Бөдененің түлкіні тойғызуы

Бір түлкі тоғайды аралап келе жатып, қалың шалғынның арасында жүрген бөденені ұстап алыпты. Үрейі ұшқан бөдене:
– Түлкіжан, тимеші, екеуіміз дос болайық, – депті, құтылудың амалын іздеп.
– Ендеше, мені тойғыз, – депті түлкі.
– Онда ер соңымнан, анау қыздарға барайық, – депті, бөдене жаңа қонып жатқан бір ауылға ерулік алып бара жатқан қыздарды көрсетіп. Оны көріп:
– Ал, баста! – дейді де түлкі соңынан ілеседі.......
Ертегілер
Толық

Алты түлкі

Бұрынғы уақытта кең далада жүрген алты түлкі бас қосып, жолдас болыпты. Алтауының ішінде бір түлкінің құйрығы шолақ екен. Ал ұзын құйрығы бұлаңдаған бес түлкі:
– Сенің құйрығың жоқ, шолақсың, – деп, келекелеп күле беріпті.......
Ертегілер
Толық

Қоянның айласы

Бір күні алыс сапардан шаршап, болдырып келе жатқан түлкі жол жағасында жортақтап жүрген қоянды көріпті. Сонан соң түлкі ауырған болып, қоянның жолына сұлай кетеді де оны қасына шақырады.
– Қоянжан-ау, қоянжан! Неге сонша жортасың? Менен неге қорқасың? Бала жастан бірге өскен, тоғайдың дәмін бір жескен көрші емес пе едік. Мен ауырып жатырмын, халімді неге сұрамайсың? Жақынырақ......
Ертегілер
Толық

Арам түлкі жайында

Ертедегі заманда бір түлкі, бір құлан, бір сауысқан үшеуі дос болып, жолдас болады. Бір-біріне жамандық ойламасқа ант айтып, шарттасады. Сөйтіп жүргенде, бір күні құлан тұзаққа түсіп, шарқ ұрып, босана алмай, өлемін-ау деп қорқып, түлкі мен сауысқан достарына қарап «айла, лаждарың бар ма?» – деп, жалтақ-жалтақ қарап жылаған соң, түлкі тұзақты қимақ үшін құланның қасына таман келеді. «Осы құланның өлсе етін жейін, тұзақшы сойса, ішек-қарындарын тастайды ғой. Мұның достығынан маған.....
Ертегілер
Толық

Жолбарыс жеген түлкі

Бірде тіміскілене сүмеңдеп келе жатқан түлкіге тоғайды шарлап жүрген жолбарыс кездесіпті. Сонан соң екеуі жолдас болып, сапар шегіпті. Кешке таман бір көлдің жағасына келіп, сол арада түнемек болыпты. Жардың қабағына жатыпты. Ұйқтар мезгіл болғанда:

– Менің ұйқым қатты еді, аунақшып жатып, жардан құлап кетермін. Түлкіжан, сен менің оң жағыма жатшы, – депті жолбарыс.......
Ертегілер
Толық

Боз айғыр

Ертеде тау бөктерінде жайылып жатқан жылқыға жау тиіп, айдай жөнеліпті. Жылқының ішінде топ бастаған айбарлы бір боз айғыр бар екен. Боз айғыр үйірін күзеткендей шеттеп, ұзамастан жағалай жайылып жүріпті. Ұрылар жылқыны айдай жөнелгенде, боз айғыр да үйірімен бірге кетіпті.
Ұрылар үш күн бойы талмай жол жүреді. Төртінші күні жердің, айдап келе жатқан адамдардың түр-тұрпатына қадағалай қараған боз айғыр жер ауғанын сезеді. Содан пысқырынып-пысқырынып жіберіп, аулына кері қашады. Ұрылардың қуғынына шаңын да көрсетпей кетеді.......
Ертегілер
Толық

Ақсақ құла

Ертеде бір сараң бай болыпты. Оның адам баласында жоқ жалғыз құла тұлпары бар екен. Бай құла тұлпарының тұқымын өсіріп, даңқын асыра түскісі келіпті. Сөйтіп, құла тұлпардың қасына бір биені қосып, жойқын теңіздің ортасындағы адам аяғы баспайтын иен аралға алып барып тастапты. Тұлпар қасқырға да, адамға да алдырмайтын тарпаң екен.......
Ертегілер
Толық

Иттің сырттаны

Бір жолаушы ұзақ сапар шегіп, әлден уақытта иен далаға шығыпты. Күн төбеден ауып, бесін шамасы болған кезде, соңынан бір қасқыр ілесіпті. Кеш батып, күн ұясына тақай бастағанда, әлгі қасқыр бір-екі рет боздай ұлып, дыбыс берген екен, әп-сәтте жан-жақтан бір үйір қасқыр жиналып қалыпты.
Жолаушы қатердің төнгенін сезеді де айналасына көз тастайды. Қараса, көз ұшынан қарайған ағаштың сұлбасы ......
Ертегілер
Толық

Байғыз

Бұрынғы өткен заманда бір жалмауыз патша болыпты. Ол ұшқан құсты ұстап алып, шетінен жей береді екен. Құстардың көбін тұмсығын тесіп, жіпке тізіп тастайды. Сөйтіп, көктегі құстың бәрін аулап, ұстап бітіріпті. Тек байғыз ғана жалмауыз патшаның қолына түспей қойыпты.
Жалмауыз патша байғызды қалай қолға түсірсем екен деп, қиял шегіпті. Сұңқарды жұмсағысы келген екен, от шашқан көзін көріп, айнып қалыпты. Сонда «Мұны жіберуге болмайды, ұстап алады да жасырып қояды, – деп, ойлайды......
Ертегілер
Толық

Көжек

Бір қоянның жалғыз көжегі бар екен. Сужүрек, қорқақ болыпты. Сондықтан енесі сыртқа шыққан кезде есікті жауып, бекітіп жүреді екен. Жатағында жалғыз қалған көжек бір бұрышқа тығылып, қорыққанынан қалшылдап отыратын әдеті болыпты.
Бір күні енесі ұзақ кешіккен соң, көжек қарны ашып, сыртқа шығады да тоғайға қарай бет алады.
Сол кезде алдынан бір тышқан шыға келеді де:
– Қайда барасың? – деп сұрапты. Қоян не айтарын білмей, қалшылдап тұрып, жылап жіберіпті......
Ертегілер
Толық