Экономика | Жергілікті шаруашылықты басқарудың механизмдері

1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп бекітілген.
Осыған орай, елімізде түбегейлі экономикалық және саяси қайта құрылыстар жүргізілуде, мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік пайда болып, дамуға байланысты, шаруашылықты жүргізу мен халықтың әл-ауқатын жақсарту нарықтық қатынастарға негізделетін, мемлекет экономика мен әлеуметтік-мәдени салаларын тікелей басқарудан бас тартып, оларды негізінен құқықтық реттеумен және заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бақылаумен шектелетін болғандықтан халықтың қолданылып жүрген заңнамаларды білу құштарлықтары арта түсуде.
Қазіргі кезде экономикалық және қоғамдық–саяси жүйелерінің өзгерісі жергілікті басқару органдарының құрылуы мен дамуына тікелей байланысты. Қазақстанның соңғы жылдардағы тәжірибесі жергілікті шаруашылықты басқару бүгінгі күні экономикасы нарықтық, әлеуметтік бағытталған, құқықтық және демократиялық мемлекетті құруда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Сонымен қатар мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз етуде және күрделі ішкі проблемаларды шешуде аймақтық және жергілікті деңгейлерде басқарудың маңызы зор екенін елде қалыптасқан жағдай дәлелдейді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық