Күлшаһар

Ертеде Кішмүр шаһарында бір патша болған. Аты белгісіз патша халқына әділ, ғаріп-мүсәпірлерге көп қарасатын болған. Бірақ патша өзі баласыз болған.
Патша өзінің сарайында бірнеше уәзірлерімен мәжіліс құрып отырғанда, борышы басынан асқан, сол борыштан қысылып жанталасқан, әр түрлі кемшіліктің бәрі де өз басында, үсті-басы алба-жұлба жыртық бір қайыршы кіріп келді.
Патша отыр еді мәжіліс құрып,
Үстіне сол мүсәпір келді кіріп.......
Ертегілер
Толық

Құламерген

Баяғыда бір Құламерген деген батыр, өзі аңшы жігіт болыпты. Батырлығы елге жайылған адам болады, оның өзіне лайықты сұлу әйелі болады. Сол елдегі хан әр жерден сұлу әйел іздеп сұрау салады екен. Бір күні ханға бір мыстан кемпір келеді. «Сізге мен лайықты адам табайын, менің үйімде тазша балам бар, соған қызыңды берсең», – дейді мыстан. Хан бұған келісіп:
— Енді, маған лайықты сұлу әйел ізде! – дейді. Құламергеннің әйелі бір күні дарияның жағасына барып басын жуып отырғанда, бір буда алтын шашы суға ағып кетеді. Бұл шашты мыстан кемпір тауып алып ханға апарады.......
Ертегілер
Толық

Науша хан

Науша хан өзінің хан болып тұрған уақытында барлық елін жинап алып сұрапты:

— Менің қол астымда қандай батыр бар? Кімнің қандай көргені бар? – деп сұрайды. Сонда сол көптің ішінен біреу түрегеліп айтады:

— Менің бір көргенім бар еді, ұлықсат етсеңіз мен айтайын, – дейді.

...Ол өзі жалғыз жолаушы болып келе жатып, түн ішінде жол бойындағы жалғыз ақ үйге келеді. Үй айналасы толған ат, үстері толған қару екен. О да келіп, атын байлап есіктен қараса, маңдайында құлағы, көздері бар, мойындары бір кез толған адам екен. Содан кейін ол кіруге қорқып, кейін барып жатуға да қорқып, атын қасына алып отырады.......
Ертегілер
Толық

Омар мен Ғазиза

Ертеде бір ханның баласы болмай жүргенде, кіші әйелі жүкті болып көп ұзамай тоғыз ай, тоғыз күн дегенде, бір ұл, бір қыз туыпты. Осы кездерде хан далада қыдырыстап жүріпті. Балаларының атын Омар мен Ғазиза қойыпты. Екі-үш ай болғасын шешесі өліпті. Баласы жоқ бәйбіше екі баланы қалай жоғалтудың жолын ойлапты. Ол үшін бір мыстан кемпірді жалдапты. Хан келгенде, «әйелің екі мысық туды» деп алдынан мыстан шығып: «Мысық туғанына өкпелеген әйелің, «бұл Құдай мені әбден ойыншық қылайын дегені ме, бүйткенше өлгенім артық» деп, у ішіп өлді», – депті.

Соны айтқан мыстанның сөзіне сенген хан ашуын тоқтата алмай: «Мысықты да жоғалтыңдар!» – деп ақырыпты. Бұл сөзге өте қуанған бәйбіше: «Екі баланы сандыққа салып, суға тастаңдар!» – деп бұйырады. Мыстан бәйбішенің айтқанын жасаған. Қара толқынның арасында ойнақшыған сандық......
Ертегілер
Толық

Көроғлы

Бегәлі сыншы ханға ат сынап беретін сыншы екен. Бірнеше рет ат сынап береді. Тағы бір күні ат сынауға кетеді. Ол кеткенде әйелі жүкті екен, жүкті әйелі Бегәлі кеткен соң, дүниеден өтеді.

Бір күндері: «Әйелінің қабырынан бала шығып жүр», – деген сөз болады. Бегәлі әйелінің қабырынан бала шығып жүр дегенді естіп:

«Не істеймін?» – деп ханға барады.

Сонда хан Бегәліге былай деп ақыл қосады:

«Сен барып ер жасат, оның үстіне шырыш жақтыр, қуыршақ жасат, асық алып, бәрін де алып барып көрдің аузына қой. Әйел бала болса, қуыршақ ойнар. Ер бала болса, ерге мініп алып жерді сабалап отырар. Ер көрге сыймайды ғой, баланы шырыш ұстап алып жібермес, сосын ұстап алуға болады», – деді.......
Ертегілер
Толық

Жалғыз көзді жалмауыз

Ерте-ерте заманда бір бай болған екен. Байдың жалғыз ұлы болыпты. Мал-мүлкі мол, шіріген бай болғанымен, өте сараң, қолынан ешкімге еш нәрсе бермей, ел-жұртпен араласпай жеке көшіп-қонып жүреді екен. Малын бағуға жалшы жалдап, ақы төлеуге шығынсынып, жалғыз ұлына мал бақтырып қояды. Ел ішіндегі той думанға, қыз-жігіттердің ойын-сауығына араласпай, байдың ұлы малын бағып, ес-ақылы толып жігіт бола бастайды. Бір күні ел ішінде үлкен бір той болады. Бұны естіген байдың ұлы тойға барғысы келіп, әкесінен рұқсат сұрайды. Сонда әкесі «барма, балам» деп айта алмай: «Барсаң бар, бірақ ат терлетіп не қыласың, ана өгіздердің біреуіне мініп бар», – дейді. Өгізге жұпыны жабу салып мінеді де тойға барады. Тойға жиналған құрбы-құрдастары, қыз-келіншектер бар асыл киімдерін киіп, жорға, жүйрік аттарына мінген, байдың баласын көргенде: «Пәленше байдың баласының сиқын қара, аты жоқтай, өгізге мінген, киімін қара», – деп мазақ етіп күлкіге айналдырады. Намысына тиген бала: «Бүйтіп мыналарға мазақ болғанша, бұл елден көзімді құртайын», – деп, әке-шешесін тастап, беті ауған жаққа қаңғырып кете береді.......
Ертегілер
Толық

Қара батыр

Қара батыр деген ерді бала күнінде түрікпен елінің жортуылшылары ұстап алып, еліне апарған соң қой бақтырыпты. Аш, жалаңаш сақтап, жөнді тамақ бермеген соң, бала қойдың далада сүтін сауып ішіп, сонымен күн көріп жүріпті. Бір күні бала далада қамығып жылап отырғанда, алдына бір қарға келіп қонады.

Бала қарғаға айтты:

— Қарғалар-ау, қарғалар, қанды көрсе жорғалар, тұмарымды ал сана, біздің елге бар сана, сағынып жүрген әкеме, тұмарды бере қал сана.

Қарға бір қарқ етті......
Ертегілер
Толық

Көкжан батыр мен Айдаһар

Ертеде бір ханнің үш қызы болыпты. Екі үлкен қызын ұзатқаннан кейін, хан қолында қалған кенже қызын күйеуге беріп, ойын-тойын жасайды. Тойға қол астындағы бір кемпір мен шалды да шақыртады.

Кемпір үйде қалып, шал жалғыз өзі тойға кетеді. Бұл шал мен кемпір де ұлға зар екен. Құдайдан жылап күні-түні бала сұрайды екен. Шалы кеткен соң, кемпір қалың ойға батып жатып, ұйықтап кетеді. Ұйықтап жатып ғажайып түс көреді. Түсінде ұзын бойлы қара кісі келіп аян береді. «Мен саған сегіз қарбыз, бір қауын беремін, тоғыз балаң болады. Қауыннан туған кенже балаңның атын Көкжан батыр қой», – дейді.......
Ертегілер
Толық

Ханның үш ұлы

Бір ханның үйелмелі-сүйелмелі үш ұлы болыпты. Үшеуі де отау иесі жасына жеткенімен, бірде-бірі үйленбепті. Хан бір күні уәзірін шақырып алып:

— Балаларым ер жетті, енді үшеуін де үйлендіремін, кімнің қызын алады екен, таңдаған, сүйген қыздарын өздері айтсын, қалың малы қанша болса да беремін, дәулетім жетеді, үшеуінің тойын бір күні жасаймын, сен балаларымды жеке-жеке шақыр, ақылдасайық, – деді. Уәзір алдымен үлкен ұлын шақырып келеді.

— Балам, – дейді хан, — жасың жетті, сені үйлендіремін, жасау-жабдығың дайын, қалыңмалға беретін мал-мүлік, алтын қазынам да жетеді, осы шаһардан таңдаған қызың болса айт, дереу құда түсемін де іле-шала той жасаймын.

— Сіз кімнің қызын ұйғарсаңыз, соны алайын, – дейді үлкен ұлы.......
Ертегілер
Толық

Ералы батыр

Ералы батыр бұл халықтың тілегін орындап болғаннан кейін Қоңыр төбеттің салдырған темір үйінің сыртынан өрт қойып өртеп, екі ағасын босатып, шешесін босатып алып, әкесінің екі көзін алып, барлығын көшіріп келсе, әкесі екі көзінен қанды жас ағып, зарлап отыр екен. Баласы, келіні, бәйбішесі келген соң, екі көзін орнатып болған соң, ат аяғы жететін жерден ел шақырып, отыз күн ойын, қырық күн тойын істепті. Тойдан біраз күндер өткен соң, Ералы батырдың тұрғысы келмей, «мен дүние кезіп кетуім керек» дегенді айтты. «Кетпе» деп, көп жалынған әкесі мен туыстарының сөзіне оған біткен батырлық қайрат тоқтатып тұрмады. Ералы шынымен кетпекші болған соң......
Ертегілер
Толық