Дүниетану | Кемпірқосақ

Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциялануы мен интерференциялануы нәтижесінде пайда болады.
Кемпірқосақ қалай пайда болады?
Қапырық ыстықтан кейiн, бұлт қоюланып нөсерлетiп жаңбыр жауады. Жаңбыр басылған соң бұлт сейiлiп көкжиектен батып бара жатқан күн көрiнедi. Дәл осы кезде тарап бара жатқан қара бұлт арасынан, жерге қарай иiлген алып доға тәрiздi кемпiрқосақ пайда болады. Оның бір - бiрiмен жарыса астасқан жетi жолағы: Қызыл, ақшыл сары, сары, жасыл, ақшыл көк, көк, күлгiн жетi түске малынған......
Ғылыми жобалар
Толық

Дүниетану | Күнбағыс майының құпиялары

Зерттеу жұмысының мақсаты: Күнбағыс майының зерттеу қасиеттерін анықтау.
Зерттеу жұмысының болжамы:
- Егер де күнбағыс майы өндірілмесе, өмірге, тағамға, емдікке не қолданар еді?
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
Бірінші кезеңде біз күнделікті тағам даярлағанда қолданатын күнбағыс майы жайлы не білеміз? Күнбағыс дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%- ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30 — 36% калий тотығы бар. Рафинацияланбаған май да пайдалы майлардың бірі екендігі белгілі. Рафинацияланбаған май белгілі бір өңдеу сатыларынан өтеді. Оның тұнбасын түсіріп, түрлі сүзгілерден өткізеді. Рафинацияланған май мөлдір және иіссіз келеді. Өндірісте оны толықтай тазартады, сол себепті оның құрамында нашар қосылыстар да, табиғи пайдалы заттар да аз қалады......
Ғылыми жобалар
Толық

Дүниетану | Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері

Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабы.
Бүгінгі заман талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқытудың негізгі мәні, адам тәрбиесі жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында (1997 жылы маусым)», «Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау»- деп айқын көрсетілген жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп негіздің негізі түп қазығы.
Бастауыш сыныптағы әр балаға неке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тәән санасы, еркі, өзінің әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымсын, өмірлік мақсаты мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытыпоны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу оқу үрдісінің жемісі болып табылады.
Оқу үрдісі бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қлғамның түрлі реформаларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде.осыған байланысты оқушыларының танымдық әрекетін белсенділендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып табылады.
Танымдылық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие. Білімді белсендіру мәселесіне байланысты әр еңбектерде таным белсенділігіне анықтама беріледі, оның құрамды белгілері бөлшектеніп мазмұны мен көмегі анықталынады. Таным белсенділігінің мәселесі – педагогикалық зерттеулердің терең негізі екенін атап көрсету керек. Оның зерттеуіне маңызды үлес қосқандар: М.Н. Скаткин,
И.Ф. Харламов, М.А. Даншов, И.Л. Лернер, М.И. Махмутов, Т.Ш. Шашова, Г.И. Щукина, және тағы басқа.
Бүгінгі күн оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін одан әрі жетілдіруді, олармен байланысын нығайтуды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға жетелейді. Уақыт ағымы, ұстаздар қауымына жаңа міндеттер, ауқымды талаптар қойып отыр. Яғни, бүгінгі күн мұғалімдерінің алдында тұрған ең басты міндет – оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыра білу.
Зерттеудің объектісі: Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-тәрбие барысындағы таным белсенділігін жетілдіру.
Зерттеудің пәні: Бастауыш мектептегі 1-сыныптың дүниетану пәні.....
Курстық жұмыстар
Толық

Дүниетану | Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға баулу

КІРІСПЕ
Ерте заманнан-ақ адам өзiн қоршаған дүниенiң заңдылықтарын және өзiн-өзi, өзiнiң табиғатқа, басқа адамдарға қатынасын танып, бiлуге тырысты. Адам өмiрi табиғат аясында өтетiндiктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, iшкi сырын бiлудi ғасырлар бойы арман еткен. Тiпті қоршаған ортаның, табиғаттың сұлу да, әсем көрiнiсi жас нәрестенi де ерiксiз өзiне баулап тандандыра, қызықтыра бiлген. Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткiншектi туған елiнің табиғат әлемiне ендiріп, оның сан - алуан сырларын ұғындыру, таныстыру мәселесi ерте заманның өзiнде-ақ ұлағатты тәлiмгерлер назарында болған. Оған дәлел сонау ертеден-ақ табиғаттың бала жанына тигiзетін әсерiн атақты ойшылдар, философ ғалымдар, әдiскерлер көрiп, байқап, оны iске асыру жолдарын ұсынған.
Оның мөлдiр бастауы ежелгi Греция философиясының биiк шындарының бiрi - ұлы ғұлама Аристотель. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бастауыш, Дүниетану | Жануарлардың тіршілік ортасы. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі (3 сынып)

Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 3 сынып
Пән мұғалімі: Ауелбаева Арайлым
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасы. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жануарлар туралы алған білімдерін топтарға бөліп, үй жануарлары мен жабайы аң, құстардың тіршілігіндегі өзгерістерді ерекшеліктерді танып білу дағдыларын дамыту.
Дамытушылығы: Орманда өмір сүретін аңдар әлемін танып, жануарлардың.....
Ашық сабақтар
Толық