Психология | Конфликт барысындағы этностық ерекшеліктер

КІРІСПЕ
Өзектілігі. Қазақстан Республикасы – көпэтносты мемлекет. Кез келген ұлттық мемлекет оны құрған негізгі ұлттың өзге этникалық топтар алдындағы басымдығын таныту құралы емес. Адамзат тарихында мемлекет этностардың бір-бірімен өзара әсерлесу мүмкіндігі көбейген кезде, белгілі бір ұлттың бірегейлігін (аумағын, дінін, тілін, мәдениетін т.б.) аман сақтап, дамыту қажеттігіне орай пайда болған.
Қазақстан Республикасы да, ең алдымен, сан ғасырлық тарихы бар қазақ ұлтының бірлігі мен бірегейлігін сақтап, дамытуға қызмет етеді. Мұның өзі өзге этникалық топтар мәдениетіне қысым жасалады деген сөз емес. Керісінше, олардың да төл мәдениеті дамып, әрі Қазақстанның мәдени дамуына бір бұлақ болып қосылып, әрі біздің өзге халықтармен (әлгі этникалық топтардың атамекендерімен) мәдени байланыс жасауымыздың тиімді арнасына айналуы қажет-ақ. Ал енді қоғамдағы әлеуметтік құндылықтар, жеке адамдардың бостандықтары мен құқықтары мәселесіне келсек, біздің еліміздің азаматтарының бәрі этникалық тегіне, дініне, т.б. қарамастан, бәрі де тең құқылы, бәріне де тең мүмкіндіктер берілген. Мұның өзі қазақстандықтарды іштей топтастыруға, ортақ Отанымыздың болашағы мен бүгінгі мүддесі жолында бірігуімізге, сөйтіп, бірте-бірте бірегей қазақстандық ұлтқа айналуымызға ықпал етеді.
Қазақстан қазір демократиялық даму жолына түсті. Демократияның ең жоғарғы құндылығы − адам. Қазір өзгерістің бәрі және қол жеткен жетістіктеріміз сол адам үшін, адамның игілігі үшін жасалып жатыр. Сондықтан ұлт саясатындағы маңызды мәселелердің бірі − азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді орнықтыру. Бұл келісім халықтардың экономикалық тиімділігі мен мәдени даму ұлттық ерекшеліктер мен ұлттық мүдделерді, тілдің еркін қолданылуын, ұлттардың бір-біріне деген құрметін қамтамасыз етеді. Әрбір ұлттың өз ерекшелігі бар. Сондықтан ұлттық қарым-қатынасты жан-жақты дамыта отырып, әрбір халықтың өзіне тән тарихи қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтап, байыта түсуге толық жағдай жасалған. Мұны біздің республикамызды мекендейтін ұлттардың өкілдері күнделікті тұрмыстарында сезіне түсуде.
Теориялық маңыздылығы. Қазір әлемнің түкпірінен қырғын оқиға мен келеңсіз жәйт тудырған «өркениеттер қақтығысы» деп те аталып жүрген қақтығыстарды біздің елде болдырмай, алдын алып отырған елдігі сындарлы саясаттан хабар береді. Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынас мәселесі өзара сыйластық, наным мен толеранттылық негізінде болып отырған ұлтаралық және конфессияаралық диалог негізінде құрылған.
1996 жылы желтоқсанда Швейцарияда Қазақстандағы ұлт саясаты туралы дөңгелек үстел болып, онда «ҚР басшылығы елдегі барлық этникалық топтардың мүддесін көздеген оң саясатты іске асыруда, ол халықтар арасындағы татулықты қамтамасыз етіп отыр», − деп атап көрсетіліп, қорытынды жасалған.
2006 жылғы 25-маусымда бекітілген «Азаматтық дамудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы», 2006 жылдың 28-маусымында Үкімет бекіткен «Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» мемлекетіміздегі ұлттық саясатты жүргізудің ең маңызды құжаттары болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық