Қиял-ғажайып ертегі: Дүт тас

Бұрынғы өткен заманда Қасен деген бір кісі болыпты. Оның екі ұлы болыпты. Үлкен ұлының аты Мәркес, кіші ұлының аты Қарабас. Үлкен ұлына ер жеткен соң әйел әперіпті. Қарабас ер жеткен соң әкесінен сұрапты: «Әке, қашан маған әйел әпересің?»—деп. Сонда Қасен сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді: «Қарабас, балам, сенің әйелің жер түбінде, өзің іздеп табасың»,—дейді.

Біраз уақыт өткеннен кейін, Қарабас: «әйел алып бер» деп ағасы Мәркестің мазасын алады, сөзге келеді, тіпті жанжалдасады да. Тілегі орындалмаған соң, Қарабас жолға екі бөлек нан алып, ағасына өкпелеп, басы ауған жаққа қарай жүріп кетеді. Тау-тасты аралап келе жатса, құмды жермен өзіне қарсы келе жатқан алтын мысыққа кездеседі. Мысық адамша сөйлеп, Қарабастан жөн сұрайды: «Қайда барасың, не іздеп келесің?». Сонда Қарабас сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді: «Әкем маған сенің әйелің жер астында деп еді, соны іздеп келе жатқан бетім еді». «Ендеше мені қасыңа ертіп ал, мүмкін, жәрдемім тиер»,—дейді. Мысық екеуі жолдас болып жүре береді. Біраз жол жүргеннен кейін, екеуінің алдынан бір ит жолыға кетеді. Ит те сәлемдескеннен кейін, Қарабастың жөнін сұрайды: «Қайда барасың, не іздеп келесің?». Қарабас сонда сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді: «Менің әкем айтып еді, сенің әйелің жер астында деп, соны іздеп келе жатырмын». Сонда ит тұрып: «Менімен дос боласың ба? Мен саған болысамын». Қарабас: «Дос болайық»,—дейді.....
Ертегілер
Толық