Еділ мен Жайықтың құдалығы

Қазақтың Алау батырының заманында болса керек, аттары Еділ, Жайық деген екі адам болыпты. Еділ Еділдің арғы бетін, Жайық Жайықтың шығыс бетін қоныстаныпты деседі. Еділдің ұлы бар екен, Жайықтың қызына құда түседі. Еділ келінін алмақ болып, баласын бір жыл бұрын ұрын жіберіпті. Қайнына келіп бала аттанарда, қалыңдығы күйеуінен сұрайды: «Енді қашан келесің?» – деп. Күйеуі: «Алдағы жылдың көктемінде қазбен бірге келемін» – депті. Көктем шыға Жайық келіндеріне ақ отаудың киізін тіктіреді, жеңгелері киіз тігіп жатқанда, қастарында ұзататын бикеші отыр екен, мырс етіп күліп жіберіпті. Өміріне бір күлмеген қыз екен. Жеңгелері жабыла сұрапты: «Айналайын, бикешжан! Күлгеніңді көрмеген едік, не нәрсеге күлдің, айт......
Ертегілер
Толық

Алакөз батыр

Ертеде Абылай хан заманында бір байдың Алакөз деген ұлы болыпты. Алакөз он үш жасар батыр екен. Бір күні Абылай хан жауға аттануға көп қол жиыпты. Батырдың әкесінен: «Алакөзді маған бер, жорыққа ту ұстап барсын», – дейді. Алакөздің әкесі:

— Жоқ, ханеке, балам жас, баламды биылша тастап кет, алпыс ала ат берейін, – депті. Абылай хан: «Жарайды, олай болса», – деп, көп нөкерімен жорыққа шығыпты. Үш күн өткен соң, Алакөз үйінде отырып ойлайды. «Мен бұл әскерден қалғаным не қылғаным?», – деп, батырлығына шыдай алмай, өзінің бір қанатты Қарагер дейтін атына мініп алып, үш күн озып кеткен әскерлерді бір сағатта қуып жетіпті. Сонан соң Алакөз бұлармен бірігіп кетеді. Төрт күннен соң артынан әкесі қуып келеді. Баласы қашып ұстатпайды. Әкесі айтады......
Ертегілер
Толық

Әлібек батыр

Ертеде бір бай болған екен, төрт түлігі сай болған екен, бір перзентке зар болған екен. Сол бай бәйбішесімен екеуі Құдайдан бала тілеуге тоғыз нарға тоғыз тоғанақ жүк артып, тоғыз ту бие жетектеп, тоғыз жолдас ертіп, азық-түлікті жинап алып, жолға шығады.

Жолаушылар бірнеше күн жол жүріп, шаршап келе жатса, өзен бойында будақтап бұлтпен араласып шыққан көк ала түтін, қара құртша қайнап жатқан мал, қалың ел, ерсілі-қарсылы шауып жүрген көп адам көрінеді. Бұл бір үлкен той тойлап жатқан ауыл екен. Тойдың кімдікі екенін білу үшін ауылға жақындап келгенде.....
Ертегілер
Толық

Аңшы мен сиқыршы әйел

Баяғыда аңшылықпен күн көрген бір адам болған екен. Бір күні аңға шықса, алдынан бір буаз киік ұшырайды. Оны атып алып, төс етін кесіп, отқа қақтап, бір кесіп аузына апара бергенде: «Әйт!» – дейді ар жағынан біреу. Жалт қараса, манағы киік:

— Менің жайымды Орманбет биден сұра! – деп, секіріп-секіріп жоқ болады.

Аңшы енді сол Орманбет биді іздеп табуға бел байлайды. Ол ұзақ жүріп Орманбет бидің ауылын табады, бірақ Орманбет би үйінде болмайды, қаңыраған үйі тұрады. Аңшы сұрастырып білсе, Орманбет бидің басқа бір жерде әйелі болады екен. Ол соған кетеді де өз әйелі оны қуып кетеді.......
Ертегілер
Толық

Ақ жылан мен қара жылан

Бұрынғы заманда жақсы бір мерген болыпты. Аң қарап келе жатса, екі жылан төбелесіп жатыр екен. Жыланның бірі қара, бірі ақ екен. Келіп қараса, қара жыланның түсі суық, өте жаман екен. Мерген қараны өлтіріп тастапты.

Сонан соң ақ жылан тұрып, бір нәрсені жалап алады. «Түсі ақ, маған да жала деп отыр ма?» – деп, мерген де әлгі нәрсені жалап алады да сол сағатында жер үстіндегі нәрсенің тілін түгел біліп кетеді. Жыланмен сөйлеседі. Жылан: «Екеуіміз енді дос болайық және тіл білдім деп кісіге айтпа!» – дейді де ат басындай алтын береді. «Тіл білдім деп айтсаң, өлесің», – дейді.

Ақ жыланмен дос болып, үйіне қайтады. Алтынды үйіне апарып тастап, қайтадан аң қарап жүріп, бір байдың үйіне қонады, сонда түнде қасқыр ұлиды және осы түнде боран болады. Байдың қойы ығады. Қасқыр: «Байдың қойын жейім, болмаса, қонағының......
Ертегілер
Толық

Бақытты басқа тепкен адам

Бағдат шаһарында бір жігіт болған екен. Бір күні түсінде Қызыр жолығып: «Мен Ніл дариясының жағасында бір бәйтеректің қасында тұрамын, сен маған кел, саған батамды беремін. Сен бақытты боласың», – дейді. Жігіт оянып көзін ашса, таң атып келе жатыр екен. Жігіт:

«Япыр-ау, бұл түсім қалай түс, мүмкін, рас түс болып шығар, мен сол бәйтерекке барып көрейін», – деп, шаһардың ұзын көшесімен жүгіре басып келе жатса, Бағдат шаһарының патшасы терезесін ашып қойып, көшеге қарап отыр екен. Асыға басып бара жатқан жігітті көріп, патша шақырып алады:

— Сен, жігіт, жұрт тұрмай, асығып қайда барасың, бір нәрсеге қуанып барасың ба, я болмаса бір нәрседен қорқып, қашып барасың ба? – дейді. Жігіт:

— Тақсыр, патша, мен бүгін түсімде Қызырды көрдім, ол кісі: «Мен сені Ніл дариясының жағасында күтемін, сен маған кел, мен батамды беремін, содан соң сен бақытты боласың», – деді. Осы түсім рас болар деп, сол Қызырды іздеп барамын, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Бақтыбай би

Ертеде өз еңбегімен күн кешірген бір кедей шал болыпты. Шал өмірінде бір шыр еткен көрмепті. Бар тілегі бір бала екен. Шалдың кәсібі отыншылық екен. Отын алғалы сайға кетіп бара жатса, жолдың шетіндегі бір топ шидің түбінде ораулы жатқан бір затты көріпті. Алып қараса, жаңа туылған нәресте бала екен. Шал қолына алысымен, бала шырылдап жылай бастапты. «Құдайдың бергені» деп, шалдың қуанғаны соншалық, отын алмастан баланы қойнына салып алып үйіне қайтыпты. Өмірі бала көрмеген шалдың кемпірі де жүрегі жарыла қуаныпты. Үйіне келген соң, маңайдағы көршілерін шақырып той жасапты. Шал баласының бақытты болуын тілеп, оның атын «Бақтыбай» деп қойыпты. Күн өтіпті, ай өтіпті, жылдар өтіпті. Бақтыбай есейе бастапты, әкесі Бақтыбайды оқуға беріпті. Бала өте зерек, алғыр болып өсіпті. Өзі тұстас балалардан ақылы анағұрлым артық болыпты. Басқа балалар бір-бірімен төбелесіп шатақ шығарса, Бақтыбай үнемі оларға арашашы болып, ақылын айтып жүретін болыпты. Сондықтан балалар оны өздеріне «би» сайлап алыпты. Бақтыбай «би» болған күнінен бастап балалар арасындағы ұрыс-жанжал түгепті.......
Ертегілер
Толық

Боз атты Боран батыр

Ерте заманда жезтырнақ деген жыртқыш шығып, адам баласына ауыр зиян салып, елді көктетпей қойыпты. Ешкім оған батып бара алмайды екен. Барған адамды жезтырнақ жамсатып отырыпты. Бір күні Боран батыр боз атына мініп, жезтырнақтың мекеніне қарай жалғыз тартыпты. Оған жолдас болуға ешкім шықпапты. Батыр «ер азығы мен бөрі азығы жолда» деп азық алмай, жолаушылап жүріп кетеді екен. Боран батыр жезтырнақ мекендейтін қалың жыныс орманға келіп, бір дәу арқарды атып алады да оның еті, бауырын қоламтаға көміп қойып, боз атты байлап тастап от басында қамсыз отырады. Бір кезде жезтырнақтың дыбыры шығады. Боз ат кұлағын қайшылап, тықыршып осқырып тұрады. Боран батыр оны елемегенсіп отыра береді. Сәлден соң жезтырнақ Боран батырдың қарсы алдына келіп, бір тізерлеп отыра кетеді. Бұл кезде Боран батыр қоламтаға піскен бауырды алып, кесіп жеп отырады. Боран батыр қолындағы болат семсердің ұшына шаншып, томардай бауырды жезтырнаққа ұсынса, жезтырнақ семсердің ұшын «тырс» еткізіп кесіп, бауырмен бірге алып қалады. Бұдан Боран батыр титтей де сескенбейді. Саптама етігінің......
Ертегілер
Толық

Аюбала

Ертеде бір асқан бай болыпты. Оның бір бәйбіше әйелі болыпты. Әлгі бәйбішеден бес ұл туыпты. Бес ұлы ер жетіп, бай қартайып қайтыс болыпты. Бәйбіше әйелі отыз екі жасында жесір қалыпты. Сонан бір жылдары ел жайлаудан етекке түскен кезде, жайланып жылдағы бір отыратын тау етегіндегі қонысында отырады.

Сөйтіп отырғанда, бір күні іңірде далаға шықса, бір нәрсе көтеріп алып қашып кетеді. Бәйбіше қорыққандығынан даусы да шықпайды. Сөйтсе аю екен дейді. Сол апарғанынан аю үңгіріне апарады. Бәйбіше үңгірде қамалып жатады. Жейтін тамағы алма, шикі ет, түрлі жемістер болады. Аю күндіз кетіп, түнде келіп түнеп тұрады. Түрлі жеміс, етті әкеп тұрады екен. Сонан бәйбіше үйреніп, аюмен бірге күнелткізіп тұра береді.......
Ертегілер
Толық

Ақжан батыр

Ертеде бір бай болыпты, малы көп болыпты. Әсіресе, жылқысы сондай көп болыпты. Жылқысының саны алты айғыр үйір болыпты. Жаз өтіп, күз таяғанда, жылқыларды бағу қиынға түседі. Бір жағынан жылқыларға қасқыр тисе, екінші жағынан жылқыны шетінен білдірмей ұрлайтын белгісіз бір ұры пайда болады.

Бай қыстың, таянып келе жатқанын ойлап, қар түскенде жылқыларды далаға бақтыру әрі күнделікті жоғалуын тыю үшін, жылқы бағушы адамды іздеуге кіріседі.

Сол кезде елге аты шыққан жылқышы, әрі батыр, әрі мерген, мал дегенде жалғыз торы аты бар, Ақжан деген кедей бар екен. Ол туралы бай ести сала, Ақжанның.....
Ертегілер
Толық