Медицина | Қыз баланың, бойжеткеннің , әйелдің гигиенасы

Қыз баланың, бойжеткеннің, әйелдің гигиенасы.
Жеке бас гигиенасының бірінші ережесі - тазалық, ол туралы бұрыннан белгілі. Жекеленген кейбір арнайы жеке бас гигиенасының адам жынысына, жыныс ағзалар құрылысы және қызметіне байланысты кейбір арнайы жағдайлары бар.
Етеккірдің басталуы, қыз баланың алдына бір мәселе қояды. Алдымен етеккірдің келуі денсаулық жағдайына,қыз баланың жеке гигиена ережелерін сақтауына байланысты екенін есте ұстау керек.Әдетте, дені сау,шыныққан, спортпен шұғылданатын жақсы тамақтанатын қыз балаларда етеккір жақсы өтеді.
Жалпы сау қыз бала да етеккір келген кезінде жабығу сезуі мүмкін. Алайда бұл сырқат емес,қалыпты жағдай. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстану қажет. Ой, физикалық жұмыстардан бас тартпау керек. Алайда ауыр физикалық жұмыстарды азайту керек.
Күнтізбе құрып, оған менструация басталу күнін, сосын ұзақтылығын және шамамен жоғалған қан көлемін ( орташа, көп, аз) жазып отырған жөн.Жоғалған қан мөлшерін салма ылғалдануы дәрежесі және оны алмастыру жиілігімен анықтауға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әйелдің ер адамға ұнамайтын әрекеттері

Еркек пен әйел – екі бөлек жаратылыс, екі әлем. Әйел адамның мазасын алып, түн ұйқысынан айыратын мәселеге ер адам бей-жай қарап, мән бермеуі мүмкін. Біз, нәзік жандылар, әу бастан әлсіз болып жаралғанбыз. Ал қандай әрекетіміз еркектің ашуына тиеді екен?

✅ 1. Біз сүйіктімізге күніне мың рет қоңырау шаламыз. Ер адам жұмыста болса да, оны жұмысынан алаңдататынымызды білсек те, түсінгіміз келмейді. Қоңырау шалғанда, телефонын көтермесе, ашуға булығып, сүйіктімізбен санасудан бас тартамыз. Бұл ісімізді "оған қамқорлық танытып жатырмын" деп ақтап алғымыз келеді. Осы дұрыс па?

✅ 2. Құрбымызбен телефон арқылы сағаттап сөйлесуді ұнатамыз. Сүйіктіміз жанымызда отырғанда, құрбымызбен әр нәрсені бір айтып, телефонмен сөйлесеміз. Бұл қылығымыз ер адамды ренжітеді. Өйткені еркектер үнемі назарда болғанды қатты жақсы көреді. ......
Кеңестер
Толық

Экономика | ҚР ІІ ші деңгейлі банктерінің банктік тәуекеліндерін басқару(тәуекелдің 1 түрін мысал ретінде

Менің курстық жұмысымның тақырыбы ҚР-ғы банктердің банктік тәуекелін басқаруы . Ол үш бөлімнен тұрады . Бірінші бөлім банктік тәуе-кел жайлы . Банктік тәуекел – жоспарланған қаржылық операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болуы , табыс-тардың толығымен алмауы немесе банктің өз ақша – қаражаттарын жо-ғалту мүмкіндігі . Тәуекел әрқашанда адам қызметінің кез келген аясын-да бірге болады . Тіпті барлық банктік операциялар олардың жүргізілу тәуекелдігімен байланысты , банктік қызметті реттеу және қадағалаудың барлық процесінде коммерциялық банктер тәуекелін қарастыру және оны басқару ең қажетті мәселе болып келеді . Сондықтан тәуекелді қалай бас-қарса қауіп аз болады және тәуекелдің түрлеріне , топтарына қарай жік-телуі деген сияқты сұрақтар осы бөлімде қарастырылады .
Екінші бөлімге банктің ең негізгі тәуекелдерінің бірі несиелік тәуе-келді мысал ретінде алдым . Барлық тәуекелдердің ішінен несиелік тәуе-келді таңдаған себебім , қазіргі кезде банктен несиені алынуын күнделік-ті кездестірудеміз . Сол себепті тәуекелдің осы түрі маған қызықты бо-лып көрінді .
Негізінен несиелік тәуекел деген не?
Несиелік тәуекел дегеніміз - бұл қарызгердің несиелік келісімдегі мерзім мен жағдайларға сай кредиторға деген өзінің міндеттемелерін орын-дамаудың ықтималдығы.
Үшінші бөлімге шетел мемлекеттерінің тәжірибесіндегі банктік тәуекел-ді алдым .....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Мәңгілік елдің ұлы тарихы Қазақ хандығының құрылуы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіздік тізгінін қолға алғаннан кейін, өткенін еске түсіріп, ұлттық мемлекеттілігіміздің қалай, қашан құрылғаны туралы білу маңызды мәселе болып табылады.
ХV - ХVІІІ ғасырда Қазақстанның оңтүстік - шығыс бөлігінде құрылған Қазақ хандығы ірі тарихи оқиға болды. ХІV - ХV ғасырларда Дешті Қышпақ пен Мәуереннахр, Моғолстанда болған этникалық процесстердің дамуы, Еуразиялық шығыс және Орта бөлігіндегі саяси даму Қазақ хандығының құрылуының басты факторы болды. Сондықтан ХІV ғасырда пайда болған Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Моғолстан секілді мемлекеттер жергілікті халықтардың мемлекеті деп есептеледі.
ХV ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен саяси оқиғалар: Мауреннахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтарының мемлекеті Дешті Қыпшақтағы Әбілхайыр хандығы, Жетісу мен шығыс Түркістандағы Моғолстан мемлекеті, Оңтүстік Сібірдегі қалмақ тайпалары, Иран мен Әзірбайжандағы Қара Қоюнлы Әулет арасындағы күрделі саяси шиеленістер.
«Мәңгілік елдің» ұлы тарихында бабаларымыз кең байтақ елін көзінің қарашығындай сақтап қалу жолында күрделі келіссөздер жүргізіп, қасық қаны қалғанша күресіп, бүгінгі Қазақстанның ұлан - ғайыр жерін ерлікпен қорғап қалды. Біз бұл ерлікті ешқашан ұмытпауымыз керек.
Қазақстан Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біздің елі - міз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады.
Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі», – деп атап көрсетті......
Ғылыми жобалар
Толық

Жарқын елдің шамшырағы –жас маман

Адамзат баласының даму тарихы тамырымен тереңге байлап кете бермек. Сонау тас дәуірінен бергідегі сақтарға дейін, одан қалса бүгінгі айбыны асқар,тәуелсіз, егемен ел Қазақстанның күнінде де адамзат баласының бармасына ортақ бір қабілет, бір сезімі бар. Ол – білімге құштарлық, бір нәрсені білуді, тануды қалау сезімі.Қай заманда, қай дәуірде болмасын адам білім іздейді, ізденіске талпынады. Дәл осы білім қуу жолында адамның арқа сүйер жаны мұғалім екені сөзсіз. Бұл мамандықтың қашан пайда болғаны белгісіз. Ол бар еді, бар бола бермек. Тіпті, ұстаздық әлеммен бірге жаратылғандай. Сонау Ескендір Зұлқар....
Шығармалар
Толық

Педагогика | Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты

Кіріспе
Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу - білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.
Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтарына жан-жақты өнегелі тәрбие беру – қоғамымыздың алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі.
Мектеп жеке тұлғаның рухани жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізеді. «Отан - от басынан басталады» дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі - Отан мен ел мүддесі. Бүгінгі өскелең ұрпаққа ғаламдастыру дәуірінде өз халқының төл мәдениеті, тілі мен салт - дәстүрін әр оқушының бойына сіңіре отырып, отансүйгіштікке баулу қазіргі тәрбие жүйесінің өзекті мәселесі......
Ғылыми жобалар
Толық

Экономика | Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері

Кәсіпкерлік қызмет әрқашанда белгісіздіктің үлкен немесе кіші деңгейімен
байланысты болады. Белгісіздіктердің қайнар көздері болып өндірістің
барлық сатылары саналады,яғни қажетті құрал-жабдықтарды сатып алудан тауар өндіру мен өткізуге дейін. Мұндай жағдайда кәсіпкердің әрбір іс-әрекеті қолайсыздықтардың пайда болуына,әр түлі жоғалтулардың болуына (қаржылық,материалды,еңбек және т.б.) әкелуі мүмкін.
Нарыққа қозғалыс ең алдымен экономикалық еркіндікке жол болып
табылады,ал тәуекелді күшейту — кәсіпкерлік еркіндіктің кері жағы және ол үшін өтелетін өзіндік төлем. Дер кезінде тәуекелге бара алатын кәсіпкер табысқа жете алады.Кәсіпкер саналы түрде өзінің іс-әрекетінің рационалды стратегиясын таңдауы қажет: жоғалтатынын біле отырып, тәуекелге бару
немесе тәуекелмен байланысты қызметтен бас тарту . Тәуекел бұл кәсіпкерлік жоспарды және бюджетті орындауда қолайсыз жағдайлардың болу мүмкіндіктері.
Сонымен, кәсіпкерлік тәуекелді кәсіпкердің өз ресурстарының белгілі бір бөлігін жоғалту мүмкіндігімен, яғни қауіп-қатерімен байланысты және
табыс алуы төмендеп, қосымша шығындардың пайда болу нәтижесімен байланысты болатын іс-әрекеттер деп түсінуге болады.
Кәсіпорынның жақсы қызмет етуі үшін кәсіпкер өз жұмыс барысында кездесуі мүмкін барлық тәуекелдердің түрлерін ескеруі қажет.
Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелділік факторы үдей түседі.
Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайлардың болуының
мүмкіндігін көрсетеді.
Нарықтық қатыныстар жағдайында тәуекелдің кәсіпкерлік істегі белгісіздік,күтпегендік,сенбеушілік,болжамдық жетістікке жетуге кедергі
болуы мүмкін.....
Курстық жұмыстар
Толық

Астана

Астана əсем қаласың
Көркейіп жылда барасың
Бауырына тарта бер
Қазақтың əр баласын

Еліміздің Астана мақтанысың
Өзіне мейрімі елдің....
Өлеңдер
Толық

Тәуелсіз елдің баласымын

Мен өз елім Қазақстанды жан-тәніммен жақсы көремін. Біздің еліміз бай, жері кең байтақ. Түрлі ұлттар бір-бірімен тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр. Жыл сайын оқу білім саласы жақсарып......
Шығармалар
Толық