Биология | АДАМ ЭВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ ӨТЕ ЕРТЕДЕГІ АДАМДАР

Адам және адамтәрізді маймылдардың ортақ ата тектері. Мезозой заманының соңғы бор кезеңінде (бұдан 65 млн. жыл бұрын) жер бетіндегі ауа райы суыта түсіп, маусымдық құбылыстар орын ала бастады. Бұл кезде жорғалаушылардың көптеген өкілдері (динозаврлар, т. б.) жойыла бастады да, оның орнына сүтқоректілер пайда болды. Сондағы бунақденеқоректі сутқоректілерден алғаш рет приматтардың өкілдері пайда бола бастады. Бұдан 36—23 млн. жыл бұрын приматтардын өзі 2 тармаққа: тартанаулы және кеңтанаулы болып бөлінді. Тартанаулы маймылдар тобына геологиялық кезеңдерде жойылып кеткен барлық приматтардын түрлері, адамтәрізді маймылдар және адам жатады. Ал қазіргі кездегі тіршілік ететін маймылдардың көпшілігін кеңтанаулы приматтарға жатқызады. Демек зоологиялық жүйе бойынша адам тәрізді маймылдар мен адам өзара жақын туыстас топқа жатады.
Кайнозой заманындағы жер шарының солтүстік және оңтүстік ендіктерінде ауа райының салқындауының нәтижесінде бұрынғы орманды алқаптардың орнын далалы алқаптар басты. Осындай қатаң табиғат жағдайларында өте ертедегі адамтәрізді маймылдардың бір тобы еңбек құралдарын жасауға, ол үшін қолды еңбек кұралы етіп пайдалануға, әрі тік аяқпен жүруге және құрғақ далалы аймақтарда тіршілік етуге мәжбүр болды, яғни жаңа орта жағдайына бейімделу жолына түсті. Адамтәрізді маймылдардың тіршілік етуі үшін кейбір жыртқыш жануарлар аса қауіпті болды. Маймылдардың ондай жыртқыш жануарлармен тайталасуына шамасы келмеді. Олардың басқа жануарлардан артықшылығы — дене мөлшері шағын болса да ми көлемінің едәуір үлкен болуы, сондай-ақ олардың сезім мүшелері де жақсы дамыды. Сонымен бірге маймылдардың қолы да ағашқа жармасып, өрмелеуге, жабысып қатты ұстауға, заттарды лақтыруға икемді болды.
Маймылдар ағаш басында қолымен ағаштарды қармап, ұя жасауға бейімделе бастады. Эволюциялық дамудың бұл кезеңінде тұқым қуалайтын өзгергіштік белгілері табиғи сұрыпталудың нәтижесінде тұрақтала түсті. Маймылдардың бұл кездегі топтанып, тіршілік етуінің де маңызы зор болды. Олар жауларынан қорғаныш, өз ұрпақтарына камқорлық жасауда едәуір тәжірибелер жинақтап үлгерді және ұзақ уақыттар бойы далалы аймақтарда екі аяғымен тік жүріп тіршілік етуге бейімделе түсті. Тіршілік үшін күресте олардың қөпшілігі қырылып кетті, тек кейбір орта жағдайына бейімделе алған төзімділерінде тұқым қуалайтын өзгерістер ұрпақтан-ұрпаққа табиғи сұрыпталып беріліп отырды.....
Рефераттар
Толық

Неке және отбасы заңы | Ертедегі қазақ халқының некелесу дәстүрі

Кіріспе
Отбасы және неке туралы заңға байланысты қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қажетті жағдай – екі жыныстың да кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі. Қазақ жұртшылығы да негізінен осы жас мөлшерін дұрыс көред, бұған дейін қызын ұзатуға, ұлын үйлендіруге асықпайды. Өйткені әрбір ата-ана балаларының оқу бітіріп, өз бетінше өмір сүруге дайын болған кезінде ғана жеке отбасы болуын қалайды. Олай болса, қазіргі күнде орта мектепті 17-18 жасқа толмай, ал жоғарғы оқу орнын негізінен 22-23 жасқа толмай бітіре алмайтындықтан, оның үстіне өзіне өмірлік жар таңдау жастардың өз еркінде болғандықтан, неке құру жолы бұрынғымен салыстырғанда әжептеуір жоғарылады. Бізде жиналған деректерге қарағанда, қазіргі ауыл жастарының арасындағы алғашқы неке құру негізінен 18-бен 25-тің арасы болып отыр. Кейбір жағдайларға байланысты бұл шамадан әрлі-берлі ауытқуы да мүмкін. Қыз балаларда негізінен 20 жаса дейін тұрмыс құруды ұнатса, ер балалалар армия қатарында қызмет ету борышын өтеп қайтқаннан кейін үй болуды қалайды. Мұның өзі қазіргі өмір талабына байланысты қалыптасқан заңдылық......
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Қазақстан территориясындағы ертедегі мемлекеттер

Қазақстан территориясындағы ертедегі мемлекеттер.
Сақтардың тарихы
1. Ең алғаш пайда болған тайпалар
2. Сақтардың шаруашылығы
Б.з.б. бір мың жылдықта Қазақстан жерінде тұрған ежелгі тайпалар темірден заттар жасауды игеріп, қуатты тайпа одақтар құрған. Қолына көп мал жинаған ірі бай отбасылары қонысын әрдайым ауыстырып, өзен бойларына ғана емес, сонымен қатар дала және шөлейт жерлерді, Тянь-Шаньның биік таулы бөліктерін бірте-бірте игере бастаған......
Рефераттар
Толық

Балықтар неге сөйлемейді?

Ерте, ерте, ертеде сиқырлы көк теңіздің астында балықтар патшалығы өмір сүріпті. Олар бір-бірімен өте тату-тәтті тұрыпты. Достықтарының, еңбексүйгіштіктерінің арқасында басқа патшалықтарға да үлгі болыпты. Барлық патшалық балықтар патшалығына қызыға қарапты. Өйткені, балықтар күндіз тынымсыз еңбек етіп, кешке көңілді сауық-сайран құрады екен. Олар теңіз бетіне шығып, әртүрлі іс-қимылдар арқылы бидің түрлі тәсілдерін көрсетіпті. Би ырғағымен ......
Ертегілер
Толық