Аспап жасау | Фонтандық насоспен автоматтандырудың сандық жүйесін құрастыру

Кіріспе
Автоматтандыру күн сайын өндірістік қызметте және қоғамның
өмірінде оның өсуші қажеттіліктерін қанағаттандыруда үлкен рөл алады.
Автоматтандыру басқару құралдары мен тәсілдерін, жобалау, жасау және
жаңартуды қоса отырып, техникалық концепцияларды, автоматтандырылған
объектті реттеуді өз ішіне алады. Өндірісті автоматтандыру міндеті
қарапайым және күрделі объектілерді басқару концепциясын жасау және
жүзеге асыру болып табылады. Автоматтандыру міндеті қарапайым және
күрделі объектілерді жобалау және эксплуатацияға енгізгу болып табылады.
Автоматика қамтамасыз етеді: белгілігі бір берілген критерийлер бойынша
процестерді оңтайландыру, болжап болмаған немесе адам денсаулығы үшін
қауіпті жағдайлардан қорғау, өндірісті адамды қолдау және көмк көрсету.
Бүгінде автоматтандырусыз болмайтын - тұрмыста қолданылатын
қарапайым құралдардан басталып, үлкен өнеркәсіптік өндіріспен аяқталатын
техникалық процестер дерлік қалған жоқ. Тұрмыста қолданылатын көптген
техникалық құрылғылар оларда қолданылатын автоматиканың арқасында,
күнделікті өмірде қауіпсіз әрі комфортты жағдайларды қамтамасыз етеді.
Автоматтандыру жаңа өнеркәсіптік
технологиялар мн тәсілдерді
оңтайландыру, жасау және қолдану үшін жетекші тәртіп. Жаңа технологиялар
мен тәсілдер автоматтандырусыз қол жеткізілмейтін мүмкіндіктерге
негізделеді. Автоматтандыру жаңа технологияларды жаңашаландыру және
жақсартуға ықпал етеді және де өндірісі жаңа мүмкіндіктерге бейімдейді[1].
Фонтанды автоматтандыру адамды қиын әрі қайталанатын физикалық
еңбектен босатады, адам өзінің қатысуымен қамтамасыз ете амлайтын
сенімділік, нақтылық, үнемділік және жылдамдықпен өндірістің жұмысын
қамтамасыз етеді.
Фонтан – жоғарыға қарай көтерілетін ағындардың, қозғалмалы және
төмен түсетін судың жылтыры мен көбігінің арқасында декоративтік
эффектке ие жасанды су құрылғысы. Фонтанның техникалық құрылғысы су
арыныны реттеу және суды жүргізетін түтіктердің шығару тесіктерінде
әртүрлі қондырмаларды қолдануға негізделген күрделі инженерлік
құрылыстар тұрады.
Суды қабылдау және жібер, құрылғыны авариядан қорғау бойынша
фонтанды автоматтандыру және механизациялау операциялары да
фонтандардың тиімді әрі үнемді қолдануға қол жеткізуге ықпал етеді.
Фонтанты автоматтандыру көлемі өз ішіне алады: құбырлардағы қысым,
бассейнге құйылудан автоматты қорғау, суды құйғанда және ағызғанда
бағдарламалық ауыстырып-қосылу.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі фонтан объектілерні жасау үшін
заманауи ақпараттық қосалқы жүйелерді қолдануға негіздледі, бұл жоғары
сапалы өнімді алуға, өндірісте кідірістер мен қол еңбегін азайтуға әкеледі, бұл
біршама экономикалық пайда әкеледі және қауіпсіз әрі өнімді өндірісті
қамтамасыз етеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық