Философия | Әлеуметтік философиядағы Ислам құндылықтары

Кіріспе
1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары өріс алған қоғамдағы келеңсіз жағдайлар батысқа еліктеу, жастарымыздың рухани дүниесінің әлсіреуіне әкелді. Қазіргі таңда көптеген ақпараттарды теледидардан, интернеттен және т. б. алады. Ол жастарымыздың санасын улап жатыр. Сондықтан осы уланған сананы дұрыстау, жақсы тәрбие беру жастарымызға Ислам құндылықтары көп пайдасын тигізеді. Сондықтан Ислам құндылықтары қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Өтпелі дәуірдің тар құрсауынан шығу үшін тек экономикалық өзгерістерге иек арту жеткіліксіз. Ол үшін адам санасын да күрт өзгерту қажет. Жоғары жақтан келетін нұсқауға негізделген менталитетте (ділде) таңдау да, шешім де, шығармашылық пен жасампаздық та жоқ. Авторитарлық әкімшілдік қоғам тұлғасыз қалады, руханилықты (шайтан өрнек) идеология ауыстырады. Осыдан әлеуметтік өмірдің түрлі қырлары тұманданып, өктемдік саясат, бюрократтық жүйе, таптық принцип өз үстемдігін жүргізеді.
Міне осы мәселелерге, әсіресе ұлттық санаға байланысты ұлт құндылықтарына тікелей қатысы бар дүниелер атүсті қарастырылып, жеткілікті дәрежеде назар аударылмай келеді. Мұның барлығы тіліміз бен дінімізден қол үзуге, ой-санамыздың өзгеруіне, тіпті мәңгүрттене бастауымызға, ұлттық тәрбиенің өзіндік нәрін жоғалтуға алып келді. Ал, қазір егемендік алып, өткеніне оралып, жоғалтқанын қайта тауып, көнергенін жаңартып, ХХІ-ғасырда “өзге дамушы елдер үшін үлгі боларлықтай” дәрежедегі Орталық Азия Барысына айналғалы отырған Қазақстан үшін өткен тарихын ой көзімен бір шолып қарап, өз тарихындағы пайдалы дүниелерді қажетіне жарату, жаңғырту қажеттігі туып отыр. Өткеннің озық философиялық дәстүрін оқып-үйренудің тарихымызды тануға, қоғамдық сананың даму заңдылықтарын білуде, қазіргі философиялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде, оларды жүзеге асыруда, ұлт менталитетінің қалыптасуында маңызы зор болмақшы. Өйткені елдің экономикалық мүдделерінің дұрыс шешімін табу үшін де алыс-жақындағы мемлекеттердің бізді танығаны, сыйлағаны керек. Ал осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың сенімді жолы - тағылымды тарихтың, озық ғылымның, өрелі мәдениеттің иесі болу.
Ал, ислам құндылықтарының қазақтың тарихы мен мәдениетімен тамырластығы, сабақтастығы дау тудырмайтын ақиқат. Бұған қазақтың бүкіл әдет-ғүрыпы, салт-дәстүрі, қанатты ойлар, адамгершілік, ізгілік, имандылық идеяларының өзінің түпкі тамырын сақтап, мұсылмандық құндылықтармен үндестігі және бар болмысымен соған негізделгені дәлел.
Ислам құндылықтары өзінің ізгілік пен әділеттілікке, адамдардың теңдігі мен бостандықтарына басты назар аударатындығымен, қарапайым, сонымен бірге терең сырлылығымен, және әмбебаптығымен, мәдени-этикалық идеяларының жүйелілігімен, өміршеңдігімен дараланады.
Егемендікке қол жеткізген тәуелсіз мемлекетіміздегі қоғамдық-тарихи әлеуметтік саяси жағдайларға байланысты болып жатқан өзгерістер барысында туындап жататын қайшылықтарды шешу, өз жолын, өз идеяларын нақтылау мен дамыту, дүниетанымдық қағидаларымызды айқындау, ұлттық сананың өсуі, халықтың рухани бастауларына көңіл аударуы және үзіліп қалған идеялық жалғастылықты іздеу, толықтыру, жаңа қоғамдағы жеке адамдардың нақтылы әрекеттері мен қоғамдық ойларын жаңылмай саралау кезінде Ислам құндылықтарын талдау, оның жалпыға ортақ рухани маңызды, өміршең идеяларын айқындап көрсету Қазақстан қоғамы үшін өзекті де қажетті толықтыру болмақ. Исламның қоғамдағы рухани-мәдени құндылықтарын қазіргі маңыздылығын зерттеудің қажеттігін осыған тірейміз.....
Дипломдық жұмыстар
Толық