Сүт сүйекті нығайтады

Денсаулықтың жақсы болуын жас кезден бастап-ақ қолға алған дұрыс. Сүйек – адамның қимыл-қозғалысына ең қажетті ағзаның бірі. Оның құрамында 50% су, 12,5% оссеин (жұмсақ, серпінді органикалық зат), 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), ал 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттардың мөлшері көп болса, адам жасы ұлғайған сайын сүйектегі органикалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді. Ал мұның салдары сүйектің иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш болуына алып келеді. Назарларыңызға сүйекті нығайтатын амал-тәсілдерді ұсынамыз. ......
Кеңестер | Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Бұлшықетіңізді қатайтатын тағамдар

1. Сүзбе

Сүзбе бұлшықет жинауға көмектеседі. Небары 150 грамм сүзбе сізге 22 грамм ақуыз береді.

2. Албырт (еті нәзік қызғылт түсті ірі қызыл балық)

Албыртта ақуыз бен омега-3 қышқылы мол. Ал бұл екеуі сіздің бұлшықетіңізді өсіруге көмектеседі. Албырт ағзадағы зат алмасуды да жеделдетеді.

3. Сұлы

Сұлыда дәрумендер, минералдар, ақуыздар, көмірсулар, жасұнықтар көптеп кездеседі. Ал бұл элементтер біздің денсаулығымызға өте пайдалы. Сұлы қандағы қант мөлшерін де қалпына келтіреді. ......
Кеңестер | Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер
Толық

Аспаз бойжеткендерге арналған кеңестер

✅ 1. Көптеген тамақ мәзірлерінде «бір шымшым ванилин немесе ас содасын қосыңыз» деп көрсетіледі. Бірақ оларды көп қосып қойғаннан, мөлшерлеп немесе аз салған дұрыс екенін ұмытпаңыз.

✅ 2. «Құмшекерлі» қамырды ұзақ уақыт илей беретін болсаңыз, нан қатты болады.

✅ 3. Бисквит қамырды бірден пісірмесеңіз, құрамына ауа кіріп, дәмін жоғалтады.

✅ 4. Пирогтың піскенін білу үшін арасына ағаш таяқша кіргізіңіз. Егер құрғақ болса, дайын болғаны. ......
Кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

​Ангинаны 8 түрлі жолмен емдеуге болады

Баспа ауруын басып емдеуге болмайтынын аты айтып тұр. Сонда да тамақтағы ісікті басатындар бар ел арасында. Бірақ бұл әдіс аурудан айықтырмайды, керісінше асқындырады. Сондықтан да ангинаны ешқашан басушы болмаңыз. иллюстрациялық

Баспа (ангина) – бадамша безінің қабынуынан белең алатын ауру. Тамаққа түскен инфекция қызуды көтереді, тамақты қызартады, әлсіздікке бой алдырады, басы ауырып, жұтынған кезде қиындық туындайды. Осы белгілер байқалған кезде дәріханада сатылатын емдік шөптер арқылы аурудың алдын алыңыз. Сізге көмек ретінде 8 әдісті ұсынамыз. ......
Кеңестер | Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Денсаулыққа қатысты қызықты деректер

Адам тәнінде кем дегенде 700 фермент бар екенін осыған дейін білдіңіздер ме? Бүгін сіздерге осы тектес қызықты деректер ұсынамыз.

1. Осы сөйлемді оқып отырған сәтте тәніңіздегі 50 000 мың жасуша өліп, орнын жаңа жасушалар басты.

2. Түшкіргенде ағзаның барлық қызметі, тіпті жүрек те тоқтап қалады. ......
Кеңестер | Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

ӨТ ЖОЛДАРЫН ЕМДЕУ

✅ Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш – төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2 – 3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды.Сондайақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.......
Кеңестер | Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Өзіне сенімді бала өсірудің 10 жолы

Әр бала – өз қабілетімен, дене-бітімі, мінез-құлқы, ішкі дүниесімен ерекше жаратылған жан. Бір үйдің балаларының өзі әртүрлі болады, әр баланы өзіндік болмысымен қабылдай білу, түсіне білу, қабілетіне қарай бағыт-бағдар бере білу өте маңызды. Ата-ананың тәрбиеге деген дұрыс көзқарасыбаласын өзіне сенімді, жетістікті, жан-жақты етсе, жіберген қателері сенімсіздік пен ызақорлыққа, жасықтыққа, өзіне деген салғырттық пен өмірінің мәнсізденуіне әкеп соғуы әбден мүмкін.......
Кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Әжімді азайтатын маска

✅ Сұлулыққа құштар адам баласы әрдайым әдемі көрінуге талпынады. Әсіресе әйел затының табиғаты өзіне үнемі күтім жасауды талап етеді. Күтінетін адамның бір белігісі – тері тазалығы. Ұсақ әжімдерді тегістейтін және терең әжімдерді білдірмейтін масканы дайындап, қолданып көріңіздер. ......
Кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Әжем айтып еді

1. Жар қылып алар қызыңның шешесіне қарарсың. Шеше көргенді ал. Алма ағашынан алысқа түспейді.

2. Сонан соң әкесіне қара. Әке қатал, әрі мейірімді болуы керек. Билігі еркекте болған үй береке. Осыны ұмытпа.

3. Еркек балалары мен қоса әйелін де тәрбиелейді. Олардың санасына исламды құй. Дін жолын үйрет, оқыт. Аллаға жақынның адасқанын көргенім жоқ. Сондықтан осы іске жақсы көңіл бөл.

4. Алғаның басқаны емес, әуелі сені сыйласын. Күйеуін ЕРІМ, БАЛАЛАРЫМНЫҢ ӘКЕСІ, БОЛАШАҒЫМ деп сыйлаған әйел сенімен қоса бүкіл әулетіңді құрметтейді. Оның құрметі саған әулетіңнің алдында абырой сыйлайды.......
Кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Менеджмент | Бақарудағы педагогикалық менеджмент жай күйі

«Менеджмент»-ағылшын сөзі.Баскару деген мағынаны білдіреді.Ол ағылшыннын «манус»,яғни «қол,күші»деген сөзінен шығып ,алғашында мал бағу саласында,дәлірек айтсақ,ат тізгінін ұстау,меңгеру шеберлігін білдірген.Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып,адамдардың белгілі бір ұжымын,тобын басқа рудың,ұйымдастырудың ғылыми,практикалық мәнін білдіретін болған.
Менеджмент сөзі ағылшын тілінің Оксфорт сөдігінде былай берілген:
1.Адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі;
2.Билік және басқару мәдениеті;
3.Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
4.Басқару орган,әкімшілік бірлік.
Менеджмент ұғымы басқару саласы бойынша түрлі мағынаны білдіреді.Менеджмент-басқару сөзінің аналогы болғанымен,оның өзіндік ерекшеліктері бар.Басқару сөзінің аяссы кең,ал менеджмент белгілі бір басқару түрін,яғни акционерлік компанияның немесе кәсіпкерлік корпарациялардың жұмысын әлеуметтік,экономикалық процесс негізінде басқару.
Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф.Тейлордың менеджмент-іргелі дәл ғылымға,ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе,Дракердің түсіндіруінше жоғарыдағы аталған элементтері бола тұра,менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гөрі,практикаға жуықтау делінген.Менеджмент туралы неміс мамандары Вернер Зигерт пен Лючия Ланг,өзін-өзі басқару,өзін-өзі іштей реттеу,нәтижеге жетудің ізгіленген,пайдалы,тиімді амал десе,орыс оқымыстысы А.В.Попов жұмысты бағдарлау,мақсатқа жетудің тиімділігі дейді.Менеджмент-өндірісті басқару мен өнімнің артуы н іске асырудағы стратегияның тиімділігі,өзін-өзі ақтауы,пәлсапасы, принципі,әдіс тәсілдері.Ал коммерциялық емес қызмет саласындағы менеджмент туралы американдық менеджмент теоретигі П.Друкер былай дейді. ....
Рефераттар
Толық