Жанар Айжанова жастардың ажырасуына не себеп болатынын тізіп берді

Отандық телетуындыларда ененің рөлін жиі ойнайтын Жанар Айжанова жастардың ажырасуына әсер ететін бірнеше факторды атады. Әнші келін мен ененің қарым-қатынасын айта келе, әр қыз біреудің үкілеп өсірген баласы екенін ұмытпауды ескертті деп хабарлайды "7" арнаның "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасаған nur.kz.
Жаңалықтар
Толық

Күләш Ахметова (Кенен)

Дақпыртына даңқтың бөленбеген,
Өзі тарих, өмірі — өлең Кенен.
Мезгіл өзен,
Барарсың болашаққа
Әніңді алып өзіңнің кемеңменен.
Жүрегіңнен туғызып сөз бен әнді,
Бозторғайдай жырладың боз далаңды,
Сұлу сөзің жараның бетін сылап,
Нәзік әнің сезімді қозғаған-ды.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Ене сөзі)

Келінжан, тілегін ал мына көптің,
Ойлама ақыл айтып тұр-ау деп тым.
Естілікпен ескергін,
Келген жерің —
Жақсысы бір ауылдың, бір әулеттің.......
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Соңғы сөз)

[quote]Жамбылды өлді деуге ауыз бармас,
Сұм ажал көрнеу келіп, бауыздамас.
Туған соң топыраққа қайтады әркім,
Қара жер қайсымызбен ауызданбас.
Адамға аз жас емес жүз жыл деген,
Қуармыз басқан ізді білдірмеген.
Өлмесе ата-баба қайда кетті,
Мәңгіге ешкім тегі бір жүрмеген.
Жүз жасқа Жамбыл ата келіп кетті,
Жеңісін Ұлы Отанның көріп кетті.......[quote]
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Жамбыл жатып қалғанда)

[quote]Жамбылдың жасы жүзге тақалған-ды,
Мезгілден қарттығы да «ақы алған-ды» —
Қарттыққа екі беттен етті беріп,
Мұрты мең селдіреген сақал қалды.
Жамбылдың жатып қалған мынау жайы,
Жүректің жұқарған соң ылди - сайы,
Отанды отты соғыс жайлағанда,
Ақынның соған кеткен Алғадайы.
Алғадай неше дүркін жауға шапқан,
Ерлікпен көзге түскен қалың топтан.......[quote]
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Көркемжан туғанда)

[quote]Отыр едім үй алды төбесінде,
Ән-күйдің мініп алып кемесіне.
Жарқ етіп Жамбыл өзі келіп қалды,
Болсашы келет деген тегі есімде!
Қарсы алдым сәлемдесіп, құшақтасып,
Қуанып «Киров» колхоз дабырласып.
Ауылдың ақсақалы, басшысы да
Шулады Жамбыл, Жамбыл,
Жамбылдасып!..
Үйіме Жамбыл келіп кеште түсті,
Ұмытпасам, дәл сағат бесте түсті.......[quote]
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Жамбылды қонаққа шақыру)

[quote]Қордай мен Красногор қатар жатқан,
Ол кезде қосылған жоқ әр тараптан.
«Жамбылды алып кел» деп екі аудан ел
Жұмсады сонда мені (емес мақтан).
Райком Степанов машинасын
Берген соң ерінейін енді несін.
Шофері қара жолмен бұрқыратып,
Болғанда жетіп бардық кіші бесін.
Жамбылға сәлемдесіп құрмет етіп,
Көрген соң алтын жүзін қолын тұтып,
Отар да шақыра кеп отыр екен,
Отарды алсақ дедік сөзбен ұтып.......[quote]
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Сол тойда қырғыз жыршыларының айтқаны)

[quote]X а л ы қ а қ ы н:
Бұғы сайлаған елден келдім,
Қошқар жұмқал жерден келдім.
Атасызды ұққанменен,
Алтын жүзік көрмеп едім,
Шертпегімді тағынып келдім.
Сірә болмаса қағылып келдім.
Қазақ пен қырғыз туысқан
Өмілдірік - құйысқан.
Кенехан мен Орманхан
Надандықтан ұрысқан.
Мынау жорға ат әкелдік,
Ер - тұрманын сап келдік.......[quote]
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Жамбыл тойы)

[quote]Күнде той, күнде қызық Жамбыл ауылы,
Жаңғыртты ән менен күй Алатауды.
Тоқсанда торқа киіп, жорға мінді,
Партия мен үкімет алып қаулы.
Жамбылды тегіс білді жердің жүзі.
Әлемге үлгі болды айтқан сөзі.
Күнде бір асыл жырын елге оқытты
Сәулелі шам жарығы, күннің көзі.......[quote]
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (1934 жылғы слет)

[quote]Келіпті Алматыға Затаевич,
Қазақтан ән-күй жинап жүрген білгіш.
Бір мыңнан аса жазған нотасына
Сарыарқа, Орал жақта істеп жұмыс.
Халқымен ақылдасып Қазақстан
Жинаған өнерпазды әрбір тұстан.
Ақындар, әнші, күйші, артист, биші,
Оң мен сол, күнбатыс пен
күншығыстан.......[quote]
Өлеңдер
Толық