Балабақша | 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні

Жүргізуші: Армысыздар аяулы аналар!
1-бала: Армысыздар мейірімді әжелер!
2-бала: Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Аналар, барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!
1-бала: Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Балабақша | Жаңа жыл (Қош келдің жаңа жыл!)

Сценарий мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету.
Сценарий білімділігі: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Балабақша | Жаңа жыл

Сценарий тақырыбы: «Құтты болсын Жаңа жыл»
Сценарий мақсаты: балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың: Аязатаның, Ақшақардың, Жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Жалмауыз кемпір, қоян, Клоун, бастауыш сынып оқушылары.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Алтын күз

Ашық сабақ тақырыбы: Алтын күз
Ашық сабақ мақсаты:
1) Алтын күз мерекесін өткізу.
2) Күз туралы түсініктерін кеңейту.
3) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Ашық сабақ көрнекілігі: «Алтын күз» жазуы бар қағаз, әр түрлі суреттер,баян аспабы, үнтаспа т.б.
Ашық сабақ барысы:
«Саржайлау» әні ақырын орындалады.
Ашық сабақтар
Толық

Балабақша | 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні

1 – бала: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
2 – бала: Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Балабақша | Құтты болсын Жаңа жыл

Балалардың кіруі.
Тәрбиешінің сөзі:
Тақпақтар.
Шыршаның артынан Сауысқан жүгіріп шығып, аяз атадан хабарлама оқиды.
- Асығамын деп жүріп
Сыйлықтарды шашып алдым.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Балабақша | Жаңа жыл

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді

Балалар
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан

Жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Армысыздар, қасиетті аналар!

Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көктем мерекесі қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. «Шуағын шашқан - аялы алақан"» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

1 желтоқсан - Президент күні (Тұғыры биік Елбасы)

Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты
Айын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
- Құрметті қонақтар, балалар, Сіздерді тұңғыш президент күнімен құттықтаймыз! Еліміз осылай жылдан - жылға көркейіп жайнап өсе берсін!
Елбасымыз аман болсын,
Еліміз тыныш болсын!
- Балалар республикамыздың рәміздеріне не жатады?
- Ту, Әнұран, Елтаңба.
- Олай болса балалар орнымыздан тұрып, қолымызды жүрегімізге қойып, мемлекеттік әнұранымызды орындайық.
- Балалар, сендер өз туған жеріңді ауылдарыңды жақсы көресіңдер ме?
- Иә, өте жақсы көреміз.
- Отан туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер? .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Күзгі орман ертеңгілі

Мерекеге сай түрлі - түсті жапырақтармен безендірілген зал.(Музыка әуенімен ортаға жүргізуші және балалар шығады).
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы, айнала қандай әдемі? Керемет, мынау нелер?
Балалар: Жапырақтар.
Жүргізуші: Айнала қандай түске боялып тұр?
Балалар: Сары түске.
Жүргізуші: Әрине, дұрыс. Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қазір күз мезгілі
Жүргізуші: Дұрыс, күз. Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіндер ме?

Тақпақ:
Аида
Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Ералы
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Санжар
Алтын, сары, Қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз таратады атырап. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық