Елімнің ертеңіне сенемін

Бастауыш сынып оқушыларының көңілі сондай нәзік те, таза ғой, шіркін! Олар өмірді шынайы қабылдайды. Сол оқушыларыммен болған бірер сәттерді сөз етпекпін.



Адам шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап өмірге деген құлшынысы басталары хақ. Жарқын болашақ үшін, әрдайым кемел келешектің кілтін жастардың қолына ұстатып жататын атадан қалған дәстүрімізді жалғап келе жатқан ұрпақтарымыз. Көзді ашып-жұмғанша өте шыққан қысқы демалыс та артта қалды. Ерекше бір қуаныш сезімі бойымды билеп, мектепке асыға басып келемін.Әне алыстан мектебіміздегі Мемлекетіміздің Көк Туы желбіреп қуанышымды еселей түскендей. Бірінші сынып оқушылары алдымнан жүгіріп шығып мәре-сәре. Тіпті демалыстағы қызықтарын жамырай айтып жатыр. Көздерінде үлкен үмітпен ұстазын сағына қарсы алып жатқан бүлдіршіндерімді көріп ынта жігерімнің арта түскенін байқадым. Дәл осы мезеттің өзі келешегіміздің кемелденіп, қуанышымыздың еселене түскенінің көрінісі-ау. Еліміздің жарқын болашағы үшін осы келешек ұрпақты білім нәрімен сусындатып жатқан ұстаз қауымының адал еңбегін айтпасқа болмас. Біздің ел-шынайы, ақылды, іскер адамды дәл танып,оны қадірлеп, қажет болар жерінде демеу бола білген ел. Дүниежүзінде материалдық игіліктері бойынша дамыған елдердің қатарына енетін күндер де алыс емес. Армандарымыздың адастырмай тура жолдан тайдырмауын тілеген, тәлімі мен тәрбиесін үлгі еткен халықпыз. Өнегелі әңгімелердің бірінде: .....
Әңгімелер
Толық

Қазақ елі Мәңгілік ел


Қазақ елі - Ұлы Дала елі деген киелі ұғымдар уақыт арнасымен сан қилы дәуірді бастан өткерген халқымыздың өткені мен бүгінгі хал-күйінен хабар беретіндей. Отанға деген шынайы махаббат, бүгінгі ұрпақ алдындағы ата-бабаларымыздың аңсаған еркіндігі Ұлы Жеңіске жеткізді. Қазақ елі қазақ хандығын құрудан басталған қасиетті борыш «Мәңгілік Ел» идеясына негіз болып, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне жол ашатын басты жоба болды. Қазақ елінің тамыры тереңге жайылған ел тарихынан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қаншама қиын қыстауларды, ашаршылық пен соғыс (әдейі ұйымдастырылған ашаршылық пен 1941-1945жж Ұлы Отан соғысы, 1979-1989 жж арасындағы Ауған соғысы мен қатар кешегі 1986 ж 16 желтоқсанның қанды оқиғасы) елден жыраққа кетіп тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне қаймықпастан кешегі өткен батыр аға-апаларымыз болмаса бүгінгі күнгі Тәуелсіздік жолына аман-есен жетерме едік? Болашақ ұрпақ үшін жанын аямай, өз өмірін қазақ елі үшін қасық қаны қалғанша күресіп бізге аңсаған еркіндікті алып берді. Міне, осының өзі - Мәңгілік елдің шаңырағы болып табылды. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Мектептің түлегі елінің болашағы, мектебінің тарихы


"Қымбатты менің мектеп бітіруші құрбы-құрдастарым!
Мінеки, біз үшін қоңыраудың сиқырлы да сазды әуені соңғы рет ән салмақ. Және ол ән барлығымызды сонымен бірге өмір деп аталатын алып күрежолдың төскейіне шығарып салар. Бізді қаншама жыл оқытып, білім берген, тәрбие берген аяулы ана мектебіміз бен құрметті ұстаздарымыз іштей тілектестік білдіріп, сәт сапар тілеп қалар..."

Бұл - Қожабақы ауылындағы №25 мектептің бір кездегі 48-түлектерінің ауыл сахнасындағы өздерінің соңғы қоңырау салтанатында ұстаздары мен мектеп бітіруші құрбы-құрдастарына арнап сөйлеген сөзі еді. Сонан соң олар соңғы қоңырау жайлы өлең оқыды:

Ұғынды ма арлылығын, тәтті өмірдің нар жүгін,
Ақ бантикпен қоштасады қыз бала да дәл бүгін.
Бүр жарды ма кеудесінде асау сезім елім деп,
Адуындау ерке ұлдың да мұрты қапты тебіндеп... .....
Әңгімелер
Толық

Жазылар естеліктер мен туралы

Жол басында

Екібастұзда алғаш қазақ тіліндегі «Отарқа» газетін ашуға ұйтқы болған Аманкелді Қаңтарбаевтың есімі аймаққа, әрине, қолына қалам ұстаған қауымның бәріне жақсы таныс. Неге? Өйткені ол қаламгер ретінде де, әділдікті ту етіп көтеріп, кез келген ортада ой-пікірін бүкпесіз айтатын турашылдығымен де, ең бастысы ұлтжандылық қасиетімен көпшілікке танылған гуманист азамат еді («... еді» деп айту қандай ауыр).

Қаңтарбаевтың ана тіліміздің өркен жаюы үшін, ұлттық руханият, игілік үшін атқарған еңбегін айтқанда Ахмет Байтұрсыновтың:

«... Тән көмілер көмілмес еткен ісім,

Ойлайтын да мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса ұқпасын, жабықпаймын,

Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» дейтін өлең жолдары үнемі тіл ұшына оралады. Рас, ол елдің ертеңі үшін қызмет етті, денсаулығын да, тіпті бар өмірін осы жолға сарп етті... Сондықтан ол биік тұр, сол биікте қала бермек!

Әттегене-ай, тағдырдың ісіне дауа жоқ, қаламгер келместің кемесіне мініп кетті... Енді, міне, қаламдастары, әріптестері, журналистикаға өзі баулып, тәрбиелеген шәкірттері толғанып, естеліктер жазуға мәжбүр болып отырмыз. Иә, «Өткен күнде белгі бар» деген осы.

Газеттің әр нөмірі шыққан сайын, оқырмандар оң пікір-лебіз білдірген сайын, газет жұртшылыққа тараған сайын көңіл марқайып, жұмысқа құлшына кірісетін, тың тақырыптар іздестіріп, жазып, газет бетінде жариялауға ұмтылған, ізденіске толы болған сол бір күндер де, міне, тарихқа айналып кетіпті. Соның бәрінің де басында Аманкелді Қаңтарбаев тұратын. .....
Әңгімелер
Толық

Қазақ елінің ел болу ұяты біздің мойнымызда


Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ елі. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дарқан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам аз Отаным жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Тәуелсіздіктің жарқын жиырма екінші таңын атырып, еңсені ел атандық. Кемеңгер көшбасшы – Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде алдымыздан шыққан сын сағаттардан сүрінбей өтіп, әлеммен санасатын дәрежеге жеттік. Тәуелсіз Қазақстан көп ұлтты, кең байтақ жері бар, жерінің асты – үсті толған байлыққа ие. Осынай алып та алуан түрлі ұлт, дін өкілдерінің басын бір шаңырақтың астында біріктіріп, оларды келешекке нық сеніммен бастай білу әрбір басшының тағдырына жазыла бермесі анық.

Экономикалық әл – ауқаты тұрақты, өзге елдермен иық тіресе алатын дәрежеге жетіп келе жатқан еліміздің жеңісі мен жемісі – әлем назарында.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы халқына жолдаулары жемісті жетістіктерге қол жеткізудің алғышарттары еді десем қателеспеймін.

«XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін», - деп атап көрсеткен Елбасымыз «Қазақстан - 2050» стратегиясын Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын халыққа ұсынады. .....
Әңгімелер
Толық

Оспанова Лес | Киелі қара шаңырақ университетім


Қаншама қазақ баласы мен өзге ұлт өкілдерін білім нәрімен сусындатқан ҚазҰУ – дің білім саласына қосқан үлесі бөлек. Себебі, университетіміз бүгінгі күнге дейін өзінің абыройлы білім ошағы екенін дәлелдеп келеді. Сондықтан, ҚазҰУ – дің әлемдік деңгейдегі ЖОО – н бәсекелес бола алатыны айқын.

Іргесі өткен ғасырдың басынан құрылған бұл білім ордасында білім алушылардың да саны жыл санап арта түсуде. Ұстаздар мен білім алушылар білім саласына, университетімізді дамытуға жан – жақты ат салып жатыр десек артық айтқанымыз емес. Дегенмен, әлемдік деңгейдегі ЖОО – н иық теңестіру үшін бізге бұл әлі де жеткіліксіз. Сондықтан біз Ұлттық университетімізді жан – жақты дамытып, үлес қосуға тырысамыз. Университетімізде әркез сайын көптеген игі шаралар да ұйымдастырылып тұрады. Жас таланттардың, ғалымдардың жарқ етіп бой көрсетуіне де септігін тигізіп жатыр. Сонымен қатар, университетіміз білім саласына, келешек ұрпақтың жан – жақты, ізденімпаз, шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал жасайды. Ақпараттық технологияның дамыған заманында қоғамға қажетті мамандарды да дайындап отыр. Университетіміздің дамуына, көркеюіне әр білім алушылар үлестерін қосса әлемдегі ең мықты білім ұясына айналады деп сенеміз. .....
Әңгімелер
Толық

СLIL оқу әдістемесінің элементтерін арнайы пән сабағында қолдану ерекшеліктері Молдабаева


СLIL оқу әдістемесінің элементтерін арнайы пән сабағында қолдану ерекшеліктері

CLIL оқу бағдарламасын басқа тілмен кіріктіре отырып беру әдістемесі болып табылады. Қазіргі жаһандану, техникаландыру заманында, яғни әлемнің ғылымындағы, өнеріндегі және технологияларындағы дамуды оқушылар басқа тілді меңгеру барысында біле отырып, өз тілінде сол дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.Бұл оқушыларға шет тілін оқытумен салыстырғанда көптеген жаңа бағыттар береді, себебі, мұнда оқушы тілмен қатар пәнді қоса меңгереді. Мұнда оқу мен ойлау дағдылары біріктірілген.

CLIL сонымен қатар оқытушыға да жаңа талаптар қояды. CLIL әдістемесін жүзеге асыратын мұғалім: пән мұғалімі; тіл мұғалімі; сыныптағы негізгі мұғалім; сынып көмекшісі рөлінде бола білуі керек.

Мұғалімнің алдынан кездесетін қиындық ол өз пәнін жетік білумен қатар, оқушыларына қажетті тілді де жоғары деңгейде білуі. Бұл жерде пәнаралық байланысты пайдаланған өте тиімді, мысалы, шет тілі пәні мұғалімдерімен біріге отырып жұмыс жүргізу.

CLIL әдістемесін әртүрлі жастағы оқушыларға олардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдау арқылы қолдануды жүргізуге болады. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Созылмалы кеселі


(сықақ)



Банкоматқа тұрып

Жатып кезекке

Әдетімен жеңіл мінез жезөкше

Еркектерге қылмың –қылмың еткен-ді.

Уыздай жас әйтсе-дағы етжеңді,

Әлдебіреу бұған назар еткен-ді.

-Сіз бе соңы?

Көзін қысып, күлім етіп,

Еріндері жыбыр етіп:

-Иә,- деген бұл-дағы.

-Жақсы,- деген анау бұған тақалып.

«Өзі сұлу, өзі алып жігіт» екен деп,

Тұрды Жайна ойға кетіп, таңқалып:

«Мұндай жанды бұрын- соңды көрмегем».

Анау болса мұны баяу тергеген. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Күнделік жазған келіншек

(Күнделік жазған келіншектің әңгімесі)

– Мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ күнделік жазумен айналысушы едім. Мен оны өзімнің ішкі бір құндылығым деп санадым. Күнделіктерімді ешкімге көрсетпейтінмін. Оны жұрт көзінен жасырын ұстаймын. Бірақ бір күні осы дәптерлерді біреу оқып көретін сияқты болатын да тұратын. Ол адам тек қана өзімнің болашақ жарым болады деп ойладым. Болашақ жарымнан жасырар қандай сырларым болмақ?

Мектепті бітіріп, үлкен қалаға оқуға бардым. Бұл 90-жылдардың іші еді. Бірақ түсе алмадым. Көп ұзамай өзім қалаған жігітке тұрмысқа шығып кеттім.

Өмір бірқалыпты еді. Күнделіктерімді де өзіммен бірге ала келгенмін. Оны реті келгенде жұбайыма көрсете қоймақпын ғой. Сонда ол таңғалатын болады. «Сенің менен жасырған сырларың да бар ма? – дейді ол таңғалып. – Ал оларды оқып көруге болады ма?» «Егер қаласаң...», – деймін мен күліп. .....
Әңгімелер
Толық

Зейнеп Таңжарқызы | Маңғыстау киелі түбек

Маңғыстау- киелі түбек, тұнып тұрған тарих .Киелі түбектің киесі неде, алыстан ем іздеп келушілер әулие Бекеті пір тұтады, ол қайдан келген қасиет, төңірегі тола жазу даланың қандай адуынды дастан жырлары бар, құндылығы рухани жаңғыртылып жүрме? Бұл сансыз сауалдардың жауабын жіпке тізгендей жеткізейін мен.

Өлкеміздің ғұлама жазушысы Әбіш Кекілбаев айтқандай, Маңғыстау - ашық аспан астындағы ашық мұражай сандығы.Өйткені, өлкеге табан тіреген әрбір жолаушының жолдасы әуелі Алла кейін, Пір Бекет рухы әулиелер қолдаған қасиетті мекен.Әйтсе де, қадір-қасиетін ешкім дөп басып айта алмайды.Анығы Бекет атаның ислам дінін тарату мақсатында Мекке-Мединеден шығып, Маңғыстау жерінде мәңгілік қалып қойған деген аңыз бар.360 әулиенің қандай керемет жасағаны жөнінде де нақты дерек жоқ.Әйтеуір,аңызақ желі шипасын беріп, қапырық даласы дертіне дауа болған. Сол арқылы кісілер рухани дүниесіне азық алады,құлағының құрышы жыраулар үнімен көмкеріледі.Көзін көргендер кіші жүз руы Адайдың ұраны да Бекет деседі. Адай десе көпшілігі үрке қарайтын халық,әлі күнге дейін, Маңғыстауды қаһарлы мінезімен қабылдайды.Міне, біздегі мінездік қасиет қайсарлығымен мықты.Нәтижесінде, елмен елді татулыққа біріктіріп,экономика бастауы болған Ұлы жібек жолы да осында жатыр.Діни, ғимараттар мен қырдағы Пір Бекет, ойдағы Саназар бастаған 360 әулиенің қасиеті де елге аян.Оларға өзге өңірлерден келіп табынушылар көп.Маңғазды елдің қасиеті де осында.Сонысымен құнды да құтты мекен!

.....
Әңгімелер
Толық