Кіріспе Тарих ғылым, пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адам баласының басынан өткізген жағдайын, тарихи тәрпбиесін баяндайды. Тарихи білім әрбір адамға қажет. Тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орнына, атқаратын қызметін дұрыс анықтай алады. Сондықтан да дүние жүзіне белгілі ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтылғандары жоқ. Әбу-Насыр -Әл –Фараби «Тарихты білмей -өткенді, қазіргі жағдайды, келешекте болжау қиын» -десе, А. Байтұрсынұлы «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттасы -тарих» -деп өте жоғары бағалаған. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алысымен өз елінің тарихын, Қазақстан тарихын оқытуға айрықша деп қойды. Қазақстан тарихы қазір барлық оқу орындарында, ал мектепте 5-11 сыныптарда оқытылады. Соңғы жылдары Қазақстан тарихын оқып үйренем деушілерге, әсіресе оқушылар мен мұғалімдерге нақты көмек болатын еңбектер көптеп шығарылуда. 1998 жылы Мемлекеттік білім стандартыының қабылдануына байланысты барлық мектептік пәндерден, солардың арасында тарихтан да жаңа бағдарламалардың жобалары жасалды. Қазақстан тарихы бойынша оқушыларға да, мұғалімдерге де қажетті бірқатар құралдар жарық көрді. Қазақстан тарихын немесе оның жекелеген материалдарын мектептерде оқыту мәселесі қашан, қалай көтерілді, оған алғаш кімдер бастамашы болды? – деген сұрақтардың жауабы қарастырылады. Өйткені курс, не пән мектепте оқытылмай тұрып, оны оқыту әдістемесі туралы сөз болуы мүмкін.....
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр. Қазақстан Республикасының Презедиенті Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде. Өндірістік орындары қайта түлеп, жаңа әлемдік технолгиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.....
Психодиагностикалық мәселелерді шешу тәсілдері 1.Практикалық психодиогностиканың теоретикпалық сұрақтары. Психодиогностика-теория,метафлогия, әдістемені өңдеуде, индивит немесе топ күшімен психологиялық деңгейінің дамуына байланысты, дәл баға беруге қасиетті белгілі білімдер жүйесі. «Психодиогностика» деген сөз психологиялық диогноз қою дегенді білдіреді немесе адамның психологиялық күйдеболғанда квалификациялық шешім қабылдау не болмаса қандай да бір жеке алынған психологиялық қасиетіне қатынасты шешіліп жатқан мәселе бір жақты емес және психологияда оның екі түрлі түсінігі пайда болады. Психодиогностика түсінігінің нақтылауының бірінде оның арнайы психологиялық білім төңірегіне қатысты.бұлар психодиогностикалықәр түрлі амалдарды өңдеуде және пайдалануда іс-тәжірибеге қатысты психодиогностика осы түсінік бойынша ғылым болып қалыптасып келесіарнада жалпы сұрақтар қалыптасады: 1. Психологиялық құбылыстардың және оның ғылыми бағалануының принципияльды мүмкіншілігі қандай? 2. Қазіргі уақытта психологиялық құбылыстардың санаулы бағалануында және принципияльдыбағалануда жалпы ғылыми негізделуінің қалыптасуы қандай? 3. Қабылданған жалпы ғылымиметодологиялық тараптарға қазіргі уақытта пайдаланып жүрген амалдар қандай дәрежеге сай келеді? 4. Әр түрлі психодиогностикалық амалдарға қандай негізгіәдістемелік талаптар қойылады. 5. Практикалық диагностиканың нәтижесінің дұрыстығының негізделуі қандай? Психодиогностиканы жүргізуде қойылатын шарттар мен талаптар оны өндіруде алынатын нәтижелер және интераритациялау амалы қандай?....
Кіріспе Зертеудің көкейкестілігі: Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына ендіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру, баланың қателіктер жасауға бой алдырмауға және де оған тәрбиелік тұрғыдан қарауды осы жұмыстың басты мақсаты деп білемін. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микро саясатының басты басымдылығы. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынандай: 1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту. 2. Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметті нәр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту. 3. Баланың санаткерлік және жеке бастың даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру. 4. Оқу қызметінің табыстылығының шарттарының бірі болып табылатын коммуникативтілікті дамыту. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпанда шыққан Жолдауының І бөлімінде «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек.....
1. Стратегиялық жоспарлау процесі Стратегиялық жоспарлау деп - басқармамен ерекше маманданған жоспарлауға негіз болатын іс-әрекеттер мен шешімдердің жиынтығын айтады. Әдетте компаниялар жылдық, ұзақ мерзімді және стратегиялық жоспарлар құрады. Жылдық жоспар- қысқа мерзімге өңделіп, ағымдық ситуацияны, компания мақсаттарын, алдыңғы жылға қоылған стратегия мен бюджетті, бақылау формасын анықтайды. Ұзақ мерзімді жоспар- болашақтағы ұзақ жылдар бойы компанияға әсе ететін негізгі факторлар мен күштерді анықтайды. Онда негізгі ұзақ мерзімді мақсаттар, негізгі маркетингтік стратегиялар көрсетіледі. Бұл жоспарға жыл сайын өзгертулер мен түзктулер енгізіліп отырады. Стратегиялық жоспар- компанияға өз мүддесі үшін өзергмелі сыртқы ортаның барлық мүмкіндіктерін қолдануға бағытталған. Бұл- компанияның мүмкіндіктері мен мақсаттары арасында стратегиялық байланыстар орнатуға бағытталған. ....
Кіріспе Елімізде ауылшаруашылық саласын реформалау мен оны нарықтық қатынастарға ендіру «Қазақстан-2030» стратегиясына және бірқатар заңнамалар негізінде Үкімет бекіткен стратегиялық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылып келеді. [1] Қазіргі кезде көпукладты агроқұрылымдарға жеке меншіктегі еркін кәсіпкерлік негізінде өндірісті ұйымдастыру үшін бірқатар заңнамалық және нормативтік базалар жасалған. Бірақ қалыптасқан агроқұрылымдар бәсекеге қабілетті және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына толыққанды мүше болуы мен еліміздің дамуының жаңа кезеңінде әлем рыногындағы жаһандану құбылыстарына сәйкес ұйымдастыру- экономикалық тұрғыдан бірқатар қайта құруларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» айдарымен жарияланған Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңіндегі ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды отыз бағыты айқындалған.....
Кіріспе Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынан да,фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын,соған сәйкес,өз алдына дербес сөз табы ретінде қаралатынбір алуан сөздерді еліктеу сөздер дейміз.Еліктеу сөз табына жататын сөздер адамды қоршаған табиғат құбылыс-тарының және айналадағы заттардың қозғалуынан шыққан дыбыстарға еліктеуден немесе адамның түрлі жағдайға байланысты әрекетіне, қозғалысына қатысты көріністердің, сонымен бірге желдің гуілі, жапырақтың сыбдыры, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі, өзеннің сылдырап ағуы, заттардың құлап тусуі, домалауы, соқтығысуларына елікгеуден пайда болған мән-мағынаны білдіретін ұғым атаулары, сол сөздердің жиыны. Қазақ тілі адамның көру, есту мүшелері арқылы түйсіну, ұғу қабілетінен пайда болған мұндай еліктеу сөздерге өте бай. Олар ауызекі тілде де, әдеби тілде де кеңінен қолданылады. Ойды дәл де ықшам, жинақгы да көрікті етіп жеткізуде ерекше көркемдік мән үстейтін сөздер. Мысалы:Бір мезгілде бас жағында сатыр-сұтыр, сырт-сырт сынған ши, тобылғы қу шөмшектер дыбысы келді де, есін жиғанша бірдеме қасына тарсылдатып келіп қалды (3б).. Тұрғанда «арс» етіп, азу тістері ақсиып, ырылдай түрегелді (3б)-деген сөйлемдердегі сатыр-сұтыр, сырт-сырт, арс еліктеу сөздері айтылған ойды көрікгендіріп тұр. Сөз табы ретінде еліктеу сөз тілде кейіннен танылған сөздердің тобы. Ол түркі тілдерінің ертеректе шыққан грамматикаларында одағай сөз табының құрамында қаралып келген. Түркі тіліндегі еліктеу сөздерді өз алдына бөліп, одағай сөзден айырмашылығын көрсеткен ғалым Л. Н. Харитонов . ....
КІРІСПЕ Қандайда болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. №6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай - ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. "Жалға беру" деген №17 Халқаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес қаржылық жал - бұл мүлiкке берiлетiн меншiк құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдiң едәіуiр бөлiгiн жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүлiктердi өзiнiң балансында көрсетедi. Меншiк құқының өзi жал мерзiмiне берiлyi де, берiлмеуi де мүмкiн. Жалданған НҚ объектiлерi белгiленген келiсiм бағасы бойынша немесе жалдау мерзiмi аяқталғанға дейiн өтемі төленiп алынған жағдайда, жалгердiң меншiгiне берiлyi мүмкін. Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс 001-шотта ескереді. Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған бойда немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне өтеді. Олар тиісінше 2400-2410-шоттарындағы «Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар» субшотында ескеріледі.....
Кіріспе Қазіргі кезде ғылыми – техниканың қарыштап алға басуы, адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған орта – табиғатқа орны толмас зор зиян тигізіп отыр. Бүгінгі таңда экологиялық жағдайдың нашарлауы мұнай және газбен ластану есебінен де жүріп отыр. Жылу – энергетикалық ресурстарды тым артық пайдалану, соның бірі – мұнай, қоршаған ортаның ластануына, яғни экологиялық жағдай қаупі дәрежесінің артуына әкеліп отыр. Мұнай кеніштерін өңдеу барысында топырақ және ландшафтарға әсер ету факторлары механикалық бұзылу және химиялық ластану болып табылады. Топырақ жамылғысының механикалық бұзылуы іздеу, ұңғыларды барлау және технологиялық объектілер құрылысы кезінде жүреді. Нәтижесінде өсімдік түрлері жойылады, топырақ горизонттарының жоғарғы бөлігі тығыздалады және бұзылады, ал ол өз кезегінде эрозия үрдісінің дамуына әкеліп, екінші ретті тұздалуының себебі болады. Қазақстан – мұнай және табиғи газға бай елдердің бірі. Мұнай қоры бойынша әлемде 12 – ші орында, ал мұнайды өндіру бойынша 23 – орынды алып отыр. Республикамызда қазіргі кезде 208 – дей мұнай кеніштері бар, олар территориямыздың 62% – ын алып жатыр. Осы мұнй кеніші қатарына Қызылорда облысы да жатады. Болжам бойынша бұл жердегі мұнайдың қоры 350 млн тонна болса, 100 млрд м³ газ үлесі алып отыр. Ластанудың негізгі себептері: ● Ластаушы заттармен атмосфераның, жер бетіндегі және жер астындағы сулардың, топырақтың ластану. ● Технологиялық құрал – жабдықтардың төменгі сапасы мен олардың апатқа ұшырау мүмкіндігінің жоғарлылығы. ● Топыраққа түсетін ауыр техниканы пайдалану.....