарға, дүкенге барғанда, немесе бір затты сатып алғыңыз келгенде есіңізде ұстаңыз.
  2. Отбасыңызда сатып алу мен алмау туралы келеңсіз жағдайлар болмау үшін осы мақалды көрінетін жерге қағазға жазып, іліп қойыңыз.
  3. Жағдаят ойласытырып, ерлі-зайыптылардың диалогын құрыңыздар.
Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Ұзақ болса да жолдың турасы жақсы

«Жолдың турасы» деген кең мағынада адамның өмір жолы туралы мағынаны білдіреді. Ешкімге қиянат жасамай, алдап кетпей, адал өмір сүрген адам жолдан таймаған, тура жолмен жүрген болып есептеледі. 

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Туған күнге тілектер жинағы

Туған күніңмен құттықтаймын! Осы керемет күні Сізге мықты денсаулық, адал достар, шексіз бақыт, өлшемсіз табыс, жынды махаббат және көптеген қуанышты күндер тілеймін! Жақсы көңіл-күй мен керемет мереке болсын!

Құттықтау, тілектер
Толық

Санамақ түрлері

Санамақ түрлері:

  1. Саусақ санамақ.
  2. Сан санамақ.
  3. Ұлттық санамақ.
  4. Күн санамақ.
  5. Тағы да басқа.
Санамақтар
Толық

Рефлексиялық есеп

Ойын ұғымына түсініктеме берсем-бұл адамның мінез-құлқы өз басқаруымен анықталған қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған іс-әрекеттің бір түрі болып табылады.Ойын сөзінің мағынасы –қуаныш,әзіл дегенді білдіреді.Өте ертедегі тұжырымда ойын адамдардың бос уақытына байланысты пайда болды деген пікір бар.

Ойын-дегеніміз не?Ойын дегеніміз-халықтың баланы әдептілікке,сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда....

Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Жаманға сөз қатпағанның өзi ­ жауап

Жалпы адамды «жақсы», «жаман» деп бөлуге болмайды. Жаман деген түсінік – парықсыз, сөздің мәнін түсінбейтін, сөз сөйлей білмейтін. т. б. ұнамсыз қасиеттері көп адам туралы айтылған болу керек. Жоғарыдағы мақал сондай адамммен сөйлесіп, пікірлесіп, түсінісу қиын болғандықтан шыққан.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Алтыныңа сенгенше, ақылыңа сен.

Адам баласы тек өзіне, өзнің біліміне, ақылына, күшіне сену керек. Біреулерден жақсылық болса, ол – жақсы. Бірақ соған сеніп кетіп, өзіңді жетілдірмей, еңбек етуге ерінсең, нәтижесінде түксіз қаласың.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық